АҚЫШЕВҚА қылмыстық іс ҚОЗҒАЛДЫ?

Тelegram желісіндегі @kazebitda арнасында Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды деп жазады Kaz.nur.kz.

Әлеуметтік желінің мәліметінше, іске қатысты тергеу жұмыстарының аяқталуына аз қалды. Telegram-арнада жазылғандай, қылмыстық істің қозғалуына «Қазатомпром» акцияларына қатысты іс-әрекеттер себеп болған. Аталмыш акцияларды БЖЗҚ Лондон биржасында сатып алып, оларды KASE арқылы саудалай бастаған.

Дереккөздің мәлімдеуінше, қылмыстық тергеудің тағы бір себебі ретінде теңгеге қатысты қаржылық операциялар болуы мүмкін. Аудиторлар бірқатар заңбұзушылықтарды аңғарып, соның арқасында байи түсуге қауқарлы болған компанияларды анықтаған болуы мүмкін.

Бірақ бұл ақпаратты елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды деп Tengrinews сайтына сілтеме бере отырып, Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.

«Данияр Ақышев өз жұмыс орнында отыр. Негізі қылмыстық іс қозғалған жағдайда, кеңсеге келіп, басшылықты бұл жағдайдан хабардар етеді. Бірақ ондай ештеңе болған жоқ. Біздің кеңсе ешқандай органнан ресми түрде қағаз алмады, – дейді Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Данияр Ақышев үш жыл бойы Ұлттық банк басшысы қызметін атқарды. Алайда осы жылдың ақпан айында бұл қызметінен кеткен.

«D»

Республиканский еженедельник онлайн