Вторник , 10 ноября 2026

Қазақстан өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық беріп отыр

Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын әрта­рап­тан­ды­ру, шикі­за­тқа тәу­ел­ділік­ті азай­ту және жоға­ры қосы­лған құны бар өнім өндірісін ұлғай­ту – елі­міздің жаңа өнер­кәсіп­тік сая­са­ты­ның негіз­гі басым­ды­қта­ры. Бүгін­де өңдеу сек­то­рын дамы­ту, өндірістер­ді тех­но­ло­ги­я­лық жаңғыр­ту және инду­стри­я­лық-инно­ва­ци­я­лық жоба­лар­ды жүзе­ге асы­ру эко­но­ми­ка­ның тұрақты өсуін қам­та­ма­сыз ететін маңы­зды бағыт­тарға айналды.

Қаза­қстан­ның өнер­кәсіп сала­сын­да соңғы жыл­да­ры құры­лым­дық өзгерістер бай­қа­ла­ды. Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның мәлі­метін­ше, 2025 жылы елі­міз­де 62,6 трлн тең­генің өнер­кәсіп өні­мі өндіріл­ді. Оның 30,7 трлн тең­гесі өңдеу өнер­кәсібіне тиесілі. Нәти­же­сін­де өңдеу сек­то­ры­ның жал­пы өнер­кәсіп өндірісін­де­гі үлесі 49,1 пай­ы­зға жетіп, тау-кен өнді­ру сала­сы­ның 44,3 пай­ы­здық көр­сет­кі­ші­нен жоға­ры бол­ды. Өңдеу өнер­кәсібін­де­гі нақты өндіріс көле­мі бір жыл­да 7,1 пай­ыз артты.

Бұл оң үрдіс 2026 жылы да жалға­сын тап­ты. Ресми ста­ти­сти­каға сәй­кес, қаңтар-қыр­күй­ек айла­рын­да өңдеу өнер­кәсібінің нақты көлем индексі 108,6 пай­ы­зды қам­ты­ды. Ал жал­пы өнер­кәсіп өндірісінің индексі 102,9 пай­ыз дең­гей­ін­де қалып­та­сты. Яғни өңдеу сек­то­ры өнер­кәсіп­тің орта­ша өсу қарқы­ны­нан жоға­ры нәти­же көр­сетіп отыр.

Өңдеу өнер­кәсібінің дамуы жеке­ле­ген сала­лар­дың көр­сет­кі­ш­тері­нен де көрі­неді. 2025 жылы маши­на жасау өндірісі 12,6 пай­ы­зға, химия өнер­кәсібі 10,5 пай­ы­зға, резең­ке және пласт­мас­са бұй­ым­да­рын шыға­ру 13,2 пай­ы­зға өсті. Маши­на­лар мен жаб­ды­қтар­дан басқа дай­ын металл бұй­ым­да­рын өнді­ру көле­мі 27,5 пай­ы­зға, ал тамақ өнім­дерін өнді­ру 8,4 пай­ы­зға арт­ты. Бұл көр­сет­кі­ш­тер отан­дық өндірістің әле­уеті кеңей­іп, өнер­кәсіп­тің бір­не­ше бағы­ты қатар дамып келе жатқа­нын аңғартады.

Елі­міз­де қабыл­данған Өңдеу өнер­кәсібін дамы­ту­дың 2023–2029 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сы осы бағыт­тағы мем­ле­кет­тік сая­сат­тың негізін қам­ти­ды. Құжат­та 2029 жылға қарай өңдеу өнер­кәсібінің жал­пы қосы­лған құнын 31,5 трлн тең­ге­ге жет­кі­зу, өңдел­ген өнім экс­пор­тын 36 млрд АҚШ дол­ла­ры­на дей­ін ұлғай­ту және еңбек өнім­ділі­гін арт­ты­ру көз­дел­ген. Бұл мақ­сат­тарға жету үшін жаңа өндірістер ашу­мен қатар, қол­да­ны­стағы кәсі­по­рын­дар­ды жаңғыр­ту, тех­но­ло­ги­я­лық жаб­ды­қтар­ды жаңар­ту және отан­дық өнім­нің бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гін күшей­ту маңызды.

Жаңа өнер­кәсіп­тік сая­сат­тың басты ерекшелі­гі – шикі­затты өндіру­мен шек­тел­мей, оны ел ішін­де терең өңде­у­ге басым­дық беру. Мәсе­лен, метал­ды дай­ын бұй­ым­дарға, мұнай-газ шикі­за­тын хими­я­лық өнім­дер­ге, ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін жоға­ры сапа­лы дай­ын тау­ар­ларға айнал­ды­ру эко­но­ми­ка­лық тиім­ділік­ті арт­ты­ра­ды. Мұн­дай өндірістер қосым­ша жұмыс орын­да­рын ашып, шағын және орта биз­не­стің дамуы­на, экс­порт­тық мүм­кін­дік­тер­дің кеңе­юіне ықпал етеді.

Инду­стри­я­лық-инно­ва­ци­я­лық даму да осы сая­сат­тың ажы­ра­мас бөлі­гі. Қазір­гі өндірі­сте авто­мат­тан­ды­ру, робот­тан­ды­ру, жасан­ды интел­лект, цифр­лық басқа­ру жүй­е­лері мен энер­гия үнем­дей­тін тех­но­ло­ги­я­лар­ды енгі­зу ерекше маңы­зға ие. Бұл кәсі­по­рын­дар­дың еңбек өнім­ділі­гін арт­ты­рып, өндірістік шығын­дар­ды қысқар­туға және өнім сапа­сын жақ­сар­туға мүм­кін­дік береді. Соны­мен бір­ге ғылым мен өндіріс ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты нығай­тып, отан­дық инже­нер­лік және тех­но­ло­ги­я­лық шешім­дер­ді дамы­ту қажет.

Өнер­кәсіп­тік жаңғы­ру инве­сти­ци­я­лық бел­сен­ділік­пен де тығыз бай­ла­ны­сты. Үкі­мет­тің 2026 жылғы ақпан­да жари­я­лаған мәлі­метіне сәй­кес, 2029 жылға қарай елдің зама­на­уи инду­стри­я­лық негізін қалып­та­сты­руға бағыт­талған инве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­ның ауқы­мы 400 млрд АҚШ дол­ла­ры­на дей­ін жетуі мүм­кін. Бұл – эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­руға бағыт­талған кең ауқым­ды инве­сти­ци­я­лық жос­пар. Оның нәти­желілі­гі іске қосы­ла­тын өндірістер­дің тұрақты­лы­ғы­на, тех­но­ло­ги­я­лық дең­гей­іне және эко­но­ми­ка­лық қай­та­ры­мы­на бай­ла­ны­сты болмақ.

Жаңа өнер­кәсіп­тік сая­сат­ты жүзе­ге асы­ру­да өңір­лер­дің де маңы­зы зор. Әр аймақтың табиғи ресур­ста­ры, өндірістік инфрақұры­лы­мы және еңбек әле­уеті ескері­ле оты­рып, жаңа кәсі­по­рын­дар­ды дамы­туға мүм­кін­дік бар. Атап айтқан­да, Ақмо­ла облы­сын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін қай­та өңдеу, маши­на жасау, металл өңдеу және құры­лыс мате­ри­ал­да­рын өнді­ру бағыт­та­ры­ның әле­уеті жоға­ры. Ал Степ­но­горск сияқты өнер­кәсіп­тік қала­лар­да қол­да­ны­стағы өндірістік база­ны жаңғыр­ту, шағын және орта кәсі­по­рын­дар ара­сын­дағы өндірістік коопе­ра­ци­я­ны кеңей­ту маңызды.

Соны­мен қатар инду­стри­я­лық даму­дың табысты болуы білік­ті кадр­ларға, қол­жетім­ді қар­жы­лан­ды­руға, тұрақты энер­ги­я­мен жаб­ды­қта­уға және зама­на­уи инфрақұры­лы­мға тіке­лей бай­ла­ны­сты. Тех­ни­ка­лық маман­дар даяр­лау, кәсіп­тік білім беру жүй­есін өндіріс қажет­тілік­теріне бей­ім­деу және эко­ло­ги­я­лық талап­тар­ды сақтау да наза­рдан тыс қал­мауға тиіс.

Жал­пы, 2025 жылғы қоры­тын­ды­лар мен 2026 жыл­дың 9 айын­дағы көр­сет­кі­ш­тер Қаза­қстан­да өңдеу өнер­кәсібінің эко­но­ми­ка­лық рөлі артып келе жатқа­нын көр­се­те­ді. Деген­мен негіз­гі мақ­сат тек өндіріс көле­мін ұлғай­ту емес, жоға­ры қосы­лған құны бар, халы­қа­ра­лық нары­қта бәсе­ке­ге қабілет­ті өнім шыға­ра­тын тұрақты инду­стри­я­лық жүйе қалып­та­сты­ру болуға тиіс.

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн