Вторник , 1 июля 2025

«Мені сыртымнан соттау БОЛДЫ МА, ЖОҚ ПА?» деп сұрайды Сайрагүл Сауытбай

Қаза­қстан­ның аза­мат­ты­ғы атағы түгілі, «Пана ізде­уші тұлға» мәр­те­бесін алуы мұңға айналған Сай­ра­гүл Сауыт­бай 12 ақпан­да интер­нет желілері арқы­лы видео­мәлім­де­ме жасап, сая­си сар­саңға айналған тағ­ды­ры­нан тағы бір хабар бер­ген еді. Біз Сай­ра­гүл­дің сол мәлім­де­месінің мәтінін жол­ма-жол жари­я­лап отырмыз. 

Құр­мет­ті халқым, дүние жүзін­де­гі қан­даста­рым, жанашырларым!

Сіз­дер­мен аса бір маңы­зды оқиға­ны бөліс­пек­ші­мін. 2018 жылы шіл­денің 25‑і күні Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы маған «Пана ізде­уші тұлға» куәлі­гін үш айлық мерзім­ге қолы­ма ұстатқан еді. Осы үш ай ішін­де «Босқын» мәр­те­бесін алуға құқым бар деген қос қуа­ны­шпен түр­ме­ден шығарған. 

Бірақ оның артын­дағы толған істер мені қат­ты ашын­дыр­ды. Алды­мен облыс (Алма­ты) пен Аста­на рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де маған «Босқын» мәр­те­бесін беру­ден бас тарт­ты. Бұл менің Қаза­қстан­нан «Босқын» мәр­те­бесін алу мүм­кін­ді­гім жоқ екенін білдіреді. 

Осын­дай жағ­дай­да мен халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтан, шетел­ден көмек сұра­уы­ма тура келеді. Бірақ маған ондай мүм­кін­дік бер­мей, қат-қабат құр­са­у­лап, бұғат­тап таста­ды. Дүй­сен­бі – 11 ақпан күні түстен кей­ін Тал­ды­қорған қала­сын­да менің ісі­ме бай­ла­ны­сты сот ашы­лып­ты. Бұны Алма­ты облы­стық Көші-қон басқар­ма­сы­ның басты­ғы Ғалым­жан Сағат­жанұ­лы сағат 14.45-те хабар­ла­сып, осы жағ­дай­ды айт­ты. Оның соңы­нан Көші-қон басқар­ма­сы­ның қыз­мет­кері Әсем Әну­ар­бекқы­зы 16.57-де хабар­ла­сып: «Кеше (дүй­сен­бі – 11 ақпан) түстен кей­ін, Тал­ды­қорған қала­сын­да сот бол­ды. Сіз бар­ды­ңыз ба, қалай өтті?» – деп сұрады. 

«Үйқа­мақта оты­рған менен қаты­сты­ңыз ба сұрап отыр­сыз, ал мен кім­нен сұрай­мын?» – дедім. 

Енді бүгін – сей­сен­бі күні 12 ақпан­да хабар­ла­сып, «сот болған-бол­маға­нын анық біл­мей­міз» деп өзгеріп отыр. Сон­да менің тағ­ды­рым тағы да тәл­кек­ке түсіп, тра­ге­ди­я­мен аяқта­лу­дың алдын­да тұрға­ны ма? Осы­лай жалға­са бер­се, өте аяны­шты жағ­дай­дың тууы әбден мүм­кін. Бірақ мен әрқан­дай оқыс оқиғаға әбден дай­ын­да­лып болған адаммын. 

Қаза­қстан­дағы халқым, дүние жүзін­де­гі бар­лық қан­даста­рым, демо­кра­тия жақтай­тын бар­лық жана­шыр­ла­рым! Мен секіл­ді отба­сын іздеп кел­ген ана­ның жанай­қай­ын түсініп, менің тағ­ды­рым­ды назар­ла­ры­ңы­зда ұстап, маған қорған болу­ла­ры­ңы­зды сұрай­мын. Менің ана­лық құқы­ғым тап­та­лу­да, осы­ған көмек беру­леріңізді сұрай­мын. Және 11 ақпан күні Тал­ды­қорған қала­сын­да осын­дай сот­тың оты­ры­сы болған-бол­маға­ны жөнін­де адво­ка­тым­мен хабар­ла­сып, ешқан­дай хабар ала алма­дым. Осы тура­лы көмек беретін, жағ­дай­ды аны­қтай ала­тын адам бар ма? Менің тағ­ды­рым­ды назар­ла­ры­ңы­зда ұста­уды сұраймын. 

Рах­мет сіздерге!

Республиканский еженедельник онлайн