Четверг , 16 июля 2026

ДАРИҒА МЕН ТИМУРДЫ ТЕРГЕГЕН ДЕПУТАТ:

Ермұрат Бапидің ескі Қаза­қстан мис­си­я­сы аяқтал­ды ма?

Қаңтар­дан кей­ін билік­ке Ермұрат Бапи ауа­дай қажет бол­ды. Тәу­ел­сіз жур­на­ли­сти­ка­ның аңы­зы, жыл­дар бойы оппо­зи­ци­я­лық шеп­те шың­далған Бапидің Мәжіліс­ке келуі Жаңа Қаза­қстан­ның «біз өзгер­дік, ескі гвар­дия кел­мес­ке кет­ті» деген рито­ри­ка­сы­ның тірі айғағы еді деп жаза­ды Ertenmedia.kz.

Жаңа билік қалып­та­сып, ескі эли­та­ның реван­ши­стік амби­ци­я­сы өте жоға­ры болған өтпе­лі кезең­де Ақор­даға ескі жүй­енің кез кел­ген рефлексін бір­ден басып тастай­тын, олар­дың заң­сыз актив­тері мен кулу­ар­лық қадам­да­рын қоға­мға жария ететін «ақпа­рат­тық қару» керек бол­ды. Бапи осы мін­дет­ті мін­сіз атқарды.

Оның аузы­мен билік ескі клан­ның қал­ды­қта­ры­на, экс-елба­сы­ға, оның тұңғыш қызы­на, күй­еу бала­сы­на және басқа да ет жақын­да­ры­на ұдайы соққы беріп отыр­ды. Біздің­ше, Бапидің Құры­л­тай тізі­мі­нен табыл­мауы билік тран­зи­тінің екін­ші фаза­сы басталға­нын білдіреді.

Ақор­да үшін «Қаңтар оқиға­сы» мен оның зардабы, ескі клан­ның қыл­мыста­ры тура­лы рито­ри­ка өзінің сая­си өтім­ділі­гін жоғал­та бастаған­дай. Сая­си эли­та өза­ра мәміле­ге келіп, бей­біт­шілік келісі­міне қол қой­ған сәт­те Бапи сияқты ымы­раға көне бер­мей­тін фигу­ра­лар­дың қажет­тілі­гі аза­яды. Ере­кең әлгін­дей келісім­ге қара­май, ескі клан­ды аяғы­на дей­ін төпе­ле­уді тоқтат­пас еді. Ол бар жер­де эли­та­ара­лық реван­шизм тақы­ры­бы күн тәр­тібі­нен түс­пес еді.

Ескі клан­ның негіз­гі қар­жы­лық және сая­си орта­лы­қта­ры бақы­ла­у­ға алы­нған бет­те Бапи сияқты «ауыр артил­ле­ри­я­ны» алғы шеп­те ұста­удың қажет­тілі­гі жой­ы­лған­дай әсер қалдырады.

Ере­кеңнің сөзі жүйе жазған сце­на­рий­ден шығып кет­кенін де мой­ын­дау керек. Оның бой­ын­дағы отыз жыл­дық шынайы оппо­зи­ци­я­лық табиғат пен жур­на­ли­стік инстинкт осы жасан­ды шең­бер­дің ішін­де ұзақ тұра алма­ды. Ол тек Назар­ба­ев кла­нын емес, қазір­гі атқа­ру­шы билік­тің де сол ескі жүй­енің сарқын­шағын әлі күн­ге дей­ін сақтап оты­рға­нын, кадр­лық сая­сат­тағы дәр­мен­сіздік­ті де сынай бастады.

Депу­тат­тың кез кел­ген резо­нан­сты мәсе­лені, мей­лі ол заң­сыз актив, мей­лі Қаңтар­дан кей­ін­гі эли­та­лық қақты­ғы­стар бол­сын өзін­дік экс­прес­си­я­мен әрі инсай­дер­лік дең­гей­де елге жет­кізіп оты­рға­ны үлкен үйде­гі қауы­мға ой сал­ды ма деп ойлай­мыз. Түп­теп кел­ген­де, қоғам­да «шын­ды­қты тек Бапи айта­ды, ал мемап­па­рат тек соның соңы­нан сал­да­ры­мен күресіп жүр» деген қауіп­ті сте­рео­тип орнықты.

Біз біл­сек, ескі Қаза­қстан­ның шетел асқан актив­терін қай­та­ру қазір Мәжілісте­гі эмо­ция алаңы­нан заң­гер­лер мен бан­кир­лер­дің үнсіз үстеліне ауы­сқан, ал бұл үстел­де Ере­кеңе орын табыл­ма­сы анық еді.

Бапидің Құры­л­тай­ға қаты­сты соңғы рито­ри­ка­сы оның жүй­е­мен ара­дағы соңғы ком­про­мисі болуы әбден мүм­кін. Оған «алаң­нан сыпайы түр­де кету» мүм­кін­ді­гі беріл­ді, бұл ресми билік­тің де, оның да беделін сақтап қалу­дың жалғыз жолы еді.

Билік ескі клан­ды жеңді (неме­се келісті), енді оған бұл соғы­стың батыр­ла­ры керек емес.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз.

Республиканский еженедельник онлайн