ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚОРҒАНСЫЗ ҚАЛДЫ


Қазақстанның Ұлттық банкі зейнетақы қорындағы қаржыны доллар бағамының ауытқуларынан қорғамайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz. Бірқатар қазақстандық депутаттарының зейнетақы қорындағы азаматтар ақшасын индексация жасауды сұраған өтінішіне ҰБ төрағасы Данияр Ақышев осылай жауап берген екен.

Депутаттар валюта нарығындағы тұрақсыздықтың салдарынан қазақстандықтардың ақшасы құнсызданып жатқанын айтқан. Ал кеше Данияр Ақышев бұл ұсыныстың қарастырылмайтынын анық түсінідіріп, индексация жасаудан бас тартты.

Қаржы реттегішінің бұл ұсыныстан бас тартуының бірнеше себебі бар екен. Біріншіден, валюталық кепілдемелерді енгізу еліміздің егемендігінің қағидаттарына қайшы келеді. Себебі біздің өз валютамыз бар! Екіншіден, мемлекет онсыз да ақша айырмашылығының орнын толтырып отыр. Бірақ АҚШ долларының ауытқуына байланысты айырмашылықты емес, инфляцияға байланысты айырмашылықты кепілдендіреді.

Бірақ, депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, индексация үшін қаражатты мемлекетке мұнай сатудан түскен қаражат есебінен алуға болады. Мәжіліс депутатының айтуынша, биылғы жылдың басынан бері мемлекет үш триллион теңгеге жуық пайда көрген.

«Қазіргі уақытта салымшылардың ақшасы бюджеттен өтелуде. Біз бұны өте жақсы білеміз. Бұл ресми инфляцияға сәйкес. Бірақ инфляция деңгейі инфляцияның нақты деңгейіне сәйкес келмейтінін бәріміз жақсы білеміз», – деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Айқын Қоңыров.
Stan.kz

(медиа-проект «DAT» №36 (448) от 11 октября 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн