ҚАЗАҚСТАННЫҢ азық-түлік транзитін ПУТИН ШЕШЕДІ…

Владимир Путин

2 шілдеде Ресей Украина өнімін өз аумағы арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға жеткізуді шектеуді тағы да жарты жылға ұзартты. Тиісті жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойды деп хабарлайды жергілікті құқықтық ақпарат порталы. Жаңа санкция келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.

2015 жылдың желтоқсан айында Ресей Украинамен сауда қарым-қатынасын шектейтін бірқатар заң қабылдаған. Солардың ішінде ТМД аясында еркін сауда зонасы жөніндегі келісімді тоқтатқан. Бұл тыйым 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.
Сол жылы 2 қаңтарда Украина ресейлік тауарларды импорттауға тыйым салған. 2016 жылы Ресей Украина тауарларын өз аумағы арқылы экспорттауға мүлдем тыйым салған. Украина экономикалық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Ресей арқылы транзиттің көлемі жылына 1,8 миллиард долларды құраған.

Украина Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында Ресей алған міндеттемелерін бұзып отыр деп мәлімдеді.

(медиа-проект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн