Пятница , 23 января 2026

ТИСЕТЕРЕККЕ,ТИМЕСЕБҰТАҚҚА

Біздің қоғам­да кей­бір адам­дар бар. Мәсе­ленің мәнісін түсін­бей жатып, бай­ба­лам сала береді. Олар­ды мұн­дай қада­мға не итер­ме­лей­тінін біл­мей­мін, алай­да кез кел­ген нәр­се­ге сын айтқы­сы келіп тұра­ты­ны анық. Мыса­лы, әле­умет­тік желі­де пар­ла­мент­тік рефор­ма­ны сына­уға тыры­сып­ты. Сына­маған, сына­уға тырысқан.

Былай қара­саңыз, әлгі кісілер шын­ды­қты шырыл­да­тып жатқан секіл­ді көрі­нуі мүм­кін. Деген­мен пар­ла­мент­тік рефор­ма жөнін­де­гі жұмыс тобы­нан хаба­ры бар кез кел­ген адам оның қателі­гін бір­ден аны­қтай ала­ды. Мәсе­лен, жұмыс тобы­ның құра­мын­да неге ғалым­дар мен сарап­шы­лар жоқ деп тиісіп­ті. Бірақ тізім­ді ашып көр­ме­гені анық. Әйт­пе­се жұмыс тобы­ның құра­мын­да 7 бір­дей заң ғылым­да­ры­ның док­то­ры бар. Сон­да олар аспан­нан сал­бы­рап түсті ме? Әлде заң­ның қыр-сырын жетік мең­гер­ген бұл кісілер ғалы­мға жат­пай ма? Заң­дық мәсе­ле­ге заң­ды жетік мең­гер­ген ғалым­дар­ды тарт­па­сақ, био­лог пен физик­ті шақыр­май­ты­ны­мыз анық қой.

Содан кей­ін тізім­де «Әділ сөз» сөз еркін­ді­гін қорғау халы­қа­ра­лық қоры­ның пре­зи­ден­ті Қар­лы­ғаш Жаманқұ­ло­ва бар. Сол сын айтуға тыры­сып жүр­ген­дер «Әділ сөз» деген қан­дай ұйым екенін біле ме өзі? Неме­се құр босқа елді дүр­лік­тіріп жатыр ма? Жау­а­бы анық.

Қар­лы­ғаш ханым­ды жеке­лей тани­мын. Бір өзі талай шару­а­ны тын­ды­рып жүр­ген азамат.

Элек­трон­ды үкі­мет сайт­та­рын­да арнайы «Пар­ла­мент­тік рефор­ма» деген бөлім ашыл­ды. Кез кел­ген адам соған өз ұсы­ны­сын жібе­руіне бола­ды. Осы­ған дей­ін алты жүз­ден астам ұсы­ныс келіп түсті. Бұдан бөлек, Пар­ла­мент­те­гі пар­ти­я­лар да, қоғам­дық ұйым­дар да ұсы­ны­ста­рын жет­кізіп жатыр. Сон­да мұның бәрі халы­қтың пікірін тың­дау бол­ма­са, басқа не? Елі­міз­де­гі жиыр­ма мил­ли­он адам­ның әрқай­сысы­на барып, жеке-жеке пікір сұрау қажет пе?

Пар­ла­мент бір пала­та­лы болған соң, Кон­сти­ту­ци­я­ның бір­не­ше бабын өзгер­ту­ге тура келеді. Өйт­кені Кон­сти­ту­ци­я­ның 4 бөлі­мін­де қос пала­та­лы пар­ла­мент­тің қыз­меті жазы­лған. Енді соның бәрін бір пала­та­лы пар­ла­мент­ке бей­ім­деу қажет. Соны түсін­бе­ген­дер Кон­сти­ту­ци­я­ны өзгер­тей­ін деп жатыр деп шуылдайды.

Бұдан кей­ін­гі лаққан әңгі­ме­лер­ге жау­ап берудің кере­гі шама­лы секіл­ді. Тыр­нақ асты­нан кір іздеп, жоқтан өзге­ге соқты­ғы­сып отыр. Жұмыс тобы­на кір­ген заң ғылым­да­ры­ның док­тор­ла­рын көр­мей оты­рған­дар, элек­трон­ды пор­талға жүз­де­ген ұсы­ныс келіп түс­кенін біл­мей­тін­дер үшін факт деген ұғым­ның өзі маңы­зды емес сияқты. Оларға бос айқай керек. Қоғам­дық пікір­ді улап, нақты жұмыстың қадірін кетіреді. Ақыр соңын­да елге зиян кел­тіреді. Дәл қазір әле­умет­тік желі­де көріп оты­рға­ны­мыз – сын­ның емес, сая­си сау­ат­сызды­қтың көрінісі.      Айбар ОЛЖАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн