- Қазақстанда қандастар мен қоныс аударушылар үшін 2021 жылға жоспарланған өңірлік квота белгіленді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Белгіленсін: 1) 2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – 1 426 адам; 2) 2021 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – 6039 адам», – делінген Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрық жобасында.
2020 жылға қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота 4750 адам көлемінде белгіленді.
Еске салсақ, ҚР 2020 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес «оралман» түсінігі «қандастар» деп өзгертілді.
19 қарашада ҚазТАГ хабарлағандай, 2020 жылдың басынан бері тарихи отанына 12 мыңға жуық этникалық қазақ оралған.
ҚазТАГ