«Общественная позиция»
(проект «DAT» №08 (279) от 26 февраля 2015 г.
Апта аптығы
Дағдарыс дабылы
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және оған кіретін құрылымдар 2015 жылы сыртқы қарыз бойынша $4,7 млрд төлеуі керек, деп хабарлады қор төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
«Жалпы, шетел валютасындағы біздегі қарыз шамамен 37 млрд долларды құрайды… Ол қарызды жабуға бізге көп қаржы керек. Тек 2015 жылы ғана бізге 4,7 млрд доллар керек. Сонымен қатар біз инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қарызданамыз және инвестициялық жобалар аясындағы міндеттемелер бойынша бізге 1 млрд долларды жабу керек», – деді Ө.Шөкеев жұмадағы брифингте.
«Біздің сыртқы алыс-берісімізге келер болсақ, ол біздің алыс-беріімізге әсер етеді деп ойламаймын. Менің ойымша, біздің екінші деңгейлі банктер бізге валютамен қарыз береді және теңгемен біз БҰЗҚ-нан қалай қорлар аламыз деп ойлап жүрміз, яғни біздің қазіргі жағдайымыз осындай», – деді Ө.Шөкеев.
«Қазір бізде, мүмкін, биыл 2,5 млрд доллар аралығында қарыз алу қажеттілігі туындап қалар. Біз қазір соны қайдан аламыз деп ойлап отырмыз. Бәрі жағдайға байланысты. Егер сыртқы нарықтағы жағдай біз үшін барынша қызықты болса, онда біз сыртқы нарыққа шығамыз. Бірақ біздің қазіргі жағдайымыз бойынша бізге ішкі нарықтан қарыз алған қолайлы. Ішкі нарықта қор бар», – деді мемхолдинг басшысы.
ҚазТАГ