Понедельник , 20 октября 2025

Босағасы берік болашақ қалыптастыру – парыз

«Отба­сы­лық сая­сат» ұғы­мы қазір­гі қоғам­да маңы­зды әле­умет­тік, демо­гра­фи­я­лық және мәде­ни мәсе­ле ретін­де қарас­ты­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тер отба­сы­лар­ды тұрақты әрі қол­дау көр­се­тетін инсти­ту­ци­ал­ды орта ретін­де қалып­та­сты­руға ұмты­ла­ды. Себебі отба­сы – қоғам­ның негізі. Оның әл-ауқа­ты, құн­ды­лы­қта­ры мен демо­гра­фи­я­лық бола­шағы мем­ле­кет­тің даму дең­гей­іне тіке­лей әсер етеді.

Отба­сы инсти­ту­тын нығайтсақ…

Жал­пы, отба­сы­лық сая­сат дегені­міз – мем­ле­кет тара­пы­нан отба­сы­лар­дың өмір сүру жағ­дай­ын, отба­сы­лық инсти­тут­тың тұрақты­лы­ғын қол­дау бағы­тын­да жүр­гізілетін әле­умет­тік-сая­си шара­лар­дың жиын­ты­ғы. Мыса­лы, елі­міз­де отба­сы инсти­ту­тын нығай­ту, дәстүр­лі отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды дәріп­теу ұста­ны­мы «2030 жылға дей­ін­гі отба­сы­лық және ген­дер­лік сая­сат тұжы­рым­да­ма­сы­ның негіз­гі басым­ды­қта­ры» деп көр­сетіл­ген. Ол көбіне «отба­сы­лар­ды қол­дау», «бала­лы отба­сы­лар­ды ынта­лан­ды­ру», «ген­дер­лік теңдік пен әйел­дер құқы­ғын нығай­ту» сияқты эле­мент­тер­ден тұрады.

Ғылы­ми зерт­те­улер­де отба­сы­лық сая­сат­тың әртүр­лі модель­дері ата­ла­ды. Мыса­лы, әле­умет­та­ну­шы Есу­на Дуга­ро­ва «Жаңа әле­умет­тік келісім» кон­текстін­де Ресей, Қаза­қстан және Моңғо­лия жағ­дай­ла­рын зерт­теп, отба­сы­лық сая­сат­ты 1991–1999 ж.ж. (отба­сы деста­би­ли­за­ци­я­сы), 2000–2007 ж.ж. (отба­сы­ның жан­да­нуы), 2008–2016 ж.ж. (отба­сы қысы­мы) кезең­дері деп үш кезең­ге бөлген.

Соны­мен қатар, отба­сы­лық сая­сат халы­қа­ра­лық дең­гей­де «ген­дер­лік сезім­тал сая­сат» ретін­де қарас­ты­ры­ла­ды. Яғни әйел­дер мен ерлер­дің қамқор­лық және әле­умет­тік мін­дет­терін тең қабыл­дай­тын шаралар.

Отба­сы­лық сая­сат­тың негіз­гі мақ­са­ты – отба­сы инсти­ту­тын нығай­ту, бала­лы отба­сы­лар­ды қол­дау, бала­лар мен әйел­дер­дің құқы­ғын қорғау, тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­қтың алдын алу, сон­дай-ақ демо­гра­фи­я­лық, әле­умет­тік тұрақты­лық мәсе­ле­лерін шешу. Қаза­қстан­да қазір отба­сы инсти­ту­тын нығай­ту мен дәстүр­лі отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды дәріп­теу негіз­гі басым­ды­қтар ретін­де көр­сетіл­ген. Мыса­лы, 2030 жылға дей­ін­гі отба­сы­лық және ген­дер­лік сая­сат тұжы­рым­да­ма­сы аясын­да өңір­лер­де «Отба­сын қол­дау орта­лы­қта­рын» ашу жұмыста­ры жүр­гізіліп отыр.

Ген­дер­лік сая­сат та отба­сы­лық сала­да аса маңы­зды рөл­ге ие. Әйел­дер­дің еңбек­ке қаты­суы, тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­ққа қар­сы іс-қимыл­дар қарастырылады.

Демо­гра­фи­яға дем берсек…

Нақты айтқан­да, Қаза­қстан­да отба­сы­лық сая­сат мына бағыт­тар бой­ын­ша жүргізіледі:

1. Бала туу­ды ынта­лан­ды­ру, бала­лы отба­сы­лар­ды қолдау.

2. Отба­сы инсти­ту­тын нығай­ту, дәстүр­лі құн­ды­лы­қтар­ды сақта­уды дәріптеу.

3. Әйел­дер мен бала­лар­дың құқы­ғын қорғау, тұр­мыстық-отба­сы­лық зор­лық-зомбы­лы­қты алдын алу.

4. Отба­сы­ларға (әсіре­се қиын жағ­дай­дағы) әле­умет­тік қыз­мет­тер, қол­дау орта­лы­қта­ры арқы­лы көмек көрсету.

5. Демо­гра­фи­я­лық сая­сат­пен сәй­кест­ік – халық саны, отба­сы құры­лы­мы, көші-қон, өңір­лік айыр­ма­шы­лы­қтар мәселелері.

Енді «Отба­сын қол­дау орта­лы­ғы» жоба­сы­на тоқтал­сақ, мем­ле­кет тара­пы­нан 2021 жылы 31 орта­лық, 2022 жылы 37 орта­лық ашы­лған бола­тын. Ол көр­сет­кіш 2025 жылы жал­пы саны 143 орта­лы­ққа дей­ін арта­ды деп жос­пар­ла­нып отыр.

Қазір осы тақы­рып бой­ын­ша әле­умет­тік мони­то­ринг пен сарап­та­ма­лық зерт­те­улер жүр­гізіліп отыр. Мыса­лы, Family policy as a power of political stability: Experience of Kazakhstan деген зерт­теу тобы 106 сарап­шы­ны қам­ти­тын сау­ал­на­ма нәти­же­лері­мен отба­сы­лық сая­сат тиім­ділі­гін баға­ла­у­ға тал­дау жасаған болатын.

Бұл сала­да кем­шілік те жоқ емес. Тиім­ділік пен мони­то­ринг жүй­есінің жет­кіліксізді­гі бай­қа­ла­ды. Кей­бір сарап­шы­лар отба­сы сая­са­ты­мен айна­лы­са­тын мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қыз­метін төмен баға­лаған. Ал, керісін­ше, зерт­теу нәти­же­сі бой­ын­ша аза­мат­тық сек­тор­дың тиім­ділі­гі жоға­ры болып тұр.

Сон­дай-ақ әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық теңсіздік­ке кел­сек, өңір­лер­де­гі отба­сы­лар­дың табыст­а­ры мен мүм­кін­дік­тері ара­сын­да әжептәуір айыр­ма­шы­лық бар. Оған бала туу дең­гей­інің төмен­ді­гі, халы­қтың қар­та­юы, көші-қон мәсе­ле­лері сияқты демо­гра­фи­я­лық тен­ден­ци­я­лар­ды қосуға болады.

Ажы­рас­у­дың, бір ата-ана­лы отба­сы­лар саны­ның артуы сияқты отба­сы­лық инсти­тут өзгерістері де басты наза­рда. Мыса­лы, 2025 жыл­дың алға­шқы 3 айын­да аза­мат­тық хал актілерін тір­кеу бой­ын­ша ажы­рас­у­лар саны 3,9 мыңға тең бол­ды. Сон­дай-ақ биыл отба­сын­дағы тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық 43,2%, ерлі-зай­ып­ты­лар­дың бірінің мас­кү­нем­дік неме­се нашақор­лық жағ­дайы 39,7% және ерлі-зай­ып­ты­лар ара­сын­дағы опа­сыздық 35,8% дең­гей­ін көр­сетіп отыр. Соның сал­да­ры­нан жал­пы жұп­тар­дың ажы­расу көр­сет­кі­ші өте жоға­ры саты­ға шықты. Мыса­лы, 1 мың ада­мға шаққан­да, шама­мен 4,6 ажы­расу жағ­дайы бар. Мұн­дай дең­гей отба­сы инсти­ту­ты­ның қазір­гі қоғам­дағы өзгерістерін, дәстүр­мен қалып­тасқан отба­сы­лық мәде­ни­ет­тің транс­фор­ма­ци­я­сын көр­се­те­ді. Сол себеп­ті мем­ле­кет пози­тив­ті тен­ден­ция қалып­та­сты­рып, қол­дау қыз­мет­тері арқы­лы ажы­расу саны­ның төмен­де­уіне әсер етпек.

Халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­ге бейімделсек…

Жаһан­дық тұрғы­дан қарай­тын бол­сақ, отба­сы­лық сая­сат әр елде әртүр­лі жүй­е­мен іске аса­ды. Мыса­лы, Еуро­па мен Орта­лық Ази­яда «Ген­дер­лік сезім­тал отба­сы­лық сая­сат» деген түсінік қалып­та­сып келеді. Мұн­да әйел­дер де, ерлер де отба­сы ішін­де қара­ла­тын мін­дет­тер жағы­нан тең құқы­ққа ие деген қағи­да жатыр. Соны­мен қатар, кеңірек тал­дау көр­сет­кен­дей, пост­кеңе­стік елдер (оның ішін­де Қаза­қстан) 90-жыл­дар­дан бастап әле­умет­тік қорғау жүй­есін қай­та құру кезін­де отба­сы­лық сая­сат сала­сын­да көп қиын­ды­ққа тап болған.

Енді Қаза­қстан жағ­дай­ын­да отба­сы­лық сая­сат­ты тиім­дірек ету үшін мына негіз­гі 6 бағыт маңызды:

1. Мони­то­ринг пен баға­лау жүй­есін жетіл­ді­ру: нақты көр­сет­кі­ш­тер мен деректер­ге негіз­дел­ген қоры­тын­ды­лар жасау қажет.

2. Өңір­лер бой­ын­ша теңсіздік­ті азай­ту: әр аймақтағы мүм­кін­дік­тер­ді теңе­стіріп, әле­умет­тік қыз­мет­тер­дің қол­жетім­ділі­гін арттыру.

3. Отба­сы­лар­дың әртүр­лі түр­лерін еске­ру: дәстүр­лі отба­сы үлгісі­нен тыс аза­мат­тар­ды, бір ата-ана­лы, бала­ла­ры­мен қиын жағ­дай­да тұрған отба­сы­лар­ды ерекше қолдау.

4. Ген­дер­лік теңдік­ті нақты іс-әре­кет дең­гей­ін­де іске асы­ру: әйел­дер мен ерлер­ге бір­дей әле­умет­тік, еңбек және күтім сала­сын­да мүм­кін­дік­тер беру.

5. Бала­лар мен жастарға бағыт­талған қыз­мет­тер­ді күшей­ту: отба­сы­ларға күтім көр­се­ту, бала­лар тәр­би­есі, мен­тал­дық ден­са­улық, тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­ққа қар­сы профилактика.

6. Халы­қа­ра­лық тәжіри­бені мең­ге­ру: басқа елдер­дің отба­сы­лық сая­са­тын­дағы тиім­ді модель­дер­ді зерт­теп, Қаза­қстанға бейімдеу.

Осы­ның бәрін жинақтап, бір сөз­бен айтқан­да, елі­міз­де ішкі отба­сы­лық мәсе­ле­лер­ді шешу, қыз­мет көр­се­ту­ге қол­жетім­ділік, мони­то­ринг пен ақпа­рат­тан­ды­ру дең­гейі жоға­ры болуы керек.

Отба­сы­лық сая­сат – мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың маңы­зды сала­сы. Ол қоғам­ның әле­умет­тік және демо­гра­фи­я­лық тұрақты­лы­ғы­на жол аша­ды. Қаза­қстан­да осы бағыт­тағы істер бірқа­тар жетістік­ке қол жет­кіз­ген­мен, алда әлі де сон­дай көп­те­ген мәсе­ле тұр. Бұры­нғы соци­а­ли­стік жүй­е­ден нары­қтық және әле­умет­тік рефор­ма­лар кезеңіне өткені­міз сияқты, отба­сы­лар да жаңа шар­ттарға бей­ім­деліп жатыр. Мем­ле­кет­тік сая­сат осы транс­фор­ма­ци­я­ны қол­дап, отба­сы­лар­ды жан-жақты нығай­туға бағыт­та­луға тиіс.

P.S. Осы ұсы­ны­стар іске асар бол­са, халы­қтың әл-ауқа­ты, отба­сы­лық инсти­тут­тың тұрақты­лы­ғы артып, Қаза­қстан өз даму мақ­са­ты­на қарай сенім­ді қадам жасай алады.

Ғали ТӨЛЕК

Республиканский еженедельник онлайн