Понедельник , 30 июня 2025

Жаңаөзенде жұмыссыз

ЖҮРГЕН ЖІГІТТЕР КӨП

  • 4 сәуір­де Маңғы­стау облы­сын­дағы моноқа­ла – Жаңаө­зен­де тұрақты жұмыс сұрап жүр­ген ондаған тұрғын қала әкім­ді­гіне жинал­ды. Олар лау­а­зым­ды тұлға­лар­ды мәсе­ле­лерін шешіп беру­ге үндеді. Жаңаө­зен қала­сы әкім­ді­гі алды­на жиналған­дар, ара­сын­да әйел­дер мен қарт­тар бар, Маңғы­стау облы­сы­ның әкі­мі Нұр­лан Ноға­ев пен Жаңаө­зен әкі­мі Айбек Қосу­ақо­вқа қайырылды.

«Біз осы мәлім­де­мені сіз­дер­ге жол­дап отыр­мыз, себебі біз, Жаңаө­зен тұрғын­да­ры, бір­не­ше жыл­дан бері жұмыс­сыз­быз. Бір­не­ше жыл­дан бері Жаңаө­зен әкім­ді­гі алды­на жина­лып, қала әкі­мі Қосу­ақо­втан, әкім­нің орын­ба­сар­ла­ры Аймаған­бе­то­втен, Қай­нар­ба­ев­тан жұмыс сұрап келе­міз. Бірақ олар ылғи «жұмыс жоқ» деумен келеді. Бізді еңбек­пен қам­ту бөлі­міне жібе­реді, ал еңбек қам­ту бөлі­мі өзді­гі­нен шешім шыға­ра алмай­ды. Осы тіз­бек қай­та­ла­на береді», – деді мәлім­де­мені оқы­ған тұрғын­дар­дың бірі.

Жиналған­дар­дың айтуын­ша, мәлім­де­ме­ге қол қой­ған­дар­дың жар­ты­сы – ұлда­рын жұмысқа орна­ла­сты­ру­ды сұрап жүр­ген әйел­дер. «Әйел­дер ұлда­ры­на жұмыс сұрап жүр. Ерлер әкім­дік­ке барып, жұмыс сұра­удан қорқа­ды. Олар­дың бала­ла­рын поли­ция алып кет­пей­тініне ешкім кепіл­дік бере алмай­ды. Олар­ды поли­ция учас­ке­лері­нен шыға­ру үшін және айып­пұл төлеу үшін ақша­ны қай­дан ала­мыз?» – дей­ді жиналғандар.

Тұрғын­дар өздеріне облыс және қала әкі­мі шыққа­нын талап етті. Бұған қоса, олар жаңа­дан сай­ланған депу­тат­тар­дың өздеріне келіп, талап-тіле­гін тың­да­маға­нын да баса айтты.

Маңғы­стау облы­сын­да жұмыс­сыздық мәсе­лесі ұзақ уақыт­тан бері шешіл­мей келеді. Жұмыс­сыздар жер­гілік­ті билік­тен тұрақты жұмыс беруді жиі талап етіп жүр. 4 сәуір­де Жаңаө­зен­де «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның кең­сесі алды­на 100-ден астам жұмыс­шы жина­лып, тұрақты жұмыс талап еткен. Олар­дың нара­зы­лы­ғы 5 сәуір­де де жалғасты.

Жаңаө­зен қала­лық мәс­ли­ха­ты­ның төраға­сы Ғалым Бай­жа­нов «Азатты­ққа» мәс­ли­хат жұмыс­сыз тұрғын­дар мен мұнай­шы­лар­дың тала­бы­нан хабар­дар екенін айт­ты. Оның айтуын­ша, жұмыс­шы­лар­дың мәсе­лесін әкім­дік пен ком­па­ния қарастыруда.

3 сәуір күні Маңғы­стау облы­сы әкім­ді­гі облыс бас­шы­сы Нұр­лан Ноға­ев­тың «халы­қ­пен кез­де­суінің қоры­тындыс­ын» жари­я­лаған. Онда Ноға­ев «қазір­гі жұмыс орын­да­рын сақтап, жаңа жұмыс орын­да­рын ашуға» күш салу керек деп мәлім­де­ген. Деген­мен ол «өңір­дің бар­лық тұрғы­нын мұнай-газ сала­сы­на орна­ла­сты­ру мүм­кін емес» деген билік өкіл­дері жиі айта­тын пікір­ді қайталады.

Бұған дей­ін 2 сәуір­де Қарақия ауда­ны Жеті­бай ауы­лы­ның тұрғын­да­ры алты күн­ге созы­лған нара­зы­лы­қты тоқтатқан еді. Жек­сен­бі күні тараған видео­да нара­зы­лар­дың бірі талап­та­ры орын­да­ла­ты­ны жөнін­де ескер­ту алға­нын айтады.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн