ТЕМІРҚАЗЫҚ | Ермұрат Бапи

«ЗӘРУЛІК ЗАРЫ» – АЭС салудың амалы

Атом станциясын салу жөнінде жобалық жұмыстар жүргізіле бастаған кезде Қазақстанда электр энергиясының жетіспеу «проблемасы» жөнінде сөз қозғала бастады. Жекелеген елді мекендерде жарықты кезек-кезек өшіру «мәжбүрлігі» туындағаны айтылуда.Бұл – қуат тапшылығынан туған зәрулік емес. Бұл – АЭС салу жобасын қайткенде де жүзеге асырудың насихаттық-алдарқату әлпеті. Халықтың қарсылығын осындай «тапшылықпен» таптап, Ресейге …

Читать далее »

«Еститін үкімет» – САҢЫРАУ

Наурыздың 1-і күнгі митингіде менің қамауға алынуым – көз үйренген, ет өлген «қалыпты» мәселе. Соңғы ширек ғасырдан бергі құқайдың статистикасынан жаңылып қалдық. Қалыпсызы – президенттік сайлаудан кейінгі Тоқаев мырзаның «еститін үкімет» боламыз деген сөзіне саяды. Оның «естиміз» дегеніне де жылға тақап қалды. Бірақ таскерең болып қалмаса, алаңға шығып жатқан, әлі …

Читать далее »

Бір естелік

Нақты уақыты есімде жоқ: 2005 жылғы жаздың бір күні Заманбек аға телефон соқты. «Әй, сен боссың ба?». «Боспын… Жайшылық па?». «Қазір үйіңнің жанынан өтем, менің машинамның соңынан еретін бол!». «Қайда барамыз?». «…» Зақаң әдеттегі шорт мінезімен сөзді шолақ доғарды. Көше бойында қара «Мерседессті» күтіп тұрмын. Көлігі қасымнан зу етіп өте …

Читать далее »

ҚАЗАҚҚА Навальный ҚАЖЕТ ПЕ?

Ресейдегі митингілер толқыны «сайлаудан» соң селқос жатқан Қазақстанды селк еткізген сияқты: «Қазақстан азаматтары Навальный сынды тұлғаны аңсай ма?» деп, сұхбат сұрады менен Bugin.kz интернет-порталдың тілшісі. Сол сұхбаттың «ДАТ» үшін толықтырылған нұсқасы төмендегідей болып шықты. Аңсағанда қандай! Назарбаевтың жеке дара билігі езіп тастаған бүгінгі қазақты қайдам, ал ежелгі қазақ рулық қауымда, …

Читать далее »

МОЯ СОВЕСТЬ ЧИСТА! Я никому ничего не должен!

В минувший вторник, после непрекращающихся информационных атак, бывший председатель партии ОСДП, издатель медиа-проекта «ДАТ» Ермурат БАПИ провел обещанную пресс-конференцию. Журналист озвучил доселе неизвестные факты своего прихода в партию, детали скандального партийного переворота, а также дал исчерпывающие ответы на «неудобные» вопросы, связанные с публикациями на просторах интернета. Позже мы поинтересовались его …

Читать далее »

«ЖАЙСЫЗ ХАБАР»

Оның қарайған халқымен емес, ең алдымен ақылдасқан адамы – Путин патша болғаны көңілге күлбілте ой салады. Ақорданың ауласынан шықпайтын айналсоқ ақсақалдарды да көзіне ілмепті. Қандай уәж Путиннің «пойдет» деген пәрменіне сай келді екен? Оған не айтуы мүмкін? Әрине, қаншалықты «тырнақ астынан кір іздегіш» болсақ та, мұндайда ел қамына қарайлас қамды …

Читать далее »

ЕШКІГЕ СЫРНАЙ НЕ КЕРЕК?

Әйнек пен темір-терсектен құрастырылған Астанада тағы бір ғаламдық жоба басталайын деп тұрған сияқты. «Сияқты» емес, қазақтың онсыз да қайыршы қалтасын қағатын ол жобаны жүзеге асыруға тапсырма беріліп те қойды. Мән-жай мынау: бұдан бір апта бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесі (WTCA) Рольф Драакпен және «Nest Investments …

Читать далее »

Соқыр ат пен қотыр ат… АСТАНАДА ЖОЛЫҒАТ

Бұрында бір «Белизді білесіз бе?» деген тақырыппен мақала жазғаным бар еді: Тынық мұхиттың ортасындағы иненің жасуындай ғана арал-мемлекетпен Қазақстанның дипломатиялық қатынас орнату қақысында. Ол елдің бананнан басқа өндіретін дәнеңесі жоқ екен: Белизде қандай құтымыз қалды деген сұрақты қаужауға тура келген. Енді, міне, Қазақстанның дипломатиялық жағрапиясында Зимбабве деген ел пайда болды. …

Читать далее »

ӨЗІҢ МЕН ӨЗГЕ немесе Қарағанды трагедиясының табиғаты

Ашуы аптыққан біраз қазақтың шамына тисек те, бір шындықты мойындайық: «Қарағанды оқиғасы» әу баста «тұрмыстық төбелес» деген атауы бар кәдімгі кикілжіңнен басталған. Мұндай әлеуметтік-тұрмыстық криминал күнделікті болмаса да, қылмыс қозған Қазақстанда ауық-ауық боп тұрған. Қапыда қаза тапқан Рахымжан бауырымыз да, оған пышақ ала жүгірген армян жігіттері де дәл сол жерде …

Читать далее »

Президенттің КӘСТӨМІ қай қазаққа жабу болады?

Президенттің «колхоз жиналысында» жолдау еткен сөзінде күлетін де, жылайтын да жер аз емес шығар: үміт қылып тыңдаған жұрт бағасын берер. Бірақ сол жұрттың «қышыған жеріне» тұз сепкен екі жағдаятты жөн қалдырудың реті болмады. Біріншісі – «пора заняться товарами народного потребления» деді (сөзі орысша болған соң, оны қазақшалау қажет пе еді?). …

Читать далее »
Республиканский еженедельник онлайн