Елдің сыртқы қарызы $159 МЛРД БОЛДЫ

Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 159 млрд АҚШ доллары болды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен. 

«2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанның сыртқы борышы 158,8 млрд АҚШ долл. немесе ІЖӨ-ге қатынасы 93,1% (жыл басынан бастап 9,5%-ға жақсарып) құрады», – делінген жұмада таратылған хабарда. 

Сыртқы борыш құрылымында 63,6%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,0% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,8% мемлекеттік сыртқы борыш (үкімет пен Ұлттық банк), 3,6% – «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ) алып отыр.

ҚазТАГ

Республиканский еженедельник онлайн