Четверг , 5 ноября 2026

«ҚАЖЕТТІ» ҚАЛАЙ ҚОЛДАЙМЫЗ?

Жуы­қта ғана пай­да болған Qajet taxi жоба­сы­ның баста­ма­шы жігіт­тері­мен жолы­ғы­стық. Ресей­де­гі «Яндекс» оқиға­сы­нан кей­ін, бөтен­ге кіріп­тар бол­май, өзі­міз­де ұлт­тық тасы­мал жүй­есін құрай­ық деп, жедел іске кіріс­кен энту­зи­аст-пат­ри­от аза­мат­тар­ды бүкіл ел болып қол­дау керек-ақ болып тұр.

Бұған дей­ін осы қол­да­удың жете­гі­мен Көлік мини­стр­лі­гін­де бірер аза­мат­ты сөз­ге тар­тқан едім. Оба­лы не керек, бой­ын­да ұлтқа деген қаны бар жігіт­тер елдік дер­бес жүй­ені жүр­гі­зе жөне­лу­ге осы қолай­лы сәт­ті шұғыл пай­да­ла­ну қажет­ті­гі туып тұрға­нын айтып отыр.

Сол кез­де­су­ден не тұжы­рым түй­дік? Бүгін­гі капи­тал биле­ген заман­да нары­қта тұрақты жұмыс істеп тұрған субъ­ек­тіні адми­ни­стра­тив­ті жол­мен ығы­сты­руға нарық заңы мүм­кін­дік бер­мей­тін көрі­неді. Қара­пай­ым мысал­мен айтқан­да, «Кока-кола» сияқты тран­сұлт­тық ком­па­ни­яға айна­лып бара жатқан Яндекс-мон­стр­ды бір ғана энту­зи­азм­ның күші­мен алма­сты­ру оңай іс емес екен. Бұл ара­да монстр-тасы­мал­да­у­шы­ға нарық тәр­тібі жәр­дем жасайды.

Яғни, «Яндекс» нары­қта енді ғана пай­да болған жаңа ком­па­ни­я­ны баға тари­фін мей­ілін­ше түсі­ру арқы­лы жан­шып тастай­ды. Оның үстіне өздеріне тір­кел­ген тасы­мал­да­у­шы так­си­стер­ге берілетін жеңіл­дік бону­стар­ды да арт­ты­рып, нары­ққа енді кір­ген жаңа ком­па­ни­я­ның рен­та­бель­ділік­ке жетуіне мүм­кін­дік бер­мей­ді. Өткен жыл­да­ры ашы­лған қытай­лық тасы­мал­да­у­шы­ны «Яндекс» осын­дай нарық нұсқа­сы­мен ноқта­лап тастаған.

Амал жоқ, бұл – кон­ку­рент­тік орта­ның заңы! Бірақ Qajet taxi жоба­сын ашқан біздің жігіт­тер жанып тұр. Халы­қтың да қол­да­уы жаман емес: қазір­дің өзін­де Qajet-ке 250 мың­нан астам адам тір­кел­ген екен. Бұл – айна­ла­сы оншақты күн­нің ішін­де­гі қолдау!

Енді тек оларға ұлт­тық тасы­мал­да­у­шы­ны демей­тін тиісті мемор­ган­дар тара­пы­нан қол­дау керек! Әрине, Үкі­мет тіке­лей (целе­на­прав­лен­ный) суб­си­дия бөле алмай­тын шығар. Егер емен есік­ті үлкен каби­нет­тер­де сая­си шешім шыға­тын бол­са, бұл мәсе­лені де еңсе­ру қиын болмас…

Соны­мен бір­ге ұлт­тық бренд­ке мүд­делі бол­сақ, анти­мо­но­по­ли­я­лық заң­на­ма­ның тиісті нор­ма­ла­рын пай­да­ла­ну арқы­лы отан­дық тасы­мал­да­у­шы­ны қол­дау теті­гін табуға бол­са керек. Ресей­лік «Күн­делік» қосым­ша­сы­нан құты­лға­ны­мыз сияқты «Қажет­тің» елдік мүд­де­ге қажет­ті жігіт­терін қол­дау арқы­лы ұлт­тық ком­па­ния құру – біздің мем­ле­кет үшін шырт түкіру­мен бір­дей болмақ.

Бұған түрт­кі бола­тын себеп-сал­дар­ды да Құдай беріп тұр: қаза­қстан­дық халы­қтың сан­дық-цифр­лық жеке деректерін қорғау қажет­ті­гін пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі туып тұрған жоқ па?! Мек­теп оқу­шы­ла­ры мен ата-ана­лар­дың жеке бас деректері «Күн­делік» арқы­лы сыр­тқа «ағып жатыр» деп, Пар­ла­мент Мәжілісін­де депу­тат­тық сау­ал ретін­де сөз еткен­де, мен дәл осы жеке деректер­ді қорғау – ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі екенін көл­де­нең тар­тқан едім…

Ал Qajet taxi жоба­сын біздің халық қалай қол­дай ала­ды? Біз елдік мүд­дені сыр­тқы қатер­ден қай­тіп қорғай­мыз? Менің­ше, бұл тіп­тен оңай, оған Үкі­мет­тің иша­ра­сы қажет те емес! Ол үшін біздің әрқай­сы­мыз Qajet taxi қосым­ша­сын жүк­теп алып, тек қана «Қажет­ке» тап­сы­рыс бер­сек – болғаны!

Бұл біздің ұлт­тық жобаға құй­ған халы­қтық суб­си­ди­я­мыз бола­ды да шыға­ды! Ел эко­но­ми­ка­сы мен халы­қтық мүд­дені елдік инве­сти­ци­я­мен қар­жы­лан­ды­ру деген осы!

Енде­ше алға, ағай­ын! Qajet – біз­ге қажет!

Ермұрат БАПИ, «Халық Кеңесінің» мүше­сі

Республиканский еженедельник онлайн