Вторник , 1 июля 2025

Енді долларсыз КҮН КӨРЕМІЗ

Қаза­қстан­да ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны дол­лар­сыздан­ды­ру жос­па­ры қабыл­дан­ды, деп хабар­ла­ды бұр­нағы күн­гі пар­ла­мент оты­ры­сын­да Ұлт­тық банк төраға­сы Қай­рат Келімбетов.

Келім­бе­тов бұл жос­пар­дың үкі­мет оты­ры­сын­да мақұл­данға­нын және жос­пар­да бірқа­тар шара­лар қам­ты­лға­нын айт­ты. Олар­дың ара­сын­да тау­ар, қыз­мет көр­се­ту баға­ла­рын шетел валю­та­сы­мен, оның ішін­де дол­лар­мен көр­се­ту­ге тый­ым салу, тұрғын­дар­дың ұлт­тық валю­та­да ашқан депо­зит­теріне кепіл­ден­діріл­ген депо­зит көле­мін бес мил­ли­он тең­ге­ден он мил­ли­он тең­ге­ге дей­ін көбей­ту, шетел валю­та­сы­мен ашы­лған депо­зит­тер­ге жыл­дық сый­ақы мөл­шер­ле­месін үш пай­ы­зға дей­ін азай­ту бар.

– Қан­дай да бір валю­та­ның қол­да­ны­луы­на тый­ым салын­бай­ды. Мұн­да пре­зи­дент тая­у­да үкі­мет­тің кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да айтқан ұлт­тық валю­та­ның рөлін арт­ты­ру жай­лы әңгі­ме болып отыр, – деді Қай­рат Келім­бе­тов. Оның айтуын­ша, ұлт­тық эко­но­ми­ка­ны дол­лар­сыздан­ды­ру жос­па­ры бой­ын­ша жеке тұлға­лар ара­сын­да жыл­жы­ма­лы және жыл­жы­май­тын мүлік сауда­сын­да қол­ма-қол төлем жаса­уды түр­лі жол­дар­мен рет­теу қарас­ты­ры­лған. Ол бұл өзгерістер заңға сай кезең-кезеңі­мен жаса­ла­ды дейді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн