Понедельник , 30 июня 2025

КӨРІҢДІ САТПА!

(Жер сата­мын деп жүр­ген­дер мен депу­тат­тарға ескертпе)

Ау, ерлерім, ерлерім!

Қай­ыр­лы бол­сын төрлерің!

Сата­мын деп жүргенің

Жата­тын ертең көрлерің!

Уа, ерлерім, ерлерім,

Елің­мен бір­ге өрлегің!

Сат­саң, жатқа кетеді –

Сауыр­лы, сай­лы жерлерім. 

Маң­дай­ын жат­тың өбеді,

Сай­қан, Ебі желдерім.

Сұра­у­сыз жатқа кетеді –

Айдын­ды шалқар көлдерім.

Тегін олжа тексізге –

Асу-асу бел­дерім. 

Жат табанға тапталар,

Қаси­ет­ті төрлерім,

Арқар шық­пас өрлерім.

Жылап-жылап кет­пек­ші,

Келім­сек­ке өтпекші –

Салқын сабат жайлауым,

Шүре­гей ұшпас шөлдерім.

Шұрай­ым жатқа кетеді-ау,

Шырай­ым да сон­да кетер-ау,

Шулап қалып төлдерім…

Өксіп бүй­тіп өткенше,

Өмір сүріп не керек,

Артық онда өлгенім?!

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

ЖАҢАӨЗЕН тағы да КӨТЕРІЛДІ

  • Жаңаө­зен­де «Бұрғы­лау» мұнай сер­вис ком­па­ни­я­сы­на мер­ді­гер «Фир­к­рофт» ЖШС-інің жүз­ге тар­та жұмыс­шы­сы жалақы өсіруді талап етіп, ере­уіл­ге шықты. Жұмыс­шы­лар­дың сөзіне сүй­ен­ген Vlast сай­ты­ның жазуын­ша, 19 сәуір­де еңбек инспек­ци­я­сы, қала әкі­мінің орын­ба­са­ры және кеңес­шісі­мен кез­де­су­ден нәти­же шықпаған.

Интер­нет­те тараған виде­о­лар­дың бірін­де пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев пен қала әкі­мі Серік­бай Тұры­мо­вқа үндеу жол­даған жұмыс­шы­лар 19 сәуір­ден бастап жұмысын тоқтатқа­нын хабарлайды.

«Себебі осы күн­ге дей­ін Жаңаө­зен қала­сы­ның әкім­ді­гі және бұрғы­лау меке­месінің бас­шы­ла­ры біздің мәсе­ле­лері­мізді шеше алма­ды. Себебі көп­те­ген заң­сызды­қтар орын алып жатыр. Осы заң­сызды­қтар үш күн ішін­де шешіл­ме­се, Жаңаө­зен қала­сы­ның мұнай сала­сы меке­ме­лері­нен ынты­мақ­та­стық біл­діруін сұрай­мыз. Атап айтқан­да, «Өзен­мұ­най­газ», «Бұрғы­лау» және өзге де мұнай ком­па­ни­я­ла­ры» – деп, жұмыс­шы­лар­дың бірі үнде­уді оқып берген.

«Бәсе» арна­сы таратқан видео­да «Бұрғы­лау» ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры Мұстақим Бер­ка­ли­ев­тің ере­уіл­шілер­мен келіс­сөз жүр­гізіп жатқа­ны көрі­неді. Жұмыс­шы­лар талап­та­ры­ның бір­не­ше жыл­дан бері орын­дал­май келе жатқа­ны­на шағым­да­на­ды. Олар­дың кей­бірі талап­та­рын орын­да­ту үшін аста­наға дей­ін бара­ты­нын айтып ескер­те­ді. Жұмыс­шы­лар­дың бірі Vlast сай­ты­на келіс­сөз­ден нәти­же шық­паға­нын хабарлаған.

Был­тыр пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Еңбек кодексіне енетін түзе­ту­лер­ді мақұл­дап, соған сәй­кес аут­сор­синг ком­па­ния қыз­мет­кер­лері өздерін жал­дай­тын кәсі­по­рын қыз­мет­кер­лері­мен тең жалақы алуы тиіс болған. Бірақ соған қара­ма­стан, 2018 жылы «Фир­к­рофт» ЖШС-імен келісім­ге қол қой­ған «Бұрғы­лау» ком­па­ни­я­сы мер­ді­гер ком­па­ния жұмыс­шы­ла­ры­ның жалақы­ла­рын өсір­мей, кодекс ере­же­лерін орын­да­май отыр дей­ді жұмысшылар.

Қаза­қстан­да соңғы кез­де жалақы өсіруді талап еткен мұнай­шы­лар ере­уілі жиіледі. Өткен апта­да Қызы­лор­да облы­сын­да «Қуат Амлон Мұнай» ком­па­ни­я­сы­ның 300-ден астам жұмыс­шы­сы жалақы өсіруді талап еткен. Оның алдын­да Ақтө­бе­де мұнай­шы­ла­ры жұмыс беру­ші ком­па­ни­яға сон­дай талап қойған.

Жанболат Мамай:

БАЙБЕКТІ тас-талқан ҚЫЛАМЫН!

Назар­ба­ев­тың «Нұр Отан­дағы» бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бай­бек біздің шынайы деректер­ге негіз­дел­ген зерт­теу филь­мі­міз­ге жау­ап қат­ты. Осы уақы­тқа дей­ін үн-түн­сіз оты­рған, бір­де-бір сынға жау­ап бер­мей кел­ген Нұр­сұл­тан­ның кла­с­та­сы­ның ұлы бұл жолы жанын қоярға жер тап­пай, әбден ақтал­ды. Ініне су толған сар­шұ­нақ сияқты болды.

Неге? Себебі біз оның дәл жан­ды жері­нен ұстап, ақиқат­ты ақта­рып сал­дық. Егер біздің кел­тір­ген мәлі­мет­тері­міз жалған бол­са, Бай­бек­тің шым­бай­ы­на бат­па­са, ол «нұро­тан­дық» бұры­нғы депу­тат, билік­шіл бло­гер Бер­доңға­ро­вқа 1,5 сағат бойы ақта­лар ма еді? Жоқ, әрине. Бұрын қалай ел қазы­на­сын таса­да оты­рып тона­ды, тура сол жұмысын жалға­сты­ра берер еді. Бірақ бұл жолы біздің кел­тір­ген деректері­міз, біз айтқан шын­дық оның жемқор­лы­ғын әшке­ре­леді, бет-бей­несін ашық көр­сет­ті. Жыл­ты­раған шене­унік шын мәнін­де қаза­қтың қазы­на­сын талан-тараж етіп, туған-туы­сы мен жақын­да­ры арқы­лы елді тонап оты­рған әккі ұры екенін жұрт көрді. 

Бай­бек бло­гер­ге бер­ген сұх­ба­тын­да тек өзіне ыңғай­лы сұрақтарға ғана жау­ап береді де, нақты фак­тілер мен дәлел­дер­ге кел­ген­де ат-тонын ала қаша­ды. Біздің ашық дереккөз­дер­ден кел­тір­ген мәлі­мет­тері­міз­ге жау­ап беру­ге тыры­са­ды. «Ұзын құлақ» деп ата­ла­тын Теле­грам-арна­ны «ано­ним­ді, өтірік ақпа­рат тара­та­ды, соны Жан­бо­лат Мамай ашық қол­да­нып отыр» дейді.

Ал дәл осы Теле­грам-арна­ның артын­да кім тұр? Оны Бай­бек­тің басты­ғы – Назар­ба­ев­тың «бұлбұ­лы» деген атағы бар, оның бұры­нғы кеңес­шісі Ерті­с­ба­ев жай­ып сал­ды. Бұл арна­ның артын­да басқа емес, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев тұр дейді. 

Онда бірін­ші кезек­те Тоқа­ев­ты сотқа тарт­сын. «Тоқа­ев жалған мәлі­мет тара­тып отыр» деп, жаһанға жар сал­сын. Біздің пай­да­ла­нып оты­рға­ны­мыз тек қана бұл арна­дағы мәлі­мет­тер емес. Одан алға­ны­мыз бер жағын­дағы ақпа­рат. Негізі­нен, Бай­бек­тің отба­сы­ның кәсібі тура­лы деректі өзі­міз іздеп таптық. 

Мыса­лы, оның әпкесінің ком­па­ни­я­сы «Арай Медиа груп­тың» мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс ала­ты­нын аштық. Оның келісім-шар­тта­ры, құжат­та­ры толық көр­сетіл­ді. Оның әке-шеше­сінің аяқ асты­нан кәсіп­кер болып, ірі биз­нес орта­лы­қтарға ие болып оты­рға­нын айт­тық. Соны Бай­бек жоққа шыға­ра ала ма? Қолы­нан кел­мей­ді. Себебі біздің қолы­мы­зда нақты құжат­тар мен деректер бар.

Қараған­ды­лық Ахме­то­втар отба­сы тура­лы Бай­бек жұмған аузын ашқан жоқ. Біздің мәлі­меті­міз­ше, олар Бауы­р­жан­ның биз­несіне шар­тты түр­де иелік етіп оты­рған адам­дар. Ағай­ын­ды Ахме­то­втар мен Бай­бек­тің туы­сқан­да­ры­ның ортақ биз­несі тура­лы да деректер көр­сетіл­ді. Соның біріне Бауы­р­жан жау­ап таба алған жоқ. 

Байбек­тің тағы бір өтірі­гін әшке­ре етей­ік. «Нұро­тан­шыл» бло­гер­ге бер­ген сұх­ба­тын­да ол «қалай мил­ли­ар­дер бола­мын, Алма­ты­ны дамы­ту бюд­жеті небәрі 150 мил­ли­он дол­лар бол­ды жыл сай­ын» деп отыр. Ал енді шын­ды­ққа қарай­ық. Алма­ты­ның тек қана 2016 жылғы даму бюд­жеті сол кез­де­гі дол­лар баға­мы­м­ен 530 мил­ли­он дол­лар­ды құраған.

Бауы­р­жан, егер сен шыны­мен ақталғың кел­се, мен саған мына­дай талап қоя­мын: Алма­ты­ны 4 жыл басқарған уақыт­тағы қала­ның бюд­жетін толық ашып көр­сет. Оның даму бюд­жеті мен рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бөлі­нетін транс­ферт көле­мін жария ет. Әрбір тиын қай­да және қалай жұм­сал­ды? Жол салуға қан­ша ақша кет­ті? Көше­лер­ді жөн­де­у­ге қан­ша қар­жы ауда­рыл­ды? Соны­мен бір­ге қала әкі­мінің әрбір жар­лы­ғы мен шешім­дерін, құры­лы­сқа беріл­ген рұқ­сат құжат­та­рын, әрбір нысан­ды салуға бөлін­ген қар­жы­ны жари­я­ла. Міне, сол кез­де қала бюд­жеті­нен қан­ша қар­жы­ның қол­ды болға­нын біз нақты көре­міз. Соны жасай ала­сың ба, Бауыржан? 

Алма­ты­ның әкі­мі болып тұрған кез­де Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің 72 сотық жерін қалай бөліп бер­геніңді де ел біледі. Дәл қазір осы мәсе­ле төңіре­гін­де де дау болып жатыр. «Рахат» база­ры­ның жерін Ахме­то­втарға қалай бер­дің? Осы тура­лы ашық айт. 

Тағы бір өтірі­гіңді ашай­ын. «Есен­тай-Сити» құры­лы­сын жүр­гі­зу бары­сын­да алма бақта­ры оталған жоқ деп­сің. Бауы­р­жан, сенің ала­яқты­ғы­ң­да шек жоқ екен. Сол кез­де шыққан «Кара­ван» сай­тын­дағы мақа­ла­ны наза­ры­ңа ұсы­на­мын. 2017 жылы көк­тем­де Есен­тай­дың батыс жаға­ла­у­ын­да 46 гек­тар жер­де «Есен­тай-Сити» жаңа ықша­мауда­ны­ның құры­лы­сы бастал­ды. Тура сол кез­де жур­на­ли­стер алма бақта­ры ота­лып, жер­дің қазы­лып қой­ға­нын көр­сет­ті. Дәл осы жер­де зәулім үйлер мен кең­се­лер бой түзеді. Ал сол кез­де қала­ның әкі­мі кім еді? Өзің бол­дың ғой! 

Бауы­р­жан, сен қоры­ққа­ны­ң­нан Назар­ба­ев­тың соты­ның арты­на тығыл­мақ­шы­сың. Қаза­қстан соты­ның әділ­ді­гіне елде бір адам сен­бей­ді. Сен­дер­дің қол асты­ң­дағы сот қашан әділет­ті шешім шыға­рып еді? Соңғы кез­де Қаза­қстан­да жемқор­лы­ғы үшін 46 сот­тың жұмыстан шыға­ры­лға­ны тура­лы мәлі­мет­ті ресми орган­дар­дың өзі жари­я­ла­ды. Қаза­қстан­да әділ сот­тың жоқты­ғы тура­лы халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың бар­лы­ғы ашық айтып отыр. Сенің басты­ғың Назар­ба­ев қалай айт­са, солай шешім шыға­ра­тын әділет­сіз сот­тың таса­сы­на тығы­лып, мені қуда­ла­у­ға ұшы­рат­пақ­шы­сың. Ол әре­кетің­нен мен қорықпаймын!

Сен енді рай­ы­ң­нан қайт­пай, соты­ңа шағым­дан. Мен сол сот­ты сені және Назар­ба­ев­ты, «Нұр Отан­ды» толық әшке­ре­леу үшін мін­бер ретін­де пай­да­ла­на­мын. Жаңаө­зен­де оқ атуға жау­ап­ты екен­деріңді бүкіл Қаза­қстан және әлем ести­ді. Сен­дер­дің жемқор әрі ұры екен­деріңді ашық мәлім­дей­мін, әрі соны дәлел­дей­мін. Жер­ді сатып, Отанға опа­сыздық жасап жатқан ұлт сатқын­да­ры екен­деріңді жария түр­де айта­мын. Сенің сотың қан­дай шешім шыға­ра­ты­ны маған бел­гілі. Бірақ халық менің жағым­да болады. 

Бауы­р­жан, бұл сот­тың алдын­да ашық екеніңді дәлел­де­гің кел­се, мені­мен тіке­лей эфир­де дебатқа шық. Елдің тағ­ды­ры, жәр мәсе­лесі, Назар­ба­ев пен «Нұр Отан», сенің жемқор­лы­ғың тура­лы ашық пікір­та­ласқа шығай­ық. Мен сенің тас-талқа­ны­ң­ды шыға­ра­мын. Сен­дер­дің билі­гің мен пар­ти­я­ла­рың айтып келе жатқан өтірік­теріңнің арты бір тұтам екенін өзің көресің сонда. 

Каме­ра ғана емес, халы­қтың алдын­да пікір­та­ласқың кел­се, мен сені 24 сәуір күні сағат 12.00-де Алма­ты­дағы Шоқан Уәли­ха­нов алаңы­на шақы­ра­мын. Елдің алдын­да дебат өткі­зей­ік. Жер­дің тағ­ды­ры шешіл­гелі тұр. Сен­дер­дің пар­ти­я­ла­рың жер­ді шетел­дік­тер­ге 25 жылға жалға беру тура­лы заң­ды мәжілі­сте мақұл­да­ды. «Нұр Отан» Ота­ны­на опа­сыздық жасап отыр қазір. Елдің сен­дер тура­лы пікірін естің­дер, білің­дер. Ашық түр­де пікір­та­лас өткізейік. 

Бай­бек, сен мені «жур­на­ли­стік зерт­теу жүр­гіз­ген­ше, «двор­ник» болған жақ­сы» деп­сің. Мен саған былай айта­мын: сен сияқты жан­тық әрі жағым­паз болған­ша, адал еңбек етіп, көше сыпы­ру­шы­сы болған шынын­да да артық. Көше сыпы­ру – адал еңбек, қоға­мға, елге пай­да­лы жұмыс.

Мен саған бір мәсе­лені айтай­ын: сенің пар­ти­яң өткен жылы мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен 8 мил­ли­ард тең­ге­ге жуық қар­жы алды. «Нұр Отан­нан» заң­сыз түр­де депу­тат болып оты­рған меш­кей­лер­ге мем­ле­кет қазы­на­сы­нан айы­на 8 мил­ли­он тең­ге шама­сын­да ақша жұм­са­ла­ды. Осы уақы­тқа дей­ін бітір­ген түк істерің жоқ. Халы­ққа қар­сы заң қабыл­дап, пар­ла­мент­те ұйы­қтап оты­рған­нан басқа не бітір­дің­дер? Жер­ді сатып, Отанға опа­сыздық жасап жүр­ген депу­тат­тарға осын­ша қар­жы жұм­саған­ша, адал еңбек етіп жүр­ген ұста­здарға, дәрі­гер­лер­ге, күн­дерін әрең көріп жүр­ген зей­нет­кер­лер­ге, көп бала­лы отба­сы­ларға сол ақша­ны бер­ген әлдеқай­да дұрыс болар еді. 

Ал сенің қазір­гі жұмысың не? Бір ада­мға жағым­паз­да­ну, соның туфлиін жалау – өте жиір­кені­шті іс. Сол тура­лы да жақ­сы­лап ойлан. Бұлай масқа­ра болып жүр­ген­ше, кәсібіңе орал, Алма­ты облы­сы­ның мек­тебіне орна­ла­сып, музы­ка­дан сабақ бер. Ұрлаға­ны­ң­ды елге қай­тар. Сон­да ғана халы­қтың алдын­да бетің ашық бола­ды. Ал дәл қазір сен нағыз «сая­си өліксің». Сенің сая­си қыз­метің әкеңнің кла­с­та­сы Нұр­сұл­тан­ның билі­гі­мен ғана өлше­неді. Соны біліп қой! 

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн