Четверг , 26 июня 2025

ЕСТИТІН МЕМЛЕКЕТ журналистердің үнін ЕСТУІ ТИІС !!!

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның сый­лы­қта­ры мен мара­пат­та­ры­ның лау­ре­ат­та­ры жарияланды

 Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­ітқа­зы Мата­ев отан­дық БАҚ өкіл­дерін кәсі­би мере­ке – алда келе жатқан Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры қыз­мет­кер­лері күні­мен құт­ты­қтап, әріп­те­стері­міздің қыз­метіне жоға­ры баға бер­ді. Сон­дай-ақ осы мере­ке­ге орай жыл сай­ын өтетін дәстүр­лі бай­қау жай­лы айтып, оның қоры­тындыс­ын жариялады.

Құр­мет­ті әріп­те­стер, ардақты достар!

Сіз­дер­ді келе жатқан Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры қыз­мет­кер­лері күні­мен шын жүрек­тен құттықтаймын!

Қара бұлт­тай төн­ген пес­си­ми­стік болжам­дарға қара­ма­стан, қаза­қстан­дық жур­на­ли­сти­ка жаңа фор­ма­ларға еніп, өсіп-өркен­деп келеді, жаңа жұл­ды­зды есім­дер пай­да болу­да. Биыл 68 жур­на­лист қазақ тілін­де 300-ден астам жари­я­ла­ным, ал 92 жур­на­лист орыс тілін­де 460-қа жуық мате­ри­ал жол­да­ды. Бұл деректер жас жур­на­ли­стер­дің өз әріп­те­стері­мен бәсе­ке­ге түсіп, өздерін көр­сет­кісі келетінін және қазы­лар алқа­сы­ның пікірін біл­гісі келетінін айғақтайды.

Бай­қа­удың негіз­гі мін­дет­терінің бірі – БАҚ-тың кәсі­би­лі­гін арт­ты­ру, беделін көте­ру, ел аза­мат­та­ры­на шынайы ақпа­рат­ты көбірек ұсы­ну және жур­на­ли­стер­дің құқы­қта­рын кеңей­ту. Себебі дәл біз, медиа сала­сы­ның өкіл­дері, қоғам­ның кем­шілік­тері мен келеңсіздік­терін ашып көр­се­тетін біре­гей «сани­тар­лар­мыз». Ести­тін мем­ле­кет жур­на­ли­стер­дің үнін естуі тиіс, өйт­кені олар арқы­лы халы­қтың үні естіледі.

Қаза­қстан­ның әлем­дік бас­пасөз еркін­ді­гі рей­тин­гін­де­гі соңғы орын­да­ры ел ими­джіне нұқ­сан кел­тіреді және демо­кра­ти­я­ның дамуы­на тосқа­уыл бола­ды. Ал демо­кра­тия негізін Ұлы Дала өрке­ни­етінің баба­ла­ры қалаған.

Құр­мет­ті әріп­те­стер! Сіз­дер­ді кәсі­би мере­ке­леріңіз­бен шын жүрек­тен құт­ты­қтай­мын! Шығар­ма­шы­лық табыс, жаңа жетістік­тер, ертең­гі күн­ге деген сенім мен опти­мизм тілей­мін! – деді Сей­тқа­зы Бейсенғазыұлы.

«Құр­мет­ті жур­на­лист» атағы­на лай­ық деп танылғандар:

Карим Бак­ри­де­нов – Аста­на қаласы

Хель­ча Исма­и­ло­ва – Алма­ты қаласы

Ерға­ли Жұма­ха­нов – Абай облысы

Бай­қал Баяді­лов – Ақмо­ла облысы

Ғалым­жан Төре­ха­нов – Ақтө­бе облысы

Свет­ла­на Қай­ы­рға­ли­е­ва– Аты­рау облысы

Бек­діл Сәді­бе­ков – Шығыс Қаза­қстан облысы

Құр­ман­бек Әлім­жан – Жам­был облысы

Мыр­за­ға­ли Нұр­сей­ітов – Жеті­су облысы

Сырым­бек Тұяқов – Батыс Қаза­қстан облысы

Сер­гей Высо­ко­сов – Қараған­ды облысы

Мария Мосто­вая – Қоста­най облысы

Кен­жа­лы Ерім­бе­тов – Қызы­лор­да обылсы

Әну­ар­бек Жәні­бек – Маңғы­стау облысы

Свет­ла­на Чистя­ко­ва – Пав­ло­дар облысы

Вла­ди­мир Синен­ко – Сол­түстік Қаза­қстан облысы

Орын­ба­сар Сүт­ті­ба­ев – Түр­кістан облысы

Сара Смағұл – Ұлы­тау облысы

Бал­та­бек Түй­е­та­ев – Шым­кент қаласы

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның Алтын медалі – 2025

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның Алтын медалі эко­ло­гия сала­сын­дағы қоғам­дық пай­да­лы қыз­меті үшін, бала­ларға, қарт­тарға, мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­дарға көмек көр­се­ту­де­гі қай­ы­рым­ды­лық жұмысы үшін елдің сая­сат­кер­леріне, қоғам қай­рат­кер­леріне, жур­на­ли­стер мен аза­мат­тарға табыст­а­ла­ды. Бұл мара­патқа өрт сөн­діру­шілер, құтқа­ру­шы­лар, дәрі­гер­лер, мұғалім­дер және т.б. өз кәсібіне сіңір­ген ерен еңбе­гі мен көп­жыл­дық жетістік­тері үшін ие бола алады.

2025 жылы Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның Алтын медаліне ие болғандар:

Шол­пан Мұл­даға­ли­е­ва (Абай облы­сы) – «Семей–Хиросима «Поли­гон» зерт­теу орта­лы­ғы­ның негізін қала­у­шы. Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі бала­лар мен ере­сек­тер­ге жапон тілін, ори­га­ми өнерін, арт-тера­пи­я­ны үйре­ту бой­ын­ша қай­ы­рым­ды­лық акци­я­лар мен әле­умет­тік жоба­лар жүр­гі­зеді; қыздар мен әйел­дер­ге қаты­сты ген­дер­лік зор­лық-зомбы­лық мәсе­ле­лерін жүй­елі түр­де шешу­мен айналысады.

Иван Мизин (Ақмо­ла облы­сы) – Степ­но­горск қала­сы­ның кол­ледж сту­ден­ті. Өрт кезін­де екі бала­ны құтқа­рып, сыр­тқа алып шықты. Өзі күй­іп қал­са да, бала­лар­ды аман алып қалды.

Жан­бо­лат Жұба­нов (Ақтө­бе облы­сы) – эко­лог, бала­лар мен мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­дарға қай­ы­рым­ды­лық көме­гін көр­сетіп келеді.

Оль­га Гуми­ро­ва (Алма­ты) – «Пет­ро­глиф­тер­ді ізде­ушілер» қоғам­дық қоры­ның атқа­ру­шы дирек­то­ры. Қаза­қстан­дағы пет­ро­глиф­тер­ді және басқа да архео­ло­ги­я­лық ескерт­кі­ш­тер­ді зерт­теу, сақтау және наси­хат­тау бағы­тын­дағы көп­жыл­дық еңбе­гі үшін мара­пат­та­ла­ды. Оль­га Гуми­ро­ва­ның жетек­шілі­гі­мен ғылы­ми ерік­тілер тобы архео­ло­гия ескерт­кі­ш­терін зерт­теу және сақтау жұмыста­рын тұрақты түр­де жүр­гізіп келеді, елдің бай архео­ло­ги­я­лық мұра­сын сақтау мақ­са­тын­да көр­ме­лер мен кон­фе­рен­ци­я­лар ұйымдастырады.

Нұр­сұл­тан Дина­бе­ков (Аста­на) – Аста­на қала­лық Поли­ция депар­та­мен­тінің пат­руль­дік поли­ция пол­кінің аға инспек­то­ры. 2024 жыл­дың қара­ша айын­да суи­цид жасаған қызды құтқа­рып қал­ды. Поли­цей 2‑қабаттағы бал­кон тере­зесі­нен кіріп, пышақ жарақа­ты бар тұрғын­ды тауып алып, оны меди­ци­на қыз­мет­кер­леріне тап­сыр­ды. 2025 жыл­дың сәуірін­де кезек­шілік кезін­де поли­цей­лер «Арқар» көпірі­нен секір­мек болған ер адам­ды бай­қа­ды. Поли­ция капи­та­ны Дина­бе­ков ер адам­ның арты­нан мұз­дай суға секіріп, оған құтқа­ру шең­берін кигізіп, жағаға алып шықты. Сол жер­де жедел жәр­дем тобы күтіп тұрған. Капи­тан Нұр­сұл­тан Дина­бе­ков 2020 жыл­дан бері ішкі істер орган­да­рын­да қыз­мет етеді.

Сағын­дық Ордабе­ков (Жам­был облы­сы) – хирург, ғылым док­то­ры, про­фес­сор. Оның баста­ма­сы­мен туған ауы­лын­да фельд­шер­лік пункт салын­ды; 200 ада­мға арналған асха­на­ның құры­лы­сын қар­жы­лан­дыр­ды, маза­ры­на апа­ра­тын жол сал­ды, өзі оқы­ған Үшбас ауы­лын­дағы мек­теп­тің үздік оқу­шы­ла­ры­на жыл сай­ын 100 мың тең­ге көле­мін­де шәкір­тақы тағай­ын­дап келеді.

Еркін Пидах­мет (Жеті­су облы­сы) – Көк­су ауда­ны Мұса­бек ауы­лы­ның тұрғы­ны. Ол 15 жыл бойы көшет­тер оты­рғы­зып, қазір­гі таң­да нағыз парк­ке айналған орман алқа­бын қалып­та­стыр­ды. Биыл 6 гек­тар жер­ге 15 мың көшет оты­рғы­зды. Ауыл тұрғы­ны өсір­ген орман аптап ыстық пен күшті жел­ден қорғай­ды, бола­шақта аға­штар­дың бір бөлі­гі құры­лыс мате­ри­а­лы ретін­де пайдаланылмақ.

Тұрар­бек Тіле­мі­сов (Батыс Қаза­қстан облы­сы) – Орал қала­сын­дағы ірі кәсі­по­рын бас­шы­сы. Өз қара­жа­ты­на онко­ло­ги­я­лық науқастарға арналған хос­пис салып бер­ді. Сел кезін­де арнайы қор құрып, оған 50 млн тең­ге аудар­ды, тех­ни­ка және құрал-жаб­ды­қ­пен қам­та­ма­сыз етті. Сел сал­да­ры­нан зардап шек­кен мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­ның отба­сы­на бас­па­на сый­ла­ды, туған ауы­лы­ның тұрғын­да­ры­на қар­жы­лай көмек көр­сетіп келеді.

Миха­ил Мак­си­мов (Қараған­ды облы­сы) – құры­лыс­шы, волон­тер. Доста­ры­мен бір­ге әр апта сай­ын 350 ада­мға ыстық тамақ тара­ту­ды ұйым­да­сты­рып келеді. Бұл қай­ы­рым­ды­лық шара «Бере­келі жұма» деп аталады.

Берік Дәут­ба­ев (Қызы­лор­да облы­сы) – кар­дио­хи­рург, 20-дан астам ғылы­ми еңбек­тің авто­ры. Жыл сай­ын 170-тен астам күр­делі опе­ра­ция жасап, ауыр дерт­ке шал­ды­ққан науқастар­дың өмірін сақтап қалуда.

Ғалым­жан Әбду­ка­ри­мов (Түр­кістан облы­сы) – № 1 ТЖД-нің бас мама­ны. Өрт кезін­де Ғалым­жан Әбду­ка­ри­мов әріп­те­стері­мен бір­ге жанып жатқан үйдің екін­ші қаба­ты­нан 12 адам­ды, бірін­ші қаба­ты­нан 3 адам­ды қауіп­сіз жер­ге шығар­ды. Осын­дай жағ­дай Шоқ­тас ауы­лын­да да қай­та­лан­ды – газ бал­ло­ны жары­лып, өрт шыққан кез­де сер­жант бір адам­ды өлім­нен аман алып қалды.

Бек­жан Үркін­ба­ев (Шым­кент) – № 9 өрт сөн­ді­ру бөлі­мінің бөлім­ше коман­ди­рі. 2024 жылғы 2 қазан­да «Нұрсат‑2» шағы­на­уда­нын­да тоғыз қабат­ты үйдің 6‑қабатындағы пәтер­ден өрт шықты. Сал­да­ры­нан 30 адам, оның ішін­де 7 бала эвакуацияланды.

2025 жылғы Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның сый­лы­ғы бай­қа­уы­ның лауреттары:

1. Ескен­дір Зұлқар­най – «Еге­мен Қаза­қстан» газетінің аға тілшісі

2. Мұх­тар Мыр­за­лин – Ақтө­бе облы­сы, Шалқар аудан­дық «Шалқар» газетінің редакторы

3. Дина­ра Мың­жа­сарқы­зы – «Nege.kz» пор­та­лы­ның тілшісі

4. Асыл­бек Той­бе­ков – ҚР Пре­зи­ден­ті теле­ра­дио кешені, «Жібек жолы» теле­ар­на­сы­ның тілшісі

5. Нұр­бо­лат Туы­с­бай­ұ­лы – «Қар­жы­лық сау­ат» теле­грам-кана­лы­ның авторы

6. Гаухар Әлді­бе­ко­ва – «Kursiv.media.kz» сай­тын­дағы өлім­нен кей­ін­гі донор­лық тура­лы фильм.

7. Юрий Бек­кер – «Казах­стан­ская прав­да» газетінің фототілшісі

8. Алла Боч­кор – «Алсиб» құпия трас­са­сы тура­лы зерт­теу мате­ри­а­лы. «Тай­ын­шис­кие вести» газеті, Сол­түстік Қаза­қстан облысы

9. Фарид Дан­ды­ба­ев – «Коста­най­ские ново­сти» газетінің тіл­шісі. Қала өмірі тура­лы очерктер

10. Олег Зотов – «Qaz-auto» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры. Очерк­тер топ­та­ма­сы үшін. Тараз қаласы

11. Татья­на Кова­ле­ва – репрес­си­яға ұшы­раған әйел-дәрі­гер тура­лы деректі фильм. «Хабар» телеарнасы

12. Қаж­жан Сұраға­нов – инже­нер-құры­лыс­шы, 82 жаста. «Балу­ан­са­кя вол­чи­ца» және басқа әңгі­ме­лер­дің авторы.

Аты­рау облы­стық Жур­на­ли­стер одағы фили­а­лы тағай­ын­даған Әбділ­дә Мұқа­шев атын­дағы сый­лы­ққа «Umarov-news» басы­лы­мы­ның жур­на­лисі Талғат Ума­ров (Батыс Қаза­қстан облы­сы, Орал қаласы)ие болды.

Фото­жур­на­лист Рахым­бай Хана­линің атын­дағы сыйлық

hotooner.kz ақпа­рат­тық-білім беру сай­ты­ның фото­ре­пор­тері Қуа­ныш­бек Қари­ге беріл­ді.
 

Бай­қа­удан тыс жұмыс ретінде:

Жұма­бай Доспа­нов – «Қару мен қалам» атты кіта­бы үшін (май­дан­гер-жур­на­ли­стер тура­лы очерктер).

Олжас Сүлей­ме­нов атын­дағы халы­қа­ра­лық пуб­ли­ци­сти­ка сый­лы­ғы жазу­шы Ұлы­қ­бек Есдәу­лет­ке берілді.

2025 жылғы бай­қа­удың әділ қазы­лар мүшелері:

Нұр­мұ­хан­бет Дия­ров, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы облы­стық ұйы­мы­ның жау­ап­ты хат­шы­сы, Ақтөбе.

Шар­хан Қазы­ғұл, жазу­шы-пуб­ли­цист, «Меценат.кз» тәу­ел­сіз әде­би сый­лы­ғы­ның тұңғыш лау­ре­а­ты, «КҮЛПЕТ» рома­ны­ның авто­ры, Астана.

Тұр­сын­бек Сұл­тан­бе­ков, Жам­был облы­стық «Ар-Ай» жастар газетінің бас редакторы.

Нұр­бол Оқу­ов, «ҚАЗАҚСТАН РТРК» АҚ Маңғы­стау облы­стық фили­а­лы­ның директоры.

Тоқтар Кен­жеға­ли­ев, «При­ура­лье» газетінің бас редак­то­ры, Орал қаласы.

Татья­на Моро­зо­ва, «Жур­на­ли­сти­ка» кафед­рас­ы­ның уақыт­ша мең­ге­ру­шісі, аға оқы­ту­шы, магистр, М. Қозы­ба­ев атын­дағы СҚУ, Пет­ро­павл қаласы.

Лей­ла Ураз­ба­е­ва, «Semey ainasy» ақпа­рат­тық агент­ті­гінің жетек­шісі, Семей қаласы.

Алек­сандра Сер­га­зи­но­ва, «Тобол инфо» ақпа­рат­тық агент­ті­гінің редак­то­ры, «Наш Коста­най» газеті дирек­то­ры­ның орынбасары.

Ири­на Вол­ко­ва, «Вре­мя» және «Литер» газет­терінің штат­тан тыс тіл­шісі, Пав­ло­дар облысы.

Қаз­ТАГ

РЕДАКЦИЯДАН:

«Дат» («Обще­ствен­ная пози­ция») газеті редак­ци­я­сы­ның ұжы­мы да қолы­на қалам ұстаған үлкен­ді-кішілі бар­лық әріп­те­стерін кәсі­би мере­кесі­мен қызу құт­ты­қтай­ды. Бәріңіз­ге ұлт­тық сана­ны жаңғыр­ту, елі­мізді әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамы­ту, Тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міздің Туын жоға­ры ұстап, оның халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтағы лай­ы­қты орнын табуы үшін адал да қажыр­лы еңбек етіп, аян­бай күре­сетін отан­шыл ұрпақ тәр­би­е­леу жолын­да толағай табыс тілей­ді. Қоғам тыны­сы­ның тамы­рын ұстап оты­рған аса жау­ап­ты – сая­си, әле­умет­тік, руха­ни маңы­зы зор қыз­мет­те қалам­да­рың мұқал­ма­сын! Халық та, билік те үні­мізді әрқа­шан жақ­сы естіп, елі­міз, халқы­мыз үшін пай­да­сы зор, тиім­ді шешім­дер қабыл­да­на берсін!

Республиканский еженедельник онлайн