Четверг , 26 июня 2025

«ҚАРА ҚЫТАЙ…» досқа айналды…

Ақша бел­бе­уде, юань жол­да. Си мыр­за­ның мегажо­ба­сы Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын қалай көтерді?

Биы­лғы жыл­дың бес айын­да Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы күт­пе­ген жер­ден 6% өсім көр­сет­ті. Дүни­е­жүзілік банк маман­да­ры таң қал­ды, себебі олар 25 жыл бойы мұнай баға­сы өссе ғана қазақ эко­но­ми­ка­сы­на жан бітетініне үйреніп қалған еді. Ал биыл мұнай баға­сы өскен емес. МВФ тіп­ті өз мето­ди­ка­сын қай­та қара­уға мәж­бүр болды.

Бұл фено­мен­нің кір­пі­ші 2013 жылы қаланға­нын көбісі біл­мей­ді. Сол жылы 6 қыр­күй­ек­тің бұлт­сыз кешін­де қызыл туы бар борт Аста­на әуе­жай­ы­на келіп қонған. Қытай­ды басқарға­ны­на екі жыл­дан енді асқан Си Цзинь­пин есім­ді төраға трап­тан түсіп, өзін қар­сы алған қазақ деле­га­ци­я­сы­на «Бір бел­беу, бір жол» атты логи­сти­ка­лық-инте­гра­ци­я­лық жоба­сын таны­сты­рған еді. Арты­нан Ван Хунин деталь­да­рын айтып бер­гені есте. Осы­лай­ша әлем­нің ең ірі мегажо­ба­сы қазақ дала­сын­да дүни­е­ге кел­ген еді.

Араға 12 жыл салып, осы жоба қазақ эко­но­ми­ка­сын құтқа­рып жатыр. Мұнай тұра­лап тұрған­да, Қытай­дан Еуро­паға бара­тын темір­жол состав­та­ры есе­леп артып, біздің көлік сала­сы­ның бір жыл­да 22 пай­ы­зға өсуін қам­та­ма­сыз етті. Осы логи­сти­ка сала­сы бүкіл эко­но­ми­каға жан бітіріп, кем деген­де +2 пай­ы­зды өзі алып келді.

Аста­на­да өткен Орта­лық Азия мен Қытай ара­сын­дағы супер­фо­рум­да жаңа есік­тер­дің ашы­лып жатқа­нын да сездік. Енді Қытай темір­жол­дан әрі аттап, тех­но­ло­ги­я­лық бел­бе­уін іске қоса­ты­нын аңғарт­ты. Себебі біз өңде­лу дең­гейі төр­тін­ші саты­ға сай, қосы­лған құны жоға­ры өнім шыға­ра­тын тех­но­ло­ги­я­лық кәсі­по­рын­дар ашуға ниет­ті­міз деген ойы­мы­зды жет­кіз­ген­де, Қытай оған дай­ын болып шықты. Ар жағын­да Тай­ва­нь­мен тірес санк­ция мен блок­тық бөлі­ну­ге әкел­се, Қытай­дың қазақ жерін­де­гі өндірістік қуат­та­ры санк­ци­яға ілік­пей, сауда­сын жасай береді деген есеп­тің бар екені анық.

Қазақ үмітін арқа­лап келе жатқан Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев осы ұрым­тал сәт­те темір­ді қызды­рып барып соғып жібер­ді. Ол гео­са­я­си аху­ал күр­делі кезең­де жет­кі­зу тіз­бе­гінің сенім­ді әрі қауіп­сіз бағыт­та­рын қам­та­ма­сыз ету – бар­лық ел үшін стра­те­ги­я­лық тұрғы­дан өзек­ті екенін айтты.

«Еуро­па мен Ази­я­ның ірі өңір­лерін жалға­уда Орта­лық Азия басты логи­сти­ка­лық хабқа айна­лып келеді. Был­тыр Қытай­дан Орта­лық Азия елдері арқы­лы тасы­мал­данған жүк көле­мі 12 пай­ы­зға артып, 211 мың кон­тей­нер­ден асты. Қытай­дан Еуро­паға құр­лық жол­да­ры­мен жөнел­тілетін жүк­тің 85 пай­ы­зы Қаза­қстанға тиесілі. Осы орай­да Қытай тара­пы­на Кас­пий­де­гі «Құрық» пор­тын­да жүк тер­ми­на­лын бірі­гіп салу­ды ұсы­на­мыз», – деді мем­ле­кет басшысы.

Енді Қытай­дың біз­ге Құры­қта цифр­лі тер­ми­нал салып беретініне күмән жоқ. Изра­иль мен Иран­ның қылы­ғы, Ресей­дің оспа­дар соғы­сы Си Цзинь­пин­нің Орта­лық Ази­яға, оның ішін­де Қазақ еліне деген сені­мі мен махаб­ба­тын тіп­ті күшей­тіп отыр. Қытай­ша мақал­да­тып, әңгі­мені жібе­ретін Кемелұ­лы сияқты шебер пре­зи­дент осы нәзік сенім­ді одан әрі цемент­теп келеді.

Соңғы жыл­да­ры Орта­лық Азия мен Қытай ара­сын­дағы сауда айна­лы­мы қарқын­ды өскен. Был­тыр бұл көр­сет­кіш 95 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­ры­на жет­ті. Осы­ның жар­ты­сы­на жуы­ғы Қаза­қстанға тиесілі. Қаза­қстан экс­пор­ты­ның құры­лы­мын­да мұнай, мыс, уран, метал­лур­гия өнім­дері­мен қатар қай­та өңдел­ген агроөнім­дер­дің үлесі де артуда.

Аста­на­дағы супер­фо­рум Қаза­қстанға 24 мил­ли­ард дол­лар­дың кон­тракт­та­рын алып кел­ді. Олар энер­ге­ти­ка, құры­лыс, маши­на жасау, логи­сти­ка, ден­са­улық сақтау, агроө­нер­кәсіп, білім беру және цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар сала­ла­рын қам­ти­ды. Енді баяғы­дай мұнай, газ, көмір, шикі­зат деген әңгі­ме жоқ. Біз өза­ра жұмыстың басқа тех­но­ло­ги­я­лық кезеңіне көшіп отырмыз.

Қытай айт­са – қалп айт­пай­ды. 错路, 无绝路 демек­ші, Қаза­қстан алып­тар ара­сын­дағы өз жолын тапқан бақыт­ты мем­ле­кет­ке айна­лай­ын деп тұр.

Айбар ОЛЖАЕВ

Comments

Murat Imanbek:

Тама­ша тал­дау жасап­сыз! Шын­ды­ғын­да солай, Қытай өзінің өндірістік актив­терін көр­шілес жатқан елдер­ге орна­ла­сты­ру­да. Санк­ция Айдаһар­лар еліне қат­ты әсер етіп отыр. Тұра­лап қалған кәсі­по­рын­да­рын Вьет­нам, Өзбек­стан, Афри­ка сияқты мем­ле­кет­тер­ге орна­ла­сты­рып, жібер­ген шығын­да­ры­ның орнын жаппақ.

Ермұрат Бапи:

Гео­са­я­си әлем­де мың жыл­дық түсінік­тер өзгеріп жатыр. «Қара қытай қап­та­са…» деген тір­кестен тіксі­нетін кез кет­ті… Бүгін­де «…сары орыс әкең­дей көрі­неді» деген­нің де діңі өзгерді!

«Біз әлем­дік нары­ққа шыға алма­дық…» – деп зар­лай­мыз. 1,5 млрд-тық әлем­дік нарық ірге­міз­де – Алтай мен Барқыт­бел­дің, Жоңғар Ала­та­уы­ның арғы жағын­да жатқан жоқ па?! «Арғы жағы» – бұл тау­лар­дың күн­гейі екенін ұмытпайық…

Гүлжан Қази­мо­ва:

Қара су мен қара нан жеп отыр­сақ та, қытай қап­та­ма­са екен… Инве­сти­ци­я­сы­ның арты­нан мил­ли­он қытай келіп, еніп, орны­ғып, өңкей ақша­дан өлген жемқор, ашкөз қаза­қтың намыс­сыз шен­ді-шек­пен­ділерінің көмей­іне ақша тығып, тығып, оларға ақша үшін аза­мат­ты­қты үле­стіріп жібер­се, не бол­дық? Айбар Олжа­ев, сол жағын бақы­лап, құлып­тап ұстап оты­рған кім бар?!.

Республиканский еженедельник онлайн