Атырау мен Керекуге 3 МЫҢ ШЕТЕЛДІК жалдамалы жұмысшы келеді…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Апта аптығы

071816_1227_1.jpg

Атырау мен Павлодардағы мұнай зауыттарын жаңғырту үшін 3 мыңнан астам шетел күші тартылады. ҚР үкіметінің 28 маусымдағы тиісті қаулысы ресми басылымда жарияланды.

«Атырау МӨЗ-ын реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және «Атырау МӨЗ-ын реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізілсін.

Көрсетілген қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (…)», делінген құжат мәтінінде. Сонымен, қаулының қосымшасына сәйкес, «Атырау МӨЗ-ын реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталар 2050 адамды құрайды.

Басқа қаулымен «Павлодар МӨЗ-ын реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квоталар 1044 адамды құрайды. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн