Суббота , 14 ноября 2026

Заманауи кәсіптік білім және цифрлық жұмыспен қамту

Қаза­қстан­ның еңбек нары­ғын­дағы құры­лым­дық трансформация

Ағым­дағы жыл­дан бастап, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық сая­са­тын­да жұмыс күшінің мәр­те­бесін арт­ты­ру, ұлты­мы­здың эко­но­ми­ка­лық сек­то­рын білік­ті маман­дар­мен тол­ты­рып, нығай­ту және елі­міздің еңбек сала­сын зама­на­уи талап­тар бой­ын­ша бей­ім­деу басты бастым­ды­қтар­дың біріне айнал­ды. Мем­ле­кет пре­зи­ден­тінің жар­лы­ғы бой­ын­ша 2025–2026 жыл­да­рын «Жұмыс­шы кәсіп­тері жылы» ретін­де тағай­ын­да­луы осы сала­дағы ауқым­ды рефор­ма­лар­дың орын алуы­на себеп бол­ды. Бұл бастау тек кәсіп­тік және тех­ни­ка­лық білім беру жүй­есін қай­та жан­дан­ды­ру­мен қоса қоғам­дағы еңбек­ші адам бей­несін жаңа дең­гей­ге жет­кізді. Соны­мен қатар, бұл баста­ма масыл­дық пси­хо­ло­ги­я­сы­мен және жаңа жұмыспен қам­ту түр­лері мен жүй­е­лерін құқы­қтық тұрғы­дан нығай­ту­ды көздеді.

Еңбек нары­ғы­ның сұра­ны­сы және кадр­лық ресур­стар тапшылығы

Қазір­гі таң­да елі­міздің бір­ша­ма сала­ла­ры сапа­лы прак­ти­ка мен дай­ын­ды­қтан өткен маман­дарға зор мұқтаж­дық ету­де. Олар: өңдеу өнер­кәсібі, тау-кен метал­лур­гия кешені, энер­ге­ти­ка, құры­лыс және ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­ла­ры. Еңбек ресур­ста­рын дамы­ту орта­лы­ғы­ның деректерінің болжам­да­ры­на сәй­кес алды­ңғы 5–6 жыл­да елі­міздің ішкі нары­ғы­на 400 мыңға жуық кәсіп өкіл­дері қажет бол­мақ. Қажет­ті кәсіп­тер ішін­де өндірістік өңір­лер мен сол­түстік және орта­лық облы­стар­дағы білік­ті опе­ра­тор­лар, элек­трик­тер, авто­ме­ха­ник­тер, дәне­кер­ле­ушілер басым­ды­ққа ие және сұра­ныс өте жоғары.

Оған қоса, кей сала­лар­да жас буы­нға қараған­да аға буы­ны­ның басым­ды­ғы жоға­ры. Тау-кен метал­лур­ги­я­лық кешенін­де­гі қыз­мет­кер­лер­дің жас ерекшелі­гін тал­дау сарап­та­ма­сы көр­сет­кен­дей, қыз­мет­кер­лер­дің көп­шілі­гі 40 жастан асқан­дар, нақты­рақ айт­сақ-жұмыс­шы­лар­дың 50%-ға жуы­ғы 40 жастан асқан, ал 25%-ы 50 жастан жоға­ры жас сана­тын құрай­ды. Сол себеп­ті жас буын­ды өндірісті сала­ларға тар­тып, аға буын тәжіри­бесі­мен сабақ­та­сты­ру және жұмыс­шы кәсіп­терінің беделін айқын­дау мәсе­лесін жедел шешу көзделді.

Кәсіп­тік-тех­ни­ка­лық білім беру сала­сын (ТКБ) инсти­ту­ци­о­нал­дық жаңғыр­ту және сапа­лы қаржыландыру

ТКБ жүй­есін ауқым­дан­ды­ру, сапа­сын арт­ты­рып әрі жаңа дең­гей­ге көте­ру мақ­са­тын­да мем­ле­кет тара­пы­нан бұрын бол­маған қол­дау шара­ла­ры орын­да­лу­да. Ең басты өзгеріс пен жаңар­ту­лар­дың бірі ол кол­ле­дж­дер­де білім алушы­лар­ды жан басы­на қар­жы­лан­ды­ру нор­ма­ти­вы­ның, яғни мем­ле­кет тара­пы­нан бір сту­дент­ке бөлетін қар­жы­ның  айтар­лы­қтай өсуі болып табы­ла­ды. Егер бұған дей­ін мем­ле­кет тара­пы­нан бір сту­дент­ке жылы­на орта есеп­пен 437 мың тең­ге бөлініп кел­се, 2025–2026 оқу жылы­нан бастап бұл сома 912 мың тең­ге­ге дей­ін ұлғай­тыл­ды. Бұл ауқым­ды жаңар­ту кол­ле­дж­дер­де­гі тех­ни­ка­лық және мате­ри­ал­дық баға­ны жақ­сар­тып, жаңар­туға, зама­на­уи әрі кәсі­би зерт­ха­на­лар мен шебер­ха­на­лар ашуға мүм­кін­дік береді.

Білім сала­сы мен нақты прак­ти­ка­лық өндіріс ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты нығай­ту үшін ірі отан­дық биз­нес құры­лым­да­ры мен ұйым­да­ры бел­сен­ді тар­ты­лу­да. Қазір­гі таң­ның өзін­де 518 өнер­кәсіп­тік кәсі­по­рын арна­у­лы оқу орын­да­рын өз қамқор­лы­ғы­на (шеф­ство) алған. Бола­шақта бұл көр­сет­кі­шті есе­леп, 3,5 мың биз­нес-құры­лы­мға дей­ін жет­кі­зу жоспарланған.

Оған қоса, мем­ле­кет­тік және халы­қа­ра­лық білім беру стан­дарт­та­ры мен талап­та­рын еске­ре оты­рып, 8 мың­нан астам оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры толық жаңар­тыл­ды. Сон­дай ақ, 1,5 мың­нан астам мұғалім­дер өңдірістік алаң­дар­да қай­та білім алып, даяр­ла­удан өтудің арқа­сын­да кәсі­би білім­дерін арт­ты­ру­да. Атал­мыш рефор­ма­лар оқу орын­да­ры­ның және оны бітіру­шілер­дің бәсе­ке­ле­сті­гін, сапа­сы мен білік­тілі­гін арт­ты­рып, олар­дың еңбек нары­ғын­дағы сұра­ны­сқа толық жау­ап беруіне кепіл­дік береді.

Цифр­лық жұмыспен қам­ту­дың жеңіл­детіл­ген құқы­қтық режимі

Қазір­гі таң­да эко­но­ми­ка­ның құры­лы­мы бір­ша­ма өзгерістер­ге ұшы­ра­уда. Цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­дың дамуы­мен бір­ге жұмыспен қам­ту­дың дәстүр­лі емес түр­лері тара­лу­да. Фри­лан­сер­лер, курьер­лер, плат­фор­ма­лық жұмыс­шы­лар және так­си жүр­гі­зу­шілері еңбек нары­ғы­ның еле­улі бөлі­гіне айнал­ды. Сол себеп­ті, Мем­ле­кет Үкі­меті 2026 жыл­дың соңы­на дей­ін цифр­лық жұмыспен  қам­ту­дың дамы­ған, жеңіл­дең­ген құқы­қтық режи­мін қалып­та­сты­ру­ды бітіреді.

Бұл рефор­ма­лар­дың аста­рын­дағы мақ­сат – ол әрбір аза­матқа қол­жетім­ді, қолын­дағы смарт­фон­ды заң­ды табыс көзіне айнал­ды­ру және оны тиім­ді түр­де жеке биз­нес жүр­гі­зетін ажы­ра­мас құралға айнал­ды­ру. Бұн­дай жаңа құқы­қтық режим онлайн жұмыс­шы­лар­дың жұмысы мен табысын заң­ды ету­ге және олар­ды әле­умет­тік сақтан­ды­ру, пен­си­я­лық қам­сыздан­ды­ру және меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру жүй­е­леріне бірік­тіру­ге мүм­кін­дік береді.

Елі­міз­де­гң шағын биз­не­стер мен орта биз­не­стер­дің жал­пы ішкі өнім­дері 40%-ға жет­кенін және негіз­гі капи­талға тар­ты­лған инве­сти­ци­я­лар­дың 70%-ға жуы­ғын құрай­ты­нын еске­ретін бол­сақ, цифр­лан­ды­ры­лған жұмыспен қам­ту­ды лега­ли­за­ци­я­лау елде­гі кәсіп­кер­лер­дің бел­сен­ділі­гін одан әрі арт­тыр­мақ. Бұл көлең­келі эко­но­ми­ка­ның (заң­сыз эко­но­ми­ка­ның) үлесін одан сай­ын азай­тып, аза­мат­тар­дың өз еңбе­гі­мен табыс табуы­на қолай­лы жағ­дай жасайды.

«Еңбек ада­мы» идео­ло­ги­я­сы және масыл­ды­қ­пен күрес

«Заң және тәр­тіп» прин­ци­пі мен «Еңбек ада­мы» идео­ло­ге­ма­сын елі­міз­де берік орны­қты­ру – кәсіп­тік білім мен жұмыспен қам­ту сая­са­ты­ның маңы­зды иде­я­лық өзе­гі болып табы­ла­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы, жол­да­уын­да әле­умет­тік масыл­ды­ққа жол бер­ме­уді, дай­ы­нға үйре­ну пси­хо­ло­ги­я­сы­нан ары­лу­ды және адал еңбек­ті жоға­ры баға­ла­уды талап етті.

Жұмыс­шы кәсіп­терін насы­хат­тап, олар­дың беделін арт­ты­ру қоғам­дық сана­ны жаңғыр­ту болып табы­ла­ды. Адал еңбе­гі­мен нан тауып, ыры­сын еслеп жүр­ген қара­пай­ым жұмыс­шы­лар мен маман­дар­дар­дың еңбе­гін дәріп­теп, мәр­те­бе­леу арқы­лы жастар ара­сын­да еңбекқор­лық құн­ды­лы­ғын қалып­та­сты­ру көз­де­леді. Осы­ған орай, сан алу­ан сала­лар­да еңбек етіп жүр­ген аза­мат­тар­дың қажыр­лы еңбе­гін көр­се­ту және беделін арт­ты­ру бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның басты мін­деті болып табылады.

Қоры­тын­ды­лай келе, кәсіп­тік және тех­ни­ка­лық білім беру жүй­есін жаңғыр­ту мен цифр­лық жұмыспен қам­ту­ды құқы­қтық рет­теу бұл бір бірі­мен тығыз бай­ла­ны­сты стра­те­ги­я­лық бағыт­тар. Олар еңбек нары­ғын­дағы тең­герім­сіздік­ті жоюға, жастарға сапа­лы білім мен заң­ды табыс көзін ұсы­нуға, сон­дай-ақ Қаза­қстан­ның өнер­кәсіп­тік және цифр­лық дамуын қам­та­ма­сыз ету­ге бағыт­талған. Еңбек ада­мын ардақтау, сапа­лы кәсіп­тік білім беру және зама­на­уи жұмыс орын­да­рын құру – Әділет­ті Қаза­қстан­ды құру­дың сенім­ді кепілі.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн