Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына отындық шикізат жеткізушілердің болмауы салдарынан 6 мыңнан астам қазақстандық жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары жұмыссыз қалуы мүмкін, деді «Жасампаз» отандық өндірісшілер консорциумы атқарушы кеңесінің төрайымы Гүлмира Уахитова.
«БАҚ-пен кездесуге консорциумның қатысуына тыйым салу себеп болып отыр. Мәжілісте қабылданған заңды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚАӨМ) әзірлеген. Аталған заң жобасы жақын күндері сенат отырысында талқыланады. Қорғаныс тапсырысына консорциумдардың қатысуына тыйым салу – отандық шикізат өндірушілердің мемқорғаныс тапсырысына қатыса алмайтынын білдіреді. Алайда бұл тапсырыс өндірістің тұрақты жұмыс жасауы мен жоспарлы жүктемесі болуының жалғыз ғана мүмкіндігі. Біз мемлекет басшысының бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту саясаты мен импортты төмендету арасында айырмашылық бар деп санаймыз», – деді кеше өткен баспасөз мәслихатында Гүлмира Уахитова.
БАҚ ұсынған ақпаратта хабарлағандай, бұл жаңалық өңдеуші саладағы 40-тан астам кәсіпорынның жабылуына және қызметкерлер санының барынша қысқаруына немесе еліміздің 13 өңірінен 6 мыңнан астам адамның қысқаруына алып келеді. Өңдеуші өнеркәсіп одағының атқарушы директоры Әділбек Бектібаевтың айтуынша, бизнес қауымдастығы мен өндірісшілер жыл бойы тұрақты негізде мәжілістегі жұмыс тобының талқылауларына қатысты. Алайда қарастырылып жатқан заң жобасында соңғы түзетулердің енбей қалғаны белгілі болды.
Ол айта кеткендей, егер заң жобасы корсорциумдардың қатысу мүмкіндігін қарастырмайтын күйде қабылданса, онда жұмыс жасап тұрған бірлестік таратылады, бұл тауар құнының қымбаттауына алып келеді.
«Мемқорғаныс тапсырысы кәсіпорындар арасына бөлінеді. Айталық, 50 кәсіпорын бар делік, жыл сайынғы көлем 10 млрд, 1 кәсіпорын 200 млн астам алады. Біріншіден, көлем аз болғандықтан, әрқайсысы кірісті барынша көбейтуге тырысады. Бұл бизнес. Сәл қымбат біздің шикізатты алып қайтеді? Олар сырттан арзан шикізат алуға ұмтылады, сөйтіп капитал сыртқа кетеді. Сәйкесінше, өндіріс пен жұмыс орындары қысқарады», – деп түсіндірді Ә. Бектібаев.
ҚазТАГ