Четверг , 1 октября 2026

САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ

Әле­умет­тік желі беті­нен кей­бір ана­лар­дың ашы­нып үн қатып, пети­ция ұйым­да­сты­ру керекті­гі жай­ын­да гәп көтеріп, жанай­қай біл­діріп жатқан­да­рын бай­қап қал­дық. Әзір­ге ғазиз ана­лар ғана. Бұл – атал­мыш шараға өзге­лер қосыл­май­ды деген­ді біл­дір­ме­се керек. Жал­пы, ұл-қыз өсіріп оты­рған жан­дар­дың ең осал жері – бауыр еті баласы.

Маңғы­ста­уда әске­ри-теңіз күш­терінің кезек­ті жат­ты­ғуы кезін­де орын алған оқыс оқиға ана­лар­дың жүре­гін­де бұй­ы­ғы жатқан секем­шіл сезім­ді тұтқиыл­дан селт еткізіп, ұл өсіріп оты­рған бүкіл ата-ана­ның жанын қанын сорға­ла­тып, осып өткені анық. Сон­ды­қтан шығар, бәрі біра­уы­здан: «Әскер­ге бала бер­мей­міз!» – деп жатыр. Шынын айтқан­да, бұл – ойда жоқта соғы­лған қоғам­дық қоңы­рау. Қай­ғы­дан қан жұтып, жылап қалған, соның сал­да­ры­нан ішкі қорқы­ны­шта­ры үдеп, аяқта­рын тар­тып алған­дарға кім бол­са да «бұла­рың дұрыс емес» дей алмас. Бір емес, екі емес, әлгін­дей тіз­бек­ті келеңсіз жағ­дай­лар­дан кей­ін кім әскер­ге көзінің ағы менен қара­сын оңай жібе­ре сал­мақ? Бірақ қай мем­ле­кет­тің де әске­ри қорға­ныс күші бол­ма­са, жастар әскер қата­ры­на бар­ма­са, ортақ Отан­ды, қаси­ет­ті қазақ жерін кім қорғамақ?

Алай­да сол, басы­ң­ды бәй­ге­ге тік­кен мем­ле­кет­тің қорға­ныс жүй­есі сенің қара басы­ң­ды кәдуіл­гі бей­біт күн­де сақта­уға қауқар­сыз бол­са ше? Ал Ота­ның үшін отқа түсе алма­саң, түбін­де қыл­ша мой­ны­ңа бодан­ды­қтың ажы­рғы­сы ілін­бек. Былай тарт­саң – өгіз өледі, былай тарт­саң – арба сына­ды! Қалай десек те, кім-кім үшін де мей­лін­ше ойла­на­тын­дай, көп нәр­сені ақыл без­беніне салып, қай­та сал­мақтай­тын­дай-ақ жағдай.

Аху­ал­дың мүш­кіл­ді­гіне әбден көз жет­кіз­ген соң да шығар, Пре­зи­дент «бей­біт күн­де он төрт сар­ба­з­дың өмірін жал­маған қай­ғы­лы жағ­дай­ды қыл­мыс ретін­де» бағалады.

Жал­пы, Қаза­қстан­ның Қорға­ныс күш­терінің қай сала­сы­на бол­сын, түбе­гей­лі рефор­ма жасау керекті­гі жай­ын­дағы атал­мыш өзек­ті мәсе­лені тек ана­лар қауы­мы ғана емес, жал­пақ жұрт қос қолын көтеріп қол­дап отыр. Ушы­ққан жағ­дай, әскер қата­рын­дағы сар­ба­з­дар ара­сын­да орын алып келе жатқан ірілі-уақты үздік-создық шытыр­ман оқиға­ларға толы жағ­да­ят­тар түбі осын­дай әре­кет­ке маң­дай тіре­рі анық еді.

Өйт­кені ешкім­де басы артық бала-шаға жоқ, болған да емес. Баяғы­дай шұбыр­тып бала таба­тын алтын құр­сақтар­дың қара­сы ұзап кет­кен. Бүгін­гі қала жағ­дай­ын­да, тіп­ті дала қаза­ғы­ның ара­сын­да да әр отба­сын­да әрі кет­се – екі-үш бала. Соның ішін­де­гі жалғыз тұқым жалға­рың қан­дай да бол­сын оқыс жағ­дай­дың құр­ба­ны бол­са, онда кешіріп қой. Жал­пақ жұрт Отан қорғау ұғы­мын ойдан шыға­ра­ры анық. Тіп­ті он бала­сы болған күн­нің өзін­де, әрқай­сысы бір жалғы­зды өлім­ге қай­тып қияр­сың? Бей­біт күн­де пер­зен­ті­нен айы­ры­лу­дан артық қасірет жоқ. Алды кеше, елге кел­ген індет­тің кезін­де бауыр еті­міздің бір жапы­рағын жұлып, жаны­мы­зды жұлым-жұлым етті!

Айна­лай­ын­ның жарқын жүзі ойға оралған сай­ын, бай­ғұс жүрек қан жылап, дүни­е­ден түңі­ле бастай­сың. Сыр­тың бүтін болған соң, былай­ғы жұрт сенің ішің­де не болып жатқа­нын қай­дан біл­сін? Бұл да сол – қаза­қстан­дық ден­са­улық сақтау жүй­есін­де­гі салғырт­тық пен дер кезін­де індет­ке қар­сы сау­ат­ты әре­кет жасай алмаған маман­дар­дың әлсізді­гі сал­да­ры­нан орын алған жағдай.

Ауыр да бол­са айтай­ын, алдын­дағы әлпеш­теп сүй­ген бала­сы өлме­ген, жал­пы, ізі­нен пер­зент ерме­ген, ұлын әскер­ге ама­натқа беріп көр­ме­ген мұң­сыз пен­де бала­ның қадірін білуі екіта­лай! Әрине, әскер болған соң, талай оқыс жағ­дай­лар болып, ойда жоқ нәр­се­лер орын алып жатуы бек мүм­кін. Десе де, енді­гі жер­де Қаза­қстан­ның Қорға­ныс күш­тері сала­сын­да орын алып келе жатқан бұл шытыр­ман жағ­дай­дың бір жағы­на шық­па­са, қыл­мыс тоқта­май­ды. Сол себеп­ті Үкі­мет дең­гей­ін­де жүр­гізіліп жатқан тек­серістің қоры­тындыс­ы­нан былай­ғы жұрт­тың үміті зор. Негізі, мұн­дай бақы­лау жүй­есі түбе­гей­лі жолға қой­ыл­са, кәне.

Еркек кін­дік­ті ата­у­лы Отан алдын­дағы қаси­ет­ті боры­шын тең өтеу үшін әскер қата­ры­на түр­лі дең­гей­де­гі шен­ді, шек­пен­ділер де бала­ла­рын жібе­ру­лері керек. Солай еткен­де ғана қоғам­да теңдік пен әділ­дік орнай­ды. Көр­сін олар да, пер­зен­ті үшін сәт сай­ын тақы­мын қысып, шыбын жанын шүбе­рекке түй­іп шырыл­дап, иненің ұшын­да тұрған­дай безек қағып оты­ру­дың не екенін!

Пре­зи­дент алды­мен осы жағ­дай­ды қапер­ге алса игі. Өйт­кені күл­лі Қаза­қстан халқы ұлты­на, жыны­сы­на, діни һәм дүни­я­уи наным-сені­міне қара­ма­стан, Ата заң – Кон­сти­ту­ция алдын­да тең. Сол үшін де, егер әске­ри боры­шты «мін­дет­ті» деп тани­тын бол­сақ, жау­ап­кер­шілік­тің де жүгі жал­пы­ға бір­дей ортақ болуы тиіс. Содан соң әске­ри қыз­мет «бұй­рық беру мен сол бұй­ры­қты мүл­тіксіз орын­дау» дей­тін қасаң қағи­дат қай­та қара­лып, әске­ри нано­тех­но­ло­гия жетіл­дірілуі керек.

Иә, Құдай бетін әрі қыл­сын, соғыс жағ­дай­ын­да, сөз жоқ, бұй­рық орын­да­ла­ды. Ал бей­біт күн­нің су жаңа Қорға­ныс күш­тері мини­стрі алды­мен қаси­ет­ті әске­ри боры­шын өтеп жүр­ген қатар­дағы әр сар­ба­з­ды – ұлда­ры­мы­зды отба­сы­на дені сау, қол-аяғы бүтін күй­де қай­та­ру­ды қам­та­ма­сыз етіп, мем­ле­кет­тің аты­нан ама­натқа алған бала­сын ата-ана­ның қолы­на аман-есен тап­сы­руы тиіс. Әр қаза­қтың бала­сы, кәме­лет жасы­на толған сана­лы қаза­қстан­дық Отан-Анаға қал­тқы­сыз қыз­мет ету­ге әзір, әске­ри боры­шын да өте­уден бас тартпайды!

Сол үшін де Кон­сти­ту­ци­я­ның, аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры­на кепіл­дік ететін тұлға әске­ри боры­шты мін­дет­теу үшін, алды­мен әскер­де­гі әр ұлан­ның қауіп­сізді­гін сақта­уды басты мін­дет­ке айнал­ды­рып, жеке бақы­ла­у­ы­на ала­тын кез кел­ді. Сон­да ғана Қорға­ныс күш­терінің қай сала­сын­да бол­сын салғырт­тық бол­май­ды. Елі­міз бей­біт, әскер қата­рын­да жүр­ген ұлан­да­ры­мыз аман, мем­ле­кеті­міздің іргесі бүтін болғай!

Берік ЖҮСІПОВ

Республиканский еженедельник онлайн