ЖАҒДАЙ теңсіздіктен ТУҒАН

Теңіздегі проблема еңбек жағдайының әртүрлілігінен туындап отыр, деп мәлімдеді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. 

«Бұл мәселе еңбек жағдайының әртүрлілігінен туындап отыр, бұл жүйелі мәселе, оны ТШО басшылығына да («Теңізшевройл» ЖШС), барлық мердігерлерге де шешу керек. Біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторлар біздің елдің аумағында жұмыс жасай отырып, заңнаманы, сондай-ақ ешкімнің ар-намысына тимейтіндей моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттігін түсінулері керек. Жақын арада біз барлық жоба қатысушыларымен кездесу өткіземіз, оған компанияның барлық бірінші басшылары қатысатын болады. Бұл мәселелерді шешетін боламыз. Оның бірі – еңбек жағдайы барлығы үшін бірдей болуы тиіс», – деді Ноғаев Теңіз жұмысшылар кентіне барғанда ТШО басшылығымен болған жиналыста. 

Атырау облысы әкімдігінің ақпарынша, Ноғаев жиналыстан кейін CСЕР компаниясының жұмысшыларымен кездескен. Кездесу барысында компания қызметкерлері әкім мен ТШО басшылығынан адамдар өз міндеттерін орындауға кірісу үшін жоба жұмысын тоқтатпауды сұрады. 

«Біз облыс әкімінің бірінші орынбасарының басшылығымен ведомствоаралық комиссия құрдық, ол еңбек жағдайының тең болуын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын болады. Сіздер комиссия құрамына өз өкілдеріңізді кіргізе аласыздар, бізге жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды беріңіздер. Біздің жұмыс кестемесізде ешқандай өзгеріс болмайды, жұмыс стандартты режимде жалғасады», – деді Ноғаев.

ҚазТАГ

Республиканский еженедельник онлайн