«Общественная позиция»
(проект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.
Апта аптығы
Жақсы жаңалықтар
Облыстық әкімшілік таратқан мәлімет бойынша, Қызылорда–Жезқазған күре жолы бойында 980 гектар жер үй құрылысына бөлінген. Жергілікті билік осы аймақта Бәйтерек деп аталатын жаңа ықшам аудан тұрғызуды көздеп отыр.
Облыстық әкімшіліктің мәліметі бойынша, болашақта жаңа ықшам ауданда 75 шақырым жол және жүздеген шақырым коммуналдық желі тартылады. Сол үшін бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлады әкімшілік.
Қызылорда облысында жер телімдері соңғы рет 2004 жылы бөлінген еді. Әкімшілік мәліметі бойынша, Қызылордада шамамен 42 мың адам жер кезегінде тұр.
Azattyq.org