Советтік басқыншылық күні ГРУЗИЯДА ТУЛАР ТҮСІРІЛДІ

Өнеге!

 

Кеше Грузияда советтік басқыншылық күніне орай мемлекеттік мекемелер мен алаңдардағы тулар төмен түсірілді. Грузия астанасы Тбилисиде жұртшылық юнкерлерге (1918 жылдардағы грузин әскерилері) арналған ескерткішге гүл шоқтарын әкеліп қойды.

Еске салайық, 1921 жылы ақпанның 25-і күні 11-Қызыл армия әскері Тбилисиге басып кіріп, қарсылық білдірген грузин юнкерлері мен ерікті отряд мүшелерінің көбін өлтірген еді. Осы күні Грузияда советтік билік орнаған.

Грузия 1991 жылы СССР құлағаннан кейін тәуелсіздігін алды. 2010 жылы ел парламенті ақпанның 25-ін – советтік басқыншылық күні деп жариялаған.

Azattyq.org

 

Бұл екі арада

Алматы қаласында 104 көшеге Ұлы Отан соғысының батырларының аты берілген, деп мәлім етті қалалық Тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттар басқармасының ономастикалық бөлімінің бас маманы Бауыржан Абдуллаев. «Қазір 104 көшеге Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының Батырларының есімдері берілген. Үдеріс артып келеді», – деді Б. Абдуллаев ҚазТАГ-қа сәрсенбі күні.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн