Суббота , 3 мая 2025

Димаш Кремльді БАСЫП АЛДЫ

Мәс­ке­у­ге кел­ген­де­гі негіз­гі шаруа – Димаш бауы­ры­мы­зға қол­дау көр­сетіп, жан­күй­ер болу еді. Әлем­нің түк­пір-түк­пірі­нен Дима­шты іздеп келіп жүр­ген жан­күй­ер­лер­ді көріп жүр­міз ғой: мына тұрған жер­ден жете алмаға­ны­мыз ұят-ты дедік. Кел­дік, көр­дік, сүйсіндік!

Дала­да ары-бері жүгір­ген оры­стар­дың «Дима­штың кон­цер­тіне билет бар ма?!» деп қапы­лып жүр­генін көр­дік… Қызыл алаң­ды қор­шаған қызыл әскер Дима­штың кон­цер­ті үшін қыз­мет қылға­нын көр­дік… Кремль­дің кон­церт сарай­ын­да аузы-мұр­ны­нан шыққан xалық қаза­қтың әніне қосы­лып тұрға­нын көр­дік… Қытай, ағы­л­шын, түрік­тер­дің «Дай­ди­да­уды» тың­дап, жылаға­нын көр­дік… 6 мың xалық біздің дом­бы­ра­ның үніне тік тұрып, қол соққа­нын көрдік…

Игорь Кру­той, Ани­та Цой бастаған дүл­дүл­дер­дің Дима­шқа құр­мет көр­сет­кенін көр­дік… Иманға­ли /Тасмағамбетов/ аға­мыз бастаған ел аза­мат­та­ры­ның Димаш үшін марқай­ып тұрға­нын көр­дік… Кон­церт біт­кен соң да бір сағат бойы тарқа­май тұрып алған xалы­қты көрдік…

Еңсесі биік xалық ұлы­мы­здың алдын­да еңкей­іп тұр­ды!.. Әлем­ге аты кет­кен бар­мақтай бала­мыз үшін көзі­міз­ге жас кел­ді!.. «Тәу­ба» дедік іші­міз­ден… Тіл-көзі­міз тасқа дедік… Қаза­қтың бағы­на біт­кен қар­ша­дай балаға Аллам өзің қорған бола көр деп, дұға қылдық…

Аппақ болған бала­дан айналдық!

Сені туған ана­дан айналдық!

Жер­ді жарған дауы­сы­ң­нан айналдық!

Елді оятқан намысы­ң­нан айналдық!

  • Айнұр Тұр­сын­ба­е­ва­ның ФБ-парақшасынан
  • Редак­ци­ядан: Димаш Құдай­бер­ген Ресей эст­ра­да­сы­ның «при­ма­дон­на­сы» Алла Пуга­че­ваға арналған кон­церт­те өнер көр­се­те­ді. Бұл кон­церт 7–8 сәуір күні Мәс­ке­уде­гі «Кро­курс Сити Холл­да» өте­ді деп, Димаш өзінің Instagram парақ­ша­сын­да хабарлады.
Республиканский еженедельник онлайн