Пятница , 21 ноября 2025

Қайғылы жағдай қайталанбағай

Бұр­нағы күні таң­да Түр­кістан облы­сы­ның Жеті­сай ауда­ны, Алға­бас ауы­лын­да бүкіл елі­міздің қабы­рға­сын қай­ы­сты­рған қай­ғы­лы оқиға орын алды. Жаңа салы­нған екі қабат­ты тұрғын үй отқа ора­нып, 12 адам өрт сал­да­ры­нан қаза тап­ты, олар­дың тоғы­зы – бала­лар. Тағы үш адам зардап шегіп, ауыр хал­де ауру­ха­наға түсті.

Аза­лы хабар­ды есті­ген Түр­кістан облы­сы­ның әкі­мі Нұрал­хан Көше­ров сол күні шұғыл түр­де Алға­бас ауы­лы­на жетіп, өрт­тен қаза тапқан отба­сы­ның жақын­да­ры­на көңіл айт­ты. Сон­дай-ақ аман қалып, ауру­ха­наға түс­кен тұрғын­дар­дың жағ­дай­ы­мен таны­сты. Аймақ бас­шы­сы Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы­мен үкі­мет­тік комис­сия құры­лға­нын хабарлады.

Кей­інірек сол үкі­мет­тік комис­си­я­ның төраға­сы, Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры Қанат Бозым­ба­ев өрт­ке қаты­сты Үкі­мет­те баян­да­ма жаса­ды. Оның айтуын­ша, көп адам­ның өмірін қиған өрт оқиға­сын­да қыл­мыстық құрам жоқ. Оқиға орнын­да тер­геу шара­ла­ры жүр­гізіліп, өрт­тің себебі аны­қта­лып жатыр. Тер­геу аясын­да ҚР Қыл­мыстық кодексінің 292-бабы­ның 3‑бөлігі «Өрт қауіп­сізді­гі талап­та­рын бұзу» бабы бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғалған. 

         Бозым­ба­ев марқұм­дар­ды жер­леу рәсі­мін ұйым­да­сты­ру және қаза тапқан­дар мен зардап шек­кен­дер­дің отба­сы­ла­ры­на көмек көр­се­ту, өрт­тің туын­дау себеп­терін аны­қтау, соны­мен қатар, мұн­дай жағ­дай­лар­дың алдын алу бой­ын­ша бірқа­тар тап­сыр­ма­лар беріл­генін айт­ты. Оның ішін­де Төтен­ше жағ­дай мини­стр­лі­гіне елде­гі хостел­дер мен жатақ­ха­на­лар­ды, жер үйлер­ді, әсіре­се осал топ­тарға тиесілі үйлер­ге рейдтер жүр­гізіп, тиісті шара­лар­ды қабыл­дау және тиісті жаб­ды­қтар­ды орна­туға тап­сыр­ма беріл­генін мәлімдеді.

         Вице-пре­мьер әкім­дік­ке және Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гіне қаза тапқан­дар­дың отба­сы­ла­ры­на қажет­ті мате­ри­ал­дық көмек­ті толық көлем­де көр­се­туді тап­сыр­ды. Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гіне зардап шек­кен­дер­дің жағ­дай­ын тұрақты бақы­ла­уда ұстау, қажет болған жағ­дай­да сани­тар­лық авиа­ци­я­ны пай­да­ла­на оты­рып, олар­ды Аста­на қала­сы­на жет­кі­зуді ұйым­да­сты­ру жүк­тел­ді. Ал Ішкі істер мини­стр­лі­гіне адам­дар­дың қаза болуы­на қаты­сты сотқа дей­ін­гі тер­ге­удің бары­сын ерекше бақы­ла­у­ға алу тапсырылды.

         Ара­дан біраз уақыт өткен­де ауыр хал­де ауру­ха­наға түс­кен үш 

адам­ның да қай­тыс болға­ны хабар­лан­ды. Осы­лай тіл­сіз жау, айтып кел­мей­тін апат­тың сал­да­ры­нан Айдың, Күн­нің ама­нын­да 15 отан­да­сы­мыз бей­мез­гіл опат бол­ды. Жүре­гін­де има­ны, аузын­да кәла­мы бар бар­ша ағай­ын­ның жүре­гін зырқ еткіз­ген аса ауыр қаза бұл!

Ел ішін­де­гі аху­ал мен ағай­ын­ның хал-жағ­дай­ы­на бей-жай қарай алмай­тын аза­ма­тар міне екі күн­нен бері түр­лі әле­умет­тік желі арқы­лы осы орны тол­мас қаза­ға бай­ла­ны­сты көңіл айтып, ізгі ниет­терін біл­діріп жатыр. «Дат» газеті редак­ци­я­сы­ның ұжы­мы да қай­тыс болған жан­дар­дың туған-туы­ста­ры­на, жақын-жуы­қта­ры­на, бүкіл Алға­бас ауы­лы­ның тұрғын­да­ры­на қай­ғы­ла­ры­на ортақ­та­сып, терең қай­ғы­ру­мен көңіл айта­ды. Ата-баба­ла­ры­мыз ежел­ден от бәлесі­нен, су бәлесі­нен, жала бәлесі­нен сақтағай деп тілек тіле­ген. Ләй­ім, қаза­ның ізі қай­ыр­лы болғай! Ешқа­шан мұн­дай қай­ғы­лы жағ­дай қайталанба

Республиканский еженедельник онлайн