Среда , 11 ноября 2026

Рухани тазалық пен әділ қоғам — елдіктің басты тірегі

Бүгін­де қоғам­да жиі айты­лып жүр­ген «Заң мен тәр­тіп» пен «Адал аза­мат — Адал еңбек» қағи­дат­та­ры­ның мәні тура­лы Пав­ло­дар облы­стық Қоғам­дық кеңесінің мүше­сі, қоғам қай­рат­кері Еркеға­ли Жанға­зы Datnews-қа бер­ген сұх­ба­тын­да ой бөлісті.

Тәр­тіп — сыр­тқы қатаң­дық емес, ішкі ар-ұждан­ның өлшемі

- Еркеға­ли Жұма­бай­ұ­лы, қоғам­да жиі айты­ла­тын «Заң мен тәр­тіп» ұғы­мын сіз қалай түсін­дірер едіңіз? Бұл тек құқы­қтық нор­ма­лар жиын­ты­ғы ма, әлде руха­ни-мораль­дық кате­го­рия ма?

- «Заң мен тәр­тіп» дегені­міз — қағазға жазы­лған құрғақ ере­же неме­се тек құқық қорғау орган­да­ры­ның мін­деті емес. Бұл — әрбір сана­лы аза­мат­тың ішкі дүни­есінің таза­лы­ғы­нан, ада­ми ар-ұжда­ны­нан баста­ла­тын үлкен мәде­ни­ет. Шын мәнін­де, кез кел­ген заң сырт­тан таңы­лған шек­теу емес, ол — қоғам­ның өзін-өзі қорғай­тын қауіп­сіздік қалқаны.

Біз өңір­лер­де­гі еңбек ұжым­да­ры­мен, тұрғын­дар­мен жиі жүз­де­се­міз. Сон­да көз жет­кі­зетіні­міз: қоғам­дық тұрақты­лық пен әділ­дік әркім­нің өз жұмысы­на, өз орта­сы­на деген адал­ды­ғы­нан көрініс таба­ды. Егер аза­мат өз мін­детіне салғырт қарап, «маған бәрібір» десе, ол жер­де тәр­тіп те, бере­ке де бол­май­ды. Сон­ды­қтан заң мен тәр­тіп­тің үстем­дік құруы — әрқай­сы­мы­здың күн­делік­ті ұста­ны­мы­м­ы­зға тіке­лей байланысты.

«Адал еңбек» — сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы руха­ни қалқан

- Қоғам­ды іштен мүжі­ген дерт­тің бірі — жемқор­лық пен пара­сат­сыздық. Осы кесел­дің тамы­ры­на бал­та шабу үшін сана­ны қай бағыт­та өзгер­туі­міз керек?

- Жемқор­лы­қты тек қатаң жаза қол­да­ну неме­се тек­серіс арқы­лы түбе­гей­лі жеңу мүм­кін емес. Бұл — тек сал­да­ры­мен алы­су. Ал түп­кі себебін жою үшін адам­ның дүни­е­та­ны­мын, құн­ды­лы­қтар жүй­есін өзгер­туі­міз шарт.

Бұл тұрғы­да біз­ге ата-баба­мы­здан мирас болған «Адал еңбек» ұғы­мы­нан артық руха­ни қалқан жоқ. Маң­дай тері­мен, адал еңбек­пен нан табу­дың қадірін білетін жан ешқа­шан өзге түгіл, бүкіл қоғам­ның ыры­зды­ғы­на қол салып, оңай жол­мен бай­ы­ғы­сы кел­мей­ді. «Адал аза­мат» тұжы­рым­да­ма­сы­ның терең фило­со­фи­я­сы да осын­да жатыр. Қоғам­да еңбек адам­ның мәр­те­бесі биік­теп, әрбір табыс пен ман­сап тек қабілет пен таза еңбек арқы­лы баға­ланған­да ғана кез кел­ген теріс пиғы­лға тосқа­уыл қойылады.

«Нөл­дік төзім­ділік»: Ұрпақ тәр­би­есі және «ауыл мек­тебінің» өнегесі

-Қоғам­дағы ұсақ құқық бұзу­шы­лы­қтарға, тұр­мыстық бей­жай­лық пен мәде­ни­ет­сіздік­ке деген «нөл­дік төзім­ділік» мәсе­лесі бүгін­де өткір тұр. Мұны өске­лең ұрпақтың сана­сы­на қалай сіңі­ре аламыз?

- Біз кей­де тәр­би­енің баста­у­ла­рын тым алы­стан іздей­міз. Негізі, бәрі ұлт­тық тамы­ры­мы­зда, ата-баба сал­тын­да жатыр. Кеше­гі күн­ге көз жүгірт­сек, ауыл­да үлкен­нің алдын­да әдеп­сіздік жасау, біре­удің хақы­сы­на қия­нат жасау неме­се ортақ мүлік­ті бүл­ді­ру — үлкен арсыздық сана­лып, елдің талқы­сы­на түсетін. Себебі ол кез­де «ауыл болып тәр­би­е­леу» деген біре­гей инсти­тут бол­ды. Үлкен­нің сөзі пәр­мен­ді, ата­ның көзқа­ра­сы тәр­тіп болатын.

Бүгін­гі «нөл­дік төзім­ділік» — сол бағ­зы қаза­қы тәр­би­енің зама­на­уи көрінісі. Көше­де­гі ван­да­лизм, қоғам­дық орын­дар­ды ластау, ұсақ бұза­қы­лық неме­се жұмыстағы жау­ап­сыздық «маған қаты­сы жоқ» деген немқұрай­ды­лы­қтан туын­дай­ды. Егер біз ұсақ заңбұ­зу­шы­лы­қтарға көз жұма қара­сақ, ертең елдік­ке сызат түсетін үлкен қыл­мыстарға жол аша­мыз. Жастар­дың бой­ын­да «бұрыс әре­кет­ке төз­беу» рухы мен аза­мат­тық ұста­ным қалып­та­суы тиіс.

Қоғам­дық сана­ны жаңғыр­ту және ортақ жауапкершілік

- Қоғам­дық кеңес мүше­сі ретін­де өңір­де­гі түйт­кіл­дер мен аза­мат­тық бел­сен­ділік­ке көз жүгірт­сеңіз, ортақ мақ­сатқа жету үшін бар­лық буын бір­дей атса­лы­суы үшін не қажет?

- Елдің бола­шағы билік­тің неме­се тек бір ғана құры­лым­ның жұмысы­на ғана бай­ла­ны­сты емес. Бұл — тұтас ұлт­тың, әрбір отба­сы­ның, әрбір аза­мат­тың ортақ жау­ап­кер­шілі­гі. Қоғам­дық кеңес — халық пен мем­ле­кет ара­сын­дағы алтын көпір. Біздің басты мақ­са­ты­мыз — халы­қтың көкей­ін­де­гі түй­ін­ді мәсе­ле­лер­ді дөп басып, әділ­дік­тің сал­та­нат құруы­на ықпал ету.

Руха­ни­я­ты бай, дәстүрін қадір­лей­тін, заң­ды мұл­тіксіз сақтай­тын орта­да ғана келе­шек­ке сенім­мен қара­уға бола­ды. Сон­ды­қтан «Заң мен тәр­тіп» қағи­да­сы ұран күй­ін­де қал­май, әрқай­сы­мы­здың жүре­гі­міз­ден орын тауып, өмір­лік ұста­ны­мы­м­ы­зға айна­луы тиіс. Ортақ үйі­міз­де тәр­тіп пен тыны­штық бол­са, елдің дамуы да, ертең­гі бағы­ты да баян­ды болады.

- Маз­мұн­ды да терең сұх­ба­ты­ңыз үшін рахмет!

Айгүл Қал­кенқы­зы, Datnews

Республиканский еженедельник онлайн