Понедельник , 30 июня 2025

ПУТЛЕР ҮШІН ҚАЗАҚ СОҒЫСҚА БАРМАЙДЫ

Фото – Аrbat.media

  • Қоғам қай­рат­кері, жур­на­лист Арман Шора­ев Алек­сандр Лука­шен­ко­ның Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы шарт (ҰҚШҰОДКБ) ұйы­мы­ның бас хат­шы­сы Иманға­ли Тасмағам­бе­тов­пен кез­де­суі кезін­де айтқан пікіріне жау­ап қай­тар­ды, деп хабар­лай­ды Exclusive.kz.

Бела­русь пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лука­шен­ко ҰҚШҰ елдері Укра­и­на­дағы соғыс кезін­де шет­те қала алмай­ты­нын айтты.

«Егер кім­де-кім Укра­и­на мен Ресей ара­сын­дағы қақты­ғыс біздің қақты­ғыс емес, бұған біз ара­лас­пай­мыз деп ойла­са, ол ойы­нан ешнәр­се шық­пай­ды. Бел­гілі бір ұста­ным­ды қабыл­дай­тын уақыт келеді… Біздің бар­лық кем­шілік­тері­міз­бен бір­ге әре­кет ету үшін, өз сая­са­ты­мы­зды, бағы­ты­мы­зды нақты аны­қта­уы­мыз керек. Біз бір­ге бол­сақ, бар­лы­ғы оңай әрі ұтым­ды­рақ бола­ды», – деді ол.

Арман Шора­ев Лука­шен­коға жау­ап қай­та­рып, ҰҚШҰ ұжы­мы­ның алдағы екі жыл­да тарап кететінін айтты.

«Біздің елі­міздің бұл ұйым­нан шығу­дан басқа ама­лы қал­ма­ды деп ойлай­мын. ҰҚШҰ – дик­та­тор­лар клу­бы. Лука­шен­ко Ресей­дің тас-талқан болып жеңілетінін, кей­ін Путин еке­уінің сот залын­да оты­ра­ты­нын түсі­неді. Осы­лай­ша, ҰҚШҰ хат­шы­сы Иманға­ли Тасмағам­бе­тов­ке бұл жағ­дай­да Қаза­қстан­ның қалай әре­кет етуін түсін­дір­гісі келеді.

Тың­да, Лука­шен­ко, Ұжым­дық қауіп­сіздік шар­ты ұйы­мы алдағы 2 жыл­да тарап кете­ді. ҰҚШҰ құра­мын­да аймақ мәсе­лесіне қаты­сты қақты­ғы­сқан елдер бар. Қырғыз­стан мен Тәжік­стан­ды мысалға кел­тіру­ге бола­ды. Арме­ния мен Әзер­бай­жан ара­сын­дағы тала­ста ҰҚШҰ қай­да бол­ды? Ештеңе істей алма­ды. Путин тығы­лып қал­ды. Лука­шен­ко, Путин, бір­де-бір қазақ бала­сы сен­дер үшін қан төгу­ге бар­май­ды. Лука­шен­ко, Пут­лер-Гит­лер үшін өз балаң­ды ертіп алып соғы­сқа бар, қаза­қтарға тиіс­пе!» – деді Арман Шораев.

Exclusive.kz

Жәкішев НЕ ҮШІН сотталды?

Қазақстандық кәсіпкер және «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев украиндық танымал журналист Дмитрий Гордонға сұхбат берді. Әңгіме барысында ол өзінің сотталуына Ресей президенті Владимир Путиннің қандай қатысы бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәкі­шев сөзін­де өзінің бас­шы­лық еткен уақы­тын­да «Қаза­том­пром» ком­па­ни­я­сы­ның әлем­де­гі жетек­ші кәсі­по­ры­нға айналға­нын айта­ды. Сон­дай-ақ оның сөзін­ше, кез кел­ген келісім­шарт жасай­тын уақыт­та ол сая­сат жай­лы емес, эко­но­ми­ка­лық пай­да жағын бірін­ші ойлаған. 

Кәсіп­кер соны­мен қатар жапон­дық «Toshiba» ком­па­ни­я­сы­на ресей­лік ком­па­ни­я­мен жұмыс істе­у­ге алғаш өзі ұсы­ныс жасаға­нын еске ала­ды. Жапон­ды­қтар алға­шын­да Ресей ком­па­ни­я­сы­мен серік­тес болуға қар­сы­лық таны­тқа­ны­мен, Жәкі­шев олар­ды көндіреді.

«Кири­ен­ко­ны (Сер­гей Кири­ен­ко – Ред.) «Toshiba-ның» пре­зи­ден­ті­мен таны­стыр­дым. Алай­да ресей­лік­тер бізді жол­да қал­ды­рып, келісім­ді өздеріне ыңғай­лы етіп жасағы­сы кел­ді. Алай­да біздің келісі­мі­міз мүл­де басқа болған, яғни Ресей­де сол жыл­да­ры уран шыға­ру тоқы­рап тұрған­ды­қтан, біз оларға уран­ды шыға­руға көмек­те­се­міз, есесіне олар біз­ге уран­ды бай­ы­туға көмек­те­седі деп келіс­кен­біз. Екі елдің де табысы тең бола­ды деп көз­дел­ген», – деп түсін­діреді Жәкішев.

Кәсіп­кер ресей­лік ком­па­ни­я­мен ара­дағы алға­шқы даудың қалай басталға­нын айтып берді.

«Санкт-Петер­бург­ке барға­ным­да, мен тоқтаған қонақ үйге Кири­ен­ко мен Смир­нов (Вла­ди­мир Смир­нов – Ред.) кел­ді. Олар тезірек қол қою керек деп келісім­шар­ттың қаға­зын алып кел­ді. Ал шар­тта Қаза­қстан уран­ды шыға­ру үшін бір­лес­кен кәсі­по­рын құра­ды, алай­да Ресей тара­пы уран­ды бай­ы­ту кәсі­пор­нын құру­ды қарас­ты­ра­ды деп жазы­лған. Мен бір­ден қол қой­май­ты­ным­ды айт­тым. Бірақ олар «Путин­ге ескер­тіп қой­дық, қол қоюы­мыз қажет, әйт­пе­се ертең дау бола­ды» деп айта баста­ды. Алай­да мен «Путин менің пре­зи­ден­тім емес, ол сен­дер­дің бас­шы­ла­рың, сон­ды­қтан бұл келісім біз­ге пай­да әкел­мей­ді» деп жау­ап бер­дім», – дей­ді кәсіпкер.

Осы­дан кей­ін Жәкі­шев­ті Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев шақы­рып, содан кей­ін Вла­ди­мир Путин­мен кез­де­су­ге барған. Жәкі­шев кез­де­су­де Путин­нің өзіне дауыс көте­ре сөй­ле­генін айтады.

«Путин менің жақ­сы мене­джер бол­сам да, сая­сат­ты түсін­бей­тінім­ді айтып, бұл келісім­нің сая­си келісім болға­нын айтып жат­ты. Маған тіке қарап, жоға­ры дауы­спен айқай­лап сөй­лей баста­ды. Мен оның сөзін соңы­на дей­ін тың­дап, біздің пре­зи­дент­ке қара­дым да, «екі елдің арақа­ты­на­сы қан­дай, тең құқы­лы ма?» деп сұра­дым. Ол тең құқы­лы екенін айт­ты. Сол кез­де мен бұл келісім­шар­ттың тең құқы­қтық қаты­на­сқа сәй­кес кел­мей­тінін айтып түсін­дір­дім. «Егер мені қол қоюға мәж­бүр­ле­сеңіз, мен жұмыстан шығу үшін арыз жаза­мын, өйт­кені бұл құжатқа қол қой­май­мын» дедім», – деп қосты Жәкішев.

Айтуын­ша, оқиға осы­мен аяқталған. Алай­да кәсіп­кер осы­дан кей­ін Путин­нің өзіне тіс қай­рап қалға­нын жеткізеді. 

Жәкі­шев өзін Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­да мем­ле­ке­та­ра­лық келісім жаса­лар тұста және ресей­лік деле­га­ци­я­ның Жапо­ни­ядан Қаза­қстан арқы­лы қай­тып келе жатқан­да қамауға алға­нын айтады.

«Ресей­лік ком­па­ния Жәкі­шев­тің орны­на кел­ген жаңа бас­шы­мен Жапо­ни­яға барып, келісім­ге оты­ра­мыз деп ойлаған. Бірақ ойла­ры іске аспа­ды. Олар­ды ешкім қар­сы алмаған», – дей­ді Мұх­тар Жәкішев.

Stan.kz

АЙКӨРКЕМДІ АТҚАНДАР

лайықты жазасын алуы тиіс

  • Қаңтар оқиға­сы кезін­де оққа ұшқан 4 жасар Айкөр­кем­нің өлі­міне бай­ла­ны­сты қыл­мыстық іс бой­ын­ша тер­геу амал­да­ры аяқтал­ды. Бір адам күдік­ті деп таны­лған, іс сотқа берілмек.

Бұл жөнін­де «Азатты­ққа» Айкөр­кем­нің әкесі Айдос Мел­де­хан хабар­ла­ды. Ол іс «өкілетін асы­ра пай­да­ла­ну» бабы­мен тер­гел­геніне және бір ғана күдік­ті болға­ны­на наразы.

Айдос Мел­де­хан­ның айтуын­ша, адво­ка­ты істі «билік өкілетін асы­ра пай­да­ла­ну» (451-бап) бабы бой­ын­ша тер­геп жатқа­ны­на келіс­пей­тінін айтты.

«Пре­зи­дент аппа­ра­ты­на да, Бас әске­ри про­ку­ра­ту­раға да жаз­дық. Істі 451-бап­пен жүр­гізіп жатқа­ны­на келіс­пей­міз дедік. Жау­ап әлі кел­ген жоқ. «Ерекше ауыр» қыл­мыс сана­ты­нан «ауыр» қыл­мысқа ауы­сты­рған. Олар нені көк­сеп оты­рға­нын біле­мін. Ертең­гі күні оған пре­зи­дент жар­лы­ғы­мен рақым­шы­лық жасай­ды, бол­ды – ешкім жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­май­ды. Іс «адам өлті­ру» бабы­мен тер­гел­сін!» – деді Айдос Мелдехан.

Ол соны­мен бір­ге қызы­ның өлі­міне қаты­сты істе бір ғана адам күдік­ті деп таны­лға­ны­на нара­зы екенін айтты.

«Айып­та­лушы­лар ара­сын­да коман­дир-лей­те­нант болуы керек. Бірақ атқан­дар­ды жау­а­пқа тарт­пай­ды. Қан­дай жағ­дай бол­са да, шешім­ге шағым түсіре­міз. Сарап­та­ма нәти­же­сі бір оқ бір мыл­ты­қтан шыққа­нын көр­сет­кен. Бірақ мыл­тық кім­ге тиесілі екенін олар біл­мей­ді-міс. Сол себеп­ті бұй­рық бер­ген коман­дир­ді жау­а­пқа тар­тып жатыр. Айкөр­кем­ге тиген оқты тап­паған, дефор­ма­ци­яға ұшы­раған деп айты­ла­ды. Жанель­ге (Айдос Мел­де­хан­ның қызы) жеті оқ тиген, біре­уін ғана жарам­ды деп тапқан, қалға­ны дефор­ма­ци­я­ланған дей­ді», – деді Айдос Мелдехан.

Azattyq.org

САЙЛАУ ШАТБЫНА ШАҚЫРАМЫН!

Мен – Ермұрат Бапи, Алма­ты қала­сын­дағы № 3 округ бой­ын­ша үміт­кер (кан­ди­дат) ретін­де ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің сай­ла­у­ы­на қаты­са­мын. Осы сая­си науқанға орай сай­ла­у­ал­ды штабыма:

  • үгіт­ші болуға сенім­ді өкілдерді;
  • жар­на­ма мамандарын;
  • жур­на­ли­стер мен блогерлерді;
  • тәу­ел­сіз бақылаушыларды;
  • ком­му­ни­ка­ция мен ІТ мамандарын

бір коман­да­да жұмыс істе­у­ге шақы­ра­мын! Үгіт­шілер мен сенім­ді өкіл­дер үшін Алма­ты қала­сын­да тұру мін­дет­ті емес.

Мен сай­ла­у­ға түсетін №3 округ­ке Алма­ты қала­сы­ның Ала­тау және Әуе­зов аудан­да­ры кіреді. Осы аудан­дар­да тұра­тын және менің үміт­кер­лі­гім үшін жұмыс істе­у­ге ынта­лы аза­мат­тар өз тұрғы­лы­қты жерін­де үгіт мате­ри­ал­да­рын тара­туға жәр­дем жасай­ды деген сенімдемін.

Ықы­ла­сты аза­мат­тар мына­дай теле­фон­дарға хабар­ла­са алады:

8−701−382−49−95,

8−777−493−83−83,

8−701−299−90−28.

Құр­мет­пен,

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн