Четверг , 9 июля 2026

ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІ

2026 жылғы 30 мау­сым­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Сена­ты мен Мәжілісінің соңғы бір­лес­кен оты­ры­сы өтті. 1 шіл­де­ден бастап Қаза­қстан­дағы пар­ла­мент­ті рефор­ма­ла­удың жаңа кезеңін айқын­дай­тын кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер күшіне енді.

Осы­ған бай­ла­ны­сты тәу­ел­сіз Қаза­қстан пар­ла­мен­тінің инсти­ту­ци­о­нал­дық эво­лю­ци­я­сын түсі­ну маңы­зды. Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да жоға­ры өкіл­ді орган – бір пала­та­лы пар­ла­мент болған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жоғарғы Кеңесі еді. Кей­ін­нен Сенат пен Мәжілі­стен тұра­тын екі пала­та­лы Пар­ла­мент моделі қалып­та­сты. Ал 2026 жылғы 1 шіл­де­ден бастап жаңа кезең – Құры­л­тай фор­ма­тын­дағы бір пала­та­лы пар­ла­мент­ті қалып­та­сты­ру кезеңі басталады.

Алай­да инсти­ту­ци­о­нал­дық модель­дің өзге­руі өзді­гі­нен қоғам алдын­да тұрған негіз­гі мәсе­ле­лер­ге жау­ап бере алмай­ды. Олар –аза­мат­тар­дың заң шыға­ру про­цесіне қаты­суын кеңей­ту, пар­ла­мент­тік бақы­ла­уды күшей­ту, заң жоба­ла­ры­на қоғам­дық сарап­та­ма­ны дамы­ту және пар­ла­мент­тің өкіл­дік функ­ци­я­сын нығайту.

Бұл мәсе­ле­лер көп­те­ген жыл­дар бойы Қаза­қстан­дағы пар­ла­мен­та­ризмді дамы­ту қоры ұйым­да­сты­рған сарап­та­ма­лық, қоғам­дық және диа­лог алаң­да­рын­да бір­не­ше рет көтеріл­ді. Осы алаң­дар­да аза­мат­тық қоғам, сарап­шы­лар қауым­да­сты­ғы, мем­ле­кет­тік орган­дар мен халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың өкіл­дері елі­міз­де­гі пар­ла­мен­та­ризмді одан әрі дамы­ту жөнін­де­гі өз ұсы­ны­ста­рын білдірді.

Соны­мен қатар, осы ұсы­ны­стар­дың едәуір бөлі­гі, оның ішін­де кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер­ді талқы­лау кезеңін­де айты­лған ұсы­ны­стар да, қоры­тын­ды модель­де көрініс тапқан жоқ.

Сон­ды­қтан бүгін артық үміт күту­ден гөрі, жаңа инсти­тут­тың іс жүзін­де қалай жұмыс істей­тінін мұқи­ят баға­лау маңызды.

Қаза­қстан аза­мат­та­ры үшін пар­ла­мент­тің ата­уы неме­се пала­та­лар саны емес, жаңа пар­ла­мент­тің қоғам мүд­десін қан­ша­лы­қты тиім­ді біл­ді­ре ала­ты­ны, аза­мат­тар­дың мем­ле­кет­тік шешім­дер қабыл­дау про­цесіне қаты­суын қам­та­ма­сыз ете ала­ты­ны және толы­ққан­ды пар­ла­мент­тік бақы­ла­уды жүзе­ге асы­ра ала­ты­ны маңызды.

Сон­ды­қтан жаңа кезеңнің басты мәсе­лесі – кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер қоға­мға неғұр­лым ашық, неғұр­лым өкіл­ді және қоғам алдын­да есеп беретін пар­ла­мент­тің қалып­та­суы­на алып келе ме деген сұрақ.

Бұл сұрақтарға пар­ла­мент­тің жаңа ата­уы да, Кон­сти­ту­ция мәтіні де емес, жаңа пар­ла­мент қыз­метінің құқық қол­да­ну тәжіри­бесі жау­ап береді. Атап айтқан­да: қабыл­да­на­тын заң­дар­дың сапа­сы, пар­ла­мент­тік бақы­ла­удың тиім­ділі­гі, талқы­ла­у­лар­дың ашы­қты­ғы, аза­мат­тар­дың пікірін тың­да­уға дай­ын болуы және қоғам­дық сенім деңгейі.

Бұл өзгерістер инсти­ту­ци­о­нал­дық өзгерістер­мен қатар маз­мұн­дық өзгерістер де жүзе­ге асқан жағ­дай­да ғана пар­ла­мен­та­ризмді дамы­ту­дағы нақты қада­мға айна­ла­ды. Олар – пар­ла­мент­тің ашы­қты­ғын арт­ты­ру, оның өкіл­дік функ­ци­я­сын күшей­ту, пар­ла­мент­тік бақы­ла­уды дамы­ту және аза­мат­тар­дың мем­ле­кет­тік шешім­дер қабыл­да­уға қаты­суын кеңейту.

Күшті пар­ла­мент – бұл ашық пар­ла­мент! Оның жұмысы аза­мат­тарға түсінік­ті болуы тиіс: қан­дай заң­дар талқы­ла­ну­да, олар не үшін қабыл­да­на­ды, қабыл­данған шешім­дер үшін кім жау­ап береді және қоғам олар­дың маз­мұ­ны­на қалай ықпал ете алады.

Күшті пар­ла­мент – бұл өкіл­ді пар­ла­мент. Онда өңір­лер­дің, сая­си пар­ти­я­лар­дың, сарап­шы­лар қауым­да­сты­ғы­ның, үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың, жастар­дың, әйел­дер­дің, мүге­дек­ті­гі бар адам­дар­дың, кәсі­би қауым­да­сты­қтар­дың және мем­ле­кет­тік шешім­дер қабыл­дау кезін­де мүд­де­лері ескерілуі тиіс басқа да топ­тар­дың үні естілуі қажет.

Күшті пар­ла­мент – бұл жау­ап­ты пар­ла­мент. Оның мін­деті тек заң қабыл­дау ғана емес, соны­мен қатар атқа­ру­шы билік­тің қыз­метіне, бюд­жет­тің орын­да­луы­на және мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың іске асы­ры­луы­на тиім­ді бақы­лау жүргізу.

Күшті пар­ла­мент – бұл қоғам­дық талқы­ла­удан, тәу­ел­сіз сарап­та­ма­дан және әртүр­лі көзқа­рас­тар­дан қоры­қ­пай­тын пар­ла­мент. Дәл осын­дай ашық диа­лог арқы­лы аза­мат­тар мен мем­ле­кет­тің мүд­десіне сай келетін сапа­лы заң­дар мен шешім­дер қалыптасады.

Сіздің ойы­ңыз­ша, жаңа пар­ла­мент жұмысы­ның табыст­ы­лы­ғын айқын­дай­тын басты өлшем қай­сысы ­– ашы­қтық па, өкіл­ділік пе, пар­ла­мент­тік бақы­лау ма, әлде аза­мат­тар­дың шешім қабыл­дау про­цесіне қаты­суы ма?

Зәу­реш БАТТАЛОВА

Республиканский еженедельник онлайн