Қолма-қол ақша АЗАЙЫП БАРАДЫ

Бұл екі арада

 

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар айында айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 7,7%-ға азайып, 1,035 триллион теңге болды, деп көрсетілген ҚР Ұлттық банкінің сайтында сәрсенбі күні жарияланған ақпарда.

Құрамына қолма-қол ақша мен өтімді теңгелік депозиттер кіретін М1 ақшалай агрегаты қаңтарда 6%-ға азайып, Т2,8 трлн-ды құрады. Елдегі ақшалай салмақ, немесе экономикадағы барлық ақша 3,2%-ға азайып, Т12,403 трлн-ға жетті, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Ақшалай база немесе Ұлттық банктің ақшасы қаңтарда 8,9%-ға азайды – Т3,109 трлн белгісіне дейін. Тар мағынасында ақшалай база 9%-ға азайып, Т3,015 трлн-ға жетті. Екінші деңгейлі банктер мен ҚР Ұлттық банк шоттарындағы өзге де ұйымдардың депозит көлемі 8,7%-ға азайып, Т1,854 трлн-ға түсті.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн