Пятница , 4 июля 2025

ҚАЖЫГЕЛДИНДІ елге ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи мырзаға

Сіз ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісіне депу­тат ретін­де сай­ланған күн­нен бастап, өзіңіз­ден үлкен үміт күт­кен едік. Құдай­ға шүкір, үміт ақта­лып, осы бір-екі айдың ішін­де халы­қтың көкей­ін­де жүр­ген бірқа­тар өзек­ті мәсе­ле­лер­ді көтеріп отыр­сыз. Атап айт­сақ: Сая­си тұтқын­дар, шетел­де­гі біздің елден ұрланған халы­қтың қар­жы­сын қай­та­ру, «Халық» банк­тің мәсе­лесі, т.б. 

Тағы бір ескер­тетін мәсе­ле – бар­лық сала­дағы дәл бүгін­гі күн­дері ұрла­нып жатқан, шетел­ге өзен болып ағып жатқан қар­жы­ның шығуын құры­қтап, ел бюд­жетіне бұр­саңы­здар, нұр үстіне нұр болар ма еді?!.

Менің сіз­ге хат жол­дау себебім – Әке­жан Қажы­гел­дин мәсе­лесі. Сол кісінің ана бір кез­де­гі бер­ген сұх­ба­тын­да: «Көк­тем сай­ын жусан иісін сағы­на­мын», – деп айтқа­нын естіп, көзі­ме жас алдым. Бұл адам XXI ғасыр­дың Бей­ба­ры­сы емес пе?! Кезін­де Сұл­тан Бей­ба­рыс та «Көке» деген сөзді естіп, қазақ елін, кең бай­тақ дала­сын сағы­нған болатын.

Мен өз басым және халы­қтың көп­шілі­гі Әке­жан Қажы­гел­дин­ді ешқан­дай кінәсі жоқ, сая­си қуғын көр­ген жазы­қ­сыз адам деп есеп­тей­міз. Егер кінәсі бол­са, билік халы­ққа күні бүгін­ге дей­ін неге сот үкі­мін ашып көр­сет­пей­ді? Ұзын құлақтан есті­гені­міз: «Қаза­қ­мыс» ком­па­ни­я­сы 2 джип­ті оның күзетіне пай­да­ла­нуға беріп, кей­ін Ким: «Қажы­гел­дин мені қыз­мет бабын пай­да­ла­нып бопса­ла­ды» – деп арыз түсіріп, сол үшін 10 жыл мерзім­ге сот­талған-мыс. Егер рас бол­са, бұл не масқа­ра, не деген сұм­дық! Ол аза­мат­ты не сыл­та­у­мен сот­та­са да, негіз­гі себебі – Әке­жан­ның білі­мі мен қазақ деп соққан жүре­гі, ел алдын­дағы беделі­нен билік қорқып, сол үшін елден жазы­қ­сыз қуда­ланған деп білемін.

Ол аза­мат­ты елге қай­та­ра­тын уақыт кел­ді, тіп­ті асып кет­ті. Өзінің білі­мі мен тәжіри­бесі арқа­сын­да ел эко­но­ми­ка­сы­на тигі­зер пай­да­сын былай қой­ған­да, адам ретін­де, қазақ ретін­де туған жеріне келіп, әке-шеше­сіне Құран оқып, ел ара­сын­да ақыл-кеңесін беріп, өз халқы­ның ара­сын­да шалқып жүр­сін! Ол Аза­мат­тың сон­дай еңбе­гі мен құқы­ғы бар. Қаза­қстан жерін­де нағыз қазақ халқы­ның жау­ла­ры күні бүгін­ге дей­ін тай­раң­дап жүр ғой, көріп-біліп отыр­мыз. Ал елім деген, жерім деген Аза­ма­ты­мыз сырт­та жүр. Әлдеқа­шанғы сал­ты­мы­з­бен қазақ халқы өз аза­ма­ты­ның қадірін тек өлген­де ғана біліп, ертең көзі кет­кен соң, тағы да өтірік жылап-сықтап, «ой бауы­рым­дап» оты­ра­мыз ба бұрынғыша? 

Үкімет пен Пре­зи­дент Тоқа­евқа айты­ңыз осы­лай. Бұл мәсе­лені шешпей, созба­лаңға салып жүр­ген­де, ол Аза­мат олай-бұлай болып кет­се, оба­лы онсыз да елге қарар бет­тері қал­май бара жатқан бұры­нғы билік өкіл­дерінің мой­нын­да қалады. 

Сіз­ден ел сай­лаған, халы­қтың сөзін сөй­лей­тін, «әр қазақ – менің жалғы­зым» деген ұста­ны­мға берік адам ретін­де осы мәсе­лені Үкі­мет алдын­да көтеріп, көп жыл­дар жазы­қ­сыздан-жазы­қ­сыз сырт­та қуда­ла­нып жүр­ген асыл Аза­ма­ты­мы­здың елге қай­туы­на ықпал етуіңізді өтінемін!

Құр­мет­пен, Мақ­сат Ағиеков,

Күр­шім ауда­ны, Боран ауылы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн