Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Дидар Смағұлов Астана мен Алматы қаласындағы азаматтарды ұстау барысында жас жігіттердің камераларды жабуларына полицейлердің әрекетсіздік танытуларын елдегі бүкіл жүйенің масқарасы деп атады.
«Қоғам тарапынан объективті сынға алып келетін мемлекеттік қызметкердің әрекеті қызметтік этика нормаларының бұзылуы болып табылады. Жас жігіттерге қатысты полицейлердің әрекетсізігін бүкіл жүйенің масқарасы деп санаймын», – деген сейсенбіде Астанада Наурыз мейрамы кезіндегі азаматтарды ұстау, сондай-ақ сол сәтте жас жігіттердің журналистердің камераларын жабуларына қатысты жағдайға түсінік берген Смағұлов Facebook-те.
Еске салсақ, 21 және 22 наурызда Астана мен Алматыда ондаған адамдар ұсталды. Ұсталғандар арасында – журналистер де бар, оның ішінде Светлана Глушкова да бар. Сонымен қатар, адамдар ұсталған жерде БАҚ қызметкерлеріне жұмыс жасауға кедергі келтірілген, ал азаматтарды ұстаудың өзі полиция тарапынан бұзушылықтармен жүзеге асқан. 21 наурызда Астана мен Алматыда полиция әкімдік ғимараты алдында референдум жасамастан елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қатысты өз келіспеушіліктерін білдіргісі келген 20 шақты азаматты ұстаған еді.
ҚазТАГ.