МЕРУЕРТТІ «үлкен кісі» СҮЙГЕН ЕКЕН

Жуықта Қайрат Нұртастың туған күніне қатысқан Меруерт Түсіпбаева көңілді кеште ұзақ отыра алмады: сүйген адамы оған жарты сағат қана уақыт берген екен. Жасы үлкен болғандықтан, ол кісіні күттіріп қоя алмайтынын айтыпты. 

«Мені далада бір адам күтіп тұр, 30 минут қана берді. Осы уақытта мен далаға шығуым керек. Ол менен үлкен адам. Өйткені мен салиқалы жасқа келгенде, жас жігіттермен араласуым мүмкін емес. Өзімнің де балам 17–18-ге келіп қалды. Қазақта «тең-теңімен, тезек қабымен» дейді. Ол кісі біраз жасқа келіп қалған адам», – дейді Түсіпбаева.

Бүгінде өзінен біршама жас үлкен адаммен көңіл қосқанымен, Түсіпбаева өзіне жас жігіттердің көптеп сөз салатынын жасырмайды. «Жас жігіттер көп сөз салады. Өтірік айтып қайтемін: көлікпен жүргенде, соңымнан қуатындар да бар. Кім біледі, қандай мақсатпен қуатынын: менің танымалдылығыма не болмаса жылтыр бетіме қызығатын шығар. «Жаным-ау, мен 47-демін, мені апа қыласың ба?» деп айтамын оларға», – дейді әнші.

Stan.kz

Республиканский еженедельник онлайн