Вторник , 21 июля 2026

ОРМҰЗДАҒЫ ДАҒДАРЫС Орта дәлізді дамытуға ИТЕРМЕЛЕП ОТЫР

Ормұз бұға­зын мина­дан тазар­туға алты айға жуық уақыт кете­ді. Оның өзін АҚШ пен Изра­иль­дің Иранға қар­сы соғы­сы тоқтаған жағ­дай­да ғана жүзе­ге асы­руға бола­ды. Бұл әлем­дік эко­но­ми­каға кері әсерін тигізіп, энер­ге­ти­ка­лық дағ­да­ры­сқа алып келуі мүмкін.

Таяу Шығы­стағы тұрақ­сыздық пен Укра­и­на­дағы соғыс Қаза­қстан, Орта­лық Азия мен Кав­каз арқы­лы өтетін көлік дәлізіне қан­дай әсер ете­ді? Ұзақ жыл­дар бойы Ресей­дің көлең­кесін­де қалып кел­ген Орта дәліздің даму пер­спек­ти­ва­сы бар ма?

 ОРМҰЗДАҒЫ МИНА

The Washington Post газетінің жазуын­ша, АҚШ қорға­ныс мини­стр­лі­гінің өкілі Өкіл­дер пала­та­сы­ның қару­лы күш­тер жөнін­де­гі коми­тетін­де өткен жабық бри­финг­те Ормұз бұға­зын Иран мина­ла­ры­нан тазар­туға алты ай уақыт кететінін айтқан. Бұл болжам демо­крат­тар­дың да рес­пуб­ли­ка­шыл­дар­дың да нара­зы­лы­ғын тудырған.

ПЕНТАГОН ПІКІРІ

Пен­та­гон Ормұз бұға­зын мина­дан тазар­ту мерзі­міне бай­ла­ны­сты пікір беру­ден бас тарт­ты. Оның ресми өкілі Шон Пар­нелл басы­лым жари­я­лаған ақпа­рат­ты «шын­ды­ққа жана­спай­ды» деп атап, The Washington Post газетін «шын­ды­қтан гөрі өз күн тәр­тібін ілгеріле­ту­ге көбірек мән береді» деп айыптады.

Ал The New York Times басы­лы­мы «Иран Ормұз бұға­зын­да орнатқан мина­ла­ры­ның қай­да екенін өзі тап­пай отыр» деп жазды.

АҚШ қорға­ныс мини­стрі Пит Хег­сет бұған дей­ін АҚШ әскері мина қоя­тын Иран кеме­лерін асқан дәл­дік­пен аяу­сыз жой­ып жатқа­нын және АҚШ «тер­ро­ри­стер­ге Ормұз бұға­зын кепіл­ге алуға жол бер­мей­тінін» мәлімдеген.

ИРАН БҰҒАЗДЫ АЛТЫ АЙҒА ДЕЙІН ЖАБА АЛАДЫ

Науры­зда CNN бар­лау қыз­метіне сіл­те­ме жасап, Иран бұғаз­ды бір айдан алты айға дей­ін жабық ұстай ала­ты­нын хабар­лаған бола­тын. Сол кез­де Шон Пар­нелл «бұғаз­ды алты айға жабу қабыл­дан­бай­ды және мүм­кін емес» деген.

17 сәуір­де АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трамп өзінің Truth Social әле­уемт­тік желісін­де Иран АҚШ-тың көме­гі­мен Ормұз бұға­зы­нан бар­лық теңіз мина­ла­рын алып таста­ды (алып жатыр) деп жазды.

НӘТИЖЕСІЗ БЕЙБІТ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК НАРЫҚ

21 сәуір­де Трамп аты­сты екі аптаға тоқта­ту тура­лы келісім мерзі­мін ұзар­тқан бола­тын. Бірақ тарап­тар әлі күн­ге дей­ін мәміле­ге кел­ген жоқ. Бұған дей­ін Исла­ма­бад­та өткен келіс­сөз­дер сәт­сіз аяқталды.

Соғыс басталғанға дей­ін Ормұз бұға­зы арқы­лы әлем­дік мұнай­дың 20 пай­ы­зы тасы­мал­данған. Бұл бағы­тқа негізі­нен Қытай, Жапо­ния және Оңтүстік Корея тәуелді.

Ормұз бұға­зы­ның ұзақ уақы­тқа бұғат­та­луы әлем­дік эко­но­ми­каға кері әсерін тигізіп, энер­ге­ти­ка­лық дағ­да­ры­сқа алып келуі мүм­кін. Қазір­дің өзін­де әлем­дік нары­қта мұнай баға­сы соғы­сқа дей­ін­гі кезең­мен салы­сты­рған­да айтар­лы­қтай қымбаттаған.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ОРТА ДӘЛІЗ

Жур­на­лист, сая­си шолу­шы Естай Божан гео­са­я­си жағ­дай ушы­ғып тұрған уақыт­та мүд­делі елдер­дің әлем­дік сауда тәу­ел­ді болған теңіз және құр­лық жол­да­рын сая­си қысым құра­лы­на айнал­ды­руы қалып­ты жағ­дай дей­ді. Бірақ бұн­дай жағ­дай­лар бір елдер­ге кедер­гі бол­са, енді бір мем­ле­кет­тер мен сауда бағыт­та­ры­на керісін­ше пай­да әке­леді. Соның бірі – Қаза­қстан арқы­лы өтетін Орта дәліз жолы.

Қытай­ды Еуро­па­мен бай­ла­ны­сты­ра­тын Орта дәліз жолын 2014 жылы Қаза­қстан, Әзер­бай­жан және Гру­зия құрған. Бірақ ол ұзақ жыл­дар бойы Ресей­дің бақы­ла­у­ын­дағы Сол­түстік жол­дың таса­сын­да қалып кел­ді. 2022 жылы Ресей Укра­и­наға басып кір­ген­нен кей­ін Орта дәліздің маңы­зы арт­ты. Оған баста­ма­шы үш ел ғана емес, Қытай, Түр­кия, Еуро­одақ, Дүни­е­жүзілік банк, Азия даму бан­кі сияқты елдер мен ұйым­дар да қар­жы құя бастады.

Таяу Шығы­стағы аху­ал ушы­ғып, Ормұз бұға­зын­дағы тұрақты­лы­қтың бола­шағы бұлы­ңғыр тар­тқан тұста Орта дәліз бағы­ты­ның маңы­зды­лы­ғы тағы да күн тәр­тібіне шықты дей­ді Естай Божан. Бірақ оның дамуын қала­май­тын да тарап­тар бар.

– Қазір­гі қалып­тасқан жағ­дай­да Қаза­қстан, Әзер­бай­жан және Гру­зи­ядан да бөлек көп­те­ген тарап Орта дәліздің дамуы­на мүд­делі. Бірақ оған кедер­гі кел­тір­гісі келетін тарап­тар да бар. Себебі Орта­лық Ази­я­ның әлем­дік жет­кі­зу тар­мағын­дағы рөлінің жоға­ры­ла­уы Ресей, Иран секіл­ді елдер­дің рөлін бел­гілі дең­гей­де әлсіре­те­ді. Тек ол ғана емес, бұл аймақтағы күш­тер тең­гері­міне де үлкен әсер етуі мүм­кін. Осы тұрғы­да Мәс­кеу аймақтағы өзінің дәстүр­лі ықпал ету­ші ретін­де­гі рөлін сақтап қалу үшін де Орта дәліздің дамуын қол­дай қой­май­ды. Тіке­лей кедер­гі кел­тір­ме­ген күн­нің өзін­де осы маңы­зды жобаға инве­сти­ция салғы­сы келетін тарап­тарға қысым жасай алады.

Бірақ қазір­гі жағ­дай тұрғы­сы­нан қара­сақ, Ресей­мен тығыз қарым-қаты­на­стағы Қытай да бұл бала­ма дәліз­ге мүд­делі. Тіп­ті Қытай бұл дәлізді дамы­ту­дың тіке­лей қозға­у­шы күшіне айналғы­сы да келеді. Соны­мен бір­ге осы маңы­зды сауда жолын АҚШ неме­се ЕО Қытай­дың ықпа­лы­на беріп қой­ғы­сы кел­мей, Әзер­бай­жан мен Гру­зия арқы­лы өздері ықпал етуді қалай­ды. Міне, осы мүд­де­лер ара­сын­да бір түсіністік табыл­са, Орта дәліз қысқа уақыт ішін­де жаһан­дық сауда тора­бын­дағы маңы­зды тар­маққа айна­лып шыға келеді. Сіз айтып оты­рған­дай, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуро­па­дағы қай­шы­лық ұза­ққа созы­лған сай­ын, тарап­тар бұл жол­ды дамы­туға барған сай­ын мүд­делі бола түседі, – дей­ді Естай Божан.

«ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАТЫН ҮРДІСТІҢ ҚЫСҚА ҒАНА КӨРІНІСІ»

Өткен апта­да Дүни­е­жүзілік банк пен оның серік­те­стері дәлізді дамы­туға 3,3 мил­ли­ард дол­лар қар­жы бөл­ді. Оның 1,4 мил­ли­ар­ды Қарағанды–Жезқазған тас жолын жөн­де­у­ге жұм­сал­мақ. 1,9 мил­ли­ард дол­лар Түр­ки­я­ның Бос­фор бұға­зын кесіп өтетін Сол­түстік темір­жол өткелін салуға беріледі. Орта дәліз Орта­лық Азия, Кас­пий теңізі, Оңтүстік Кав­каз және Түр­ки­я­ны басып өтіп, Қытай мен Еуро­па­ны жалғайды.

– Қазір аймақта әлі де Ресей басты ықпал ету­ші күш сана­ла­ды. Соңғы жыл­да­ры аздап әлсіре­гені­мен, әлі де тең­дей бала­ма­лы күш ретін­де ешбір тарап­ты көр­се­те алмай­мыз. Ал Қытай бол­са аймақта өз ықпа­лын қарқын­ды дамы­тып келе жатыр, бұл бағыт­та Еуро­одақ елдері де маңы­зды қадам­дар жаса­ды. АҚШ та табиғи ресур­старға бай және гео­ст­ра­те­ги­я­лық маңы­зды аймақта өзінің мүд­десін тұрақты түр­де алға жыл­жы­ту­да. Бұл бір ұза­ққа созы­ла­тын үрдістің қысқа ғана көрінісі секілді.

Әлбет­те, біз осы күш­тер бай­ла­ны­сы­ның өзгерістерін ұдайы бақы­ла­у­ға мәж­бүр­міз. Бұл күр­делі қарым-қаты­нас қан­дай жағ­дай­да аймақ тұрақты­лы­ғы­на кері әсер ете­ді? Ең дұры­сы үрдіс барын­ша баяу жүр­гені, егер үдеріс тез­деп кет­се, бұл ірі күш­тер ара­сын­дағы бәсе­келі қарым-қаты­на­сты күшей­тіп, соңы олар­дың аймақтағы қай­шы­лы­ғын да үдетіп жібе­реді. Ондай жағ­дай­ды аймақ тұрақты­лы­ғы­на қауіп­ті деп баға­ла­у­ға бола­ды. Ал әзір­ше оқиға­лар өз реті­мен дамып жатқан­дай. Осы бірқа­лып­ты жағ­дай аймақ елдерінің де сыр­тқы ықпа­лы мен маңы­зын бір­тін­деп көтеріп келеді, – дей­ді Естай Божан.

 Есдәу­лет ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн