Понедельник , 6 июля 2026

Өнер – ұлттың мәңгілік тілі

Әрбір ел мен ұлт­тың елтаң­ба мен туы­нан бөлек мақтан тұта­тын асыл мұра­лар бар.Ұлттың руха­ни кел­бетін аны­қтай­тын да,оны қуат­ты ететін де өнер.Және әр ел өзінің өзге­шелі­гі­мен ерекшеленеді.Ғасырлар өтеді,дәуірлер өзгереді,бірақ халы­қтың жаны оның мәде­ни­етін­де өмір сүреді.Сондықтан өнер әсем­дік­пен қатар,ұлттың тари­хи жадын, дүни­е­та­ны­мын және руха­ни құн­ды­лы­қта­рын сақтай­тын мәң­гілік тіл болып саналады.Өнері өркен­де­ген елдің рухы да асқақ, мәде­ни­еті дамы­ған қоғам­ның бола­шағы да баян­ды бола­ды деп атап кет­кен бабаларымыз.

Нелік­тен Қазақ ұлт­тық өнері ел буы­нын­ның жүре­гі­нен орын алып,тарихи тереңді­гі­мен және көпқыр­лы­ғы­мен ерекшеленеді?

Бұл сұраққа жау­ап іздегенде,ең алды­мен, өнер мен мәде­ни­ет­пен танысып,халықтық табиғатқа тоқта­лу қажет.

Өнер адам­ның эсте­ти­ка­лық талға­мын қалып­та­сты­рып қана қоймайды,оның ой-өрісін кеңейтеді,жүрегіне ізгілік ұяла­та­ды және өмір­ге деген көзқа­ра­сын байытады.Бір ғана күй ғасыр­лар бой­ғы тарих­ты сөз­сіз жет­кі­зе алады,бір ғана өлең тұтас дәуір­дің тыны­сын сезіндіреді,ал бір ғана сурет адам­ның жан дүни­есін­де терең толға­ныс туды­руы мүмкін.Сондықтан өнер сезім мен сана­ны ұшта­сты­ра­тын ерекше құбы­лыс деп білуі­міз керек.

Қазақ халқы­ның руха­ни әле­мін­де өнер­дің орны айрықша.Домбыраның күм­бірі, жыра­у­лар­дың дана­лы­ғы, айты­стың шешен­ді­гі, халық әндерінің сыр­шыл­ды­ғы мен қолө­нер­дің нәзік өрнек­тері халқы­мы­здың өмір сал­ты мен дүни­е­та­ны­мы­ның көрінісі.

Ұлт рухы­ның үніне айналған аспап­пен таны­сай­ық. Дом­бы­ра – қазақ халқы­ның руха­ни бол­мысы­ның ажы­ра­мас бөлігі.Шілденің алға­шқы жек­сен­бісін­де “Ұлт­тық дом­бы­ра күні” ата­лып өтеді.Халық ара­сын­да «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – дом­бы­ра» деген қанат­ты сөздің кең тара­луы да бекер емес. Дом­бы­ра­ның қос іше­гі­нен төгіл­ген әрбір күй ұлт­тың азатты­ғы мен арма­нын үнсіз сөй­лет­кен руха­ни шежі­ре іспетті.Қазақ күй өнерінің биік шыңы­на көтеріл­ген Құр­манға­зы Сағыр­бай­ұлы­ның «Сары­арқа», «Адай», Дәу­лет­ке­рей Шығай­ұлы­ның терең фило­со­фи­я­лық күйлері,Тәттімбет Қаза­нға­пұ­лы қалып­та­сты­рған шерт­пе күй дәстүрі, Дина Нұр­пей­і­со­ва­ның орын­да­у­шы­лық мек­тебі халқы­мы­здың музы­ка­лық мәде­ни­етінің алтын қазынасы.Күй өнерінің төк­пе және шерт­пе мек­теп­терінің қалып­та­суы қазақ музы­ка­сы­ның орын­да­у­шы­лық дәстүрінің бай­лы­ғын айқын көрсетеді.Бүгінде қаза­қтың күй өнері ұлт­тық мәде­ни мұра­мен қатар,әлем жұрт­шы­лы­ғы мой­ын­даған руха­ни құн­ды­лы­қтар­дың біріне айна­лып отыр.

Бұл мұра ғасыр­лар бойы ұрпақтан ұрпаққа ама­нат ретін­де жетіп, ұлт­тық бол­мыстың ажы­ра­мас бөлі­гіне айналды.Сондықтан ұлт­тық өнер­ді сақтау – өткен­ді дәріптеу,болашақтың руха­ни іргесін нығай­ту маңызды.

Әде­би­ет өнер­ді қалып­та­сты­ру­шы элемент.Көркем шығар­ма арқы­лы адам өз дәуірінің тыны­сын сезінеді.Ұлы ойшыл­дар­дың еңбек­тері оқыр­ман­ды тек білім­ге жетелемейді,сонымен бір­ге ар-ождан,әділдік, мей­ірім және жау­ап­кер­шілік тура­лы терең ойға жетелейді.Сондықтан кітап оқу адам­ның руха­ни кемел­де­нуіне бастай­тын маңы­зды жол.Қазақ әде­би­еті де ұлт руха­ни­я­ты­ның сарқыл­мас қай­нар көзі болып саналады.Абай Құнан­бай­ұлы­ның қара сөз­дері адам бол­мысы мен білім­нің қадірін терең түсін­дір­се, Шәкәрім Құдай­бер­діұлы­ның шығар­ма­ла­ры ар-ождан мен әділет ұғым­да­рын жаңа қыры­нан танытты.Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы қазақ тіл білі­мінің негізін қалап, ұлт сана­сы­ның жаңғы­руы­на өлше­усіз үлес қосты. Ал Мұх­тар Әуе­зо­втің «Абай жолы» роман-эпо­пе­я­сы қазақ әде­би­етін әлем­дік дең­гей­ге көтеріп,халқымыздың тарихы мен мәде­ни­етін дүние жүзіне таны­тқан біре­гей туын­ды­ға айналды.Осындай мұра­лар арқы­лы әде­би­ет өткен­ді таны­тып қана қоймай,әр ұрпақтың руха­ни дүни­есін бай­ы­тып келеді.

Мәде­ни­ет қоғам­ның өрке­ни­ет­тік дең­гей­ін айқын­дай­тын басты көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі.Театрлар, мұра­жай­лар, кіта­п­ха­на­лар, кон­церт зал­да­ры мен шығар­ма­шы­лық орта­лы­қтар ұлт­тық сана­ны қалып­та­сты­ра­тын руха­ни кеңістіктер.Осындай орын­дар­да өске­лең ұрпақ өнер­дің құдіретін танып,шығармашылық ойлау қабілетін дамы­та­ды. Ал шығар­ма­шы­лық ғылы­ми жаңа­лы­қтар­дың және қоғам­дық даму­дың маңы­зды қозға­у­шы күші.Қазақстандағы кәсі­би театр өнерінің қалып­та­су тарихы да ұлт­тық мәде­ни­ет­тің жарқын бет­терінің бірі. 1925 жылы Қызы­лор­да қала­сын­да алға­шқы қазақ ұлт­тық кәсі­би теат­ры­ның іргесі қала­нып, 1926 жылы оның шымыл­ды­ғы ресми түр­де түріл­ді. Кей­ін ел аста­на­сы­ның Алма­ты­ға көшірілуіне бай­ла­ны­сты театр да жаңа шаһарға қоныс ауда­рып, бүгін­гі Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы Қазақ ұлт­тық дра­ма теат­ры­ның негізіне айнал­ды. Ал 1934 жылы Алма­ты­да Абай атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік опе­ра және балет теат­ры ашы­лып, ұлт­тық сахна өнерінің жаңа дәуірі басталды.Бұл мәде­ни ошақтар тек өнер орда­ла­ры емес, халқы­мы­здың руха­ни дүни­есін байытып,ұлттық мәде­ни­ет­тің дамуы­на өлше­усіз үлес қосқан қаси­ет­ті орын­дар саналады.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 37-бабы­на сәйкес,әрбір аза­мат тари­хи және мәде­ни мұра­ны сақта­уға, тарих және мәде­ни­ет ескерт­кі­ш­терін қорға­уға міндетті.Бұл талап мәде­ни­ет­ті қорға­удың тек мем­ле­кет­ке ғана емес,бүкіл қоға­мға ортақ жау­ап­кер­шілік екенін көрсетеді.Өйткені мәде­ни мұра сақталған жер­де халы­қтың тари­хи жады мен ұлт­тық бол­мысы да сақталады.

Бүгін­гі цифр­лық дәуір өнер­ге жаңа мүм­кін­дік­тер ашты.Жас сурет­шілер, музы­кант­тар, жазу­шы­лар мен режис­сер­лер өз шығар­ма­ла­рын әлем­ге еркін таны­сты­ра ала­ды. Алай­да тех­но­ло­гия қан­ша­лы­қты дамы­са да, нағыз өнер­дің басты мақ­са­ты өзгермейді.Мақсаты адам­ды ойлан­ды­ру, жүре­гіне жол табу және қоғам­ды ізгілік­ке баста­удың жанын­да өрбейді.

Қоры­тын­ды­лай келе, өнер, әде­би­ет, мәде­ни­ет және шығар­ма­шы­лық – ұлт­тың руха­ни дамуы­ның төрт алтын тірегі.Экономикалық жетістік мем­ле­кет­ті бай­ы­та­ды, ал мәде­ни­ет халы­қты байытады.Сондықтан өнер­ді қол­дау – талант­ты ғана емес, тұтас ұлт­тың руха­ни бола­шағын қол­дау деген сөз. Өнер­ге құр­мет көр­сетіл­ген қоғам­да адам рухы биік­тей­ді, ал рухы биік халы­қтың бола­шағы әрқа­шан жарқын болады.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн