«ХАЛЫҚ БИЛІГІ» сайлауды кейінге шегеруді ТАЛАП ЕТТІ

  • Осы жылғы күзде құрылған «Халық билігі» қозғалысының (бастапқы атауы «Ел бірлігі») өкілдері билікке үндеу жолдап, 10 қаңтарға белгіленген мәжіліс және мәслихат сайлауын кейінге шегеруді талап етті.

Сейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз жиыны кезінде қозғалыс мүшелері «тек билікті сақтап қалудың амалымен қабылданған сайлау мен саяси партиялар туралы заңнама халықтың қоғамдық мүддесіне қайшы келетіндіктен, сайлау өткізуі заңсыз болады» деп мәлімдеді. «Бұл заңдарды түзетпейінше, сайлау әділ өтпейді» дейді қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы.

Баспасөз мәслихатына қатысқан мемлекет қайраткері БалташТұрсымбаев, ғылым докторы Есенғазы Қуандық, елге етене танымал журналист Гүлжан Ерғалиева, Демпартия құрушылардың өкілі Ырысбек Тоқтасын, елдегі жастар қозғалысының өкілі Біржан Төлеубекұлы, қоғам белсендісі Сәкен Шабдаров алдағы сайлауға бойкот жариялауды құптайтынын айтып, «кім қарсылығын қалай білдірсе де, оның түпкі нәтижесі азаматтық наразылық белгісі болуы тиіс» деді.

Билікке жолданған үндеуде қоғамшыл азаматтар аралас сайлау жүйесін енгізуді, тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуына мүмкіндік беруді, қоғамдық ұйымдарды тіркеуді жеңілдету, саяси партия құру шарттарын оңайлатуды талап етті. Бұл үндеуге қол қойған азаматтардың толық тізімі мынадай:

«Халық билігі» қозғалысы атынан – Балташ Тұрсымбаев, Гүлжан Ерғалиева, Рысбек Сәрсенбай, Ермұрат Бапи, Есенғазы Қуандық, Маржан Аспандиярова, Ырысбек Тоқтасынов, Құдабай Қаржауов, Біржан Төлебеков, Әсет Оңалбаев, Марат Тұрымбетов, Даная Қалиева, Айжан Амирова, Сакен Шардаров.

Демократиялық партия атынан – Жанболат Мамай, Қуаныш Бәкірланов, Инга Иманбай, Айгерім Тілеужан, Абзал Достияров.

Қоғам белсенділері атынан – Талғат Айтбайұлы, Марат Тоқашбаев, Бақытжан Төреғожина, Абзал Құспан, Күлпаш Өтемісова, Ерлан Қалиев, Шынқуат Байжанов, Жанат Нұрқышев, Ғалым Нұрпейісов, Жанара Балғабаева, Серік Зиятов, Тойған Әубекерова, Жұмамұрат Шәмші, Медет Арыстанов, Сұңғат Сарсембаев, Жанат Есентаев, Әсел Нұрғазиева.

Республиканский еженедельник онлайн