Қазақстан үкіметі Қытайдан 2 млрд 60 млн юань, яғни 100 млрд теңгеден астам қарыз алмақ. Қомақты сома қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу пунктін жетілдіру үшін жұмсалады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы 8 сәуір күні сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды. Несие 20 жылға екі пайызбен жеңілдетілген несие ретінде берілмек.
Бұл қаржыға тоғыз автокөлік пен бір пойызды өткізу бекеті ретке келтіріліп, техникалық жабдықтау жоспарлануда.
Айта кетейік, бекеттегі жөндеу және жабдықтау жұмыстары осы жылдың соңында басталып, 2022 жылы аяқталады. Осылайша еліміздің өткізу пунктеріндегі екі-үш күнге созылатын кезектер мәселесі шешімін таппақ, деп хабарлапты «Астана».
kaz.nur.kz