Вторник , 1 июля 2025

Төреғали тағы да ШУ ШЫҒАРДЫ


Аты­шу­лы Төреға­ли Төреәлі енді ұшақ бор­тын­да шу шығар­ды. Әнші «Эйр Аста­на» рей­сінің өз уақы­ты­нан 20 минут­тай кеші­гіп ұшуы­на себеп­ші болған деп хабар­лай­ды time.kz сай­ты­на сіл­те­ме жасаған Nur.kz ақпа­рат­тық порталы.

Алматы–Гонконг бағы­тын­да ұша­тын 929 рей­сті ұшақтың ішіне әнші бала­ла­рын көтеріп кір­ген. Алай­да оның қолын­да билеті жоқ екені аны­қта­ла­ды. Осы­дан соң рейс өз уақы­ты­нан 18 минутқа кеші­гіп ұшқан.
Куә­гер­лер­дің айтуын­ша, ұшуға дай­ын­далған сәт­те ол борт­тан шығып кет­пек­ші болған. Оны тоқтатқан борт­серік­ке әнші өзінің жола­у­шы емес екенін айтып, есік­ке бет­тей­ді. Бұл штат­тан тыс оқиға ретін­де баға­ла­нып, тек­се­ру қай­та жүр­гізіл­ген.
Аны­қталған­дай, әнші тек әйелі мен бала­ла­рын шыға­рып сал­мақ болған екен. Алай­да оның ұшақтың бор­ты­на қалай өтіп кет­кені жұм­бақ күй­ін­де қалып тұр. Бұл оқиға жола­у­шы­лар­дың ашуын кел­тір­ген. Куә­гер­лер құжа­ты бол­ма­са да, тек­се­ру­ден еш қиын­ды­қ­сыз өткен әншінің қылы­ғы мен әуе­жай­дың қыз­мет­кер­лері жібер­ген олқы­лы­ққа қат­ты нара­зы, деп жаза­ды Nur.kz.

(медиа-проект «DAT» №35 (447) от 4 октября 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн