ҚР педагогтардың мәртебесі туралы заң жобасында мұғалімдердің жүктемесін қысқарту және оларды тексерулерден қорғау қарастырылатын болады, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтардың мәртбесі туралы заң әзірленетін болады. Заңда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге арналған ынталандыру шаралары, оқу жүктемесін қысқарту, керегі жоқ тексерістерден қорғау және тағы басқа шаралар қарастырылатын боалды», – деді Е.Сағадиев сейсенбі күні ҚР үкіметіндегі отырыста.
Оның айтуынша, заңды 2019 жылы бекіту жоспарлануда. Ағымдағы жылы жоба әзірленіп, қоғамдық талқылаудан өтеді.
ҚазТАГ
(медиа-проект «DAT» №36 (448) от 11 октября 2018 г.)