Ең қымбат соғым еті Шығыс Қазақстанда – бұған қазан айының соңында ҚазТАГ тілшілері жасаған бағалар мониторингі дәлел.
Сонымен, Шығыс Қазақстан облысында бие еті (3,5 жастан асқан жылқы) 500 мың теңгеге дейін барады, көрші Павлодарда күйлі ат Т460 мыңнан сатылады. Жас ет арзанырақ: байтал (2,5–2,9 жасар жылқы) және тай (1,5–1,9 жасар) еттерінің бағасы Өскемен мен Павлодарда шамалас, сәйкесінше, Т380 мың және Т290 мың.
Жылқы етінің бағасы бойынша екінші орында Астана: бие – Т400–450 мың, байтал – Т300–350 мың, тай – Т250–280 мың.
Үштікті Қазақстанның оңтүстік өңірі жауып тұр. Алматы мен Қызылорда облыстарында биенің бағасы Т390–400 мың аралығында, байталдың бағасы Т350 мың, тай – Т300 мың.
Алматының өзінде облыстағыдан баға аздап төмендеу – тайды Т180–250 мыңнан сатып алуға болады.
Түркістан облысында жас жылқы еті арзанырақ болып шықты, тайды бар болғаны Т150 мыңға сатып алуға болады, бұл республика бойынша ең төменгі баға. Батыс Қазақстан облысында, мониторинг атап өткендей, етті килограммдап сатқанды жөн көреді: жылқы етінің бағасы 1 кг үшін Т1,4–1,6 мың аралығында, мал қаншалықты жас болса, ет те соншалықты қымбатырақ болады.
Егер сиыр еті турасында айтсақ, Атырау облысы көш бастап тұр, бұл жерде асыл тұқымды сиырлардың бағасы Т400 мың, бұқалар – Т450 дейін жетеді. Оның көршісі Маңғыстау облысында сиырды жасы мен салмағына қарай сатып алуға болады, бағасы Т230–370 мың аралығында, бұқа Т350–450 мың аралығында.
Олардың ізінен Алматы келе жатыр, ол жерде сиыр Т280–300 мың, бұқа 300–320 мың теңге тұрады.
ҚазТАГ
(медиа-проект «DAT» №39 (451) от 1 ноября 2018 г.)