Әбділдә атындағы журналистік СЫЙЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Журналистер одағы Әбділдә Мұқашев атындағы сыйлықты бекітті, деп хабарлады ҚазТАГ. 15 сәуірде керемет жан, журналист, адал және сенімді дос, ержүрек және өз елінің патриоты Әбділдә Рахметжанұлы Мұқашев 59 жасқа толар еді.

1991 жылы ол «Ақ Жайық» газетін ашты, аталмыш басылым тәуелсіздік жылдары өңірлік басылымға айналып, сөз бостандығы мен қазақстандықтардың құқығын қорғады, еліміздің азаматтық қоғамының дамуына зор үлесін қосты. «Ақ Жайық» басылымына көптеген өзге БАҚ сілтеме жасайды және танымалдылығы жағынан бірқатар республикалық басылымдарды басып озды. Газет өзінің баспа-типографиялық кешенінде басылып шығады. Бұл, әлбетте, Әбділдә Мұқашевтің еңбегі. Оның өмірден озуы – отандық журналистика үшін орны толмас қайғы. 

Ә. Мұқашев республикадағы Журналистер одағы басқармасының мүшесі, «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының ұйымдастырушысы болып табылады, «Қазақстанның құрметті журналисі» атағының иегері. 

Әбділдә Рахметжанұлы Мұқашевтің отандық БАҚ-тың дамуындағы баға жетпес еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде Қазақстанның Журналистер одағы оның есімімен жыл сайынғы сыйлықты бекітті, ол сыйлық еліміздің үздік журналистеріне – қоғамдық маңызды, саяси және азаматтық-құқықтық тақырыптағы мақала, видеоматериалдар авторларына табысталатын болады. Сыйлық Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай жыл сайынғы байқау қорытындысы бойынша беріледі.

ҚазТАГ

Республиканский еженедельник онлайн