Четверг , 16 июля 2026

Жарқын әрі дамыған қала

Астана қаласының 2030 жылға арналған даму жоспары

Аста­на қала­сы елі­міздің ең ірі урба­ни­стік қала­ла­ры­ның бірі ғана емес, мем­ле­кет­тің бола­шаққа қой­ған амби­ци­я­ла­ры­ның айна­сы. Соңғы он жыл бойы Аста­на халқы жыл­дам қарқы­н­мен өсіп, 1,5 мил­ли­онға дей­ін жет­ті. Бұл қала­мы­здың қолай­лы­лы­ғы мен тар­тым­ды­лы­ғы­ның көрінісі болып табы­ла­ды. Деген­мен, мұн­дай демо­гра­фи­я­лық өсім қала­мы­здың инже­нер­лік инфрақұры­лы­мы­на ауыр жүк түсір­ді. Халы­қтың жап­пай көші-қоны­сы­ның қарқы­ны­на іле­су қиын. Сол себеп­ті елі­міз 2026–2030 жыл­дарға арналған даму жос­па­рын бекітіп, халық өсі­мі­нен туын­дай­тын ауырт­па­лы­қтың алдын алмақшы.

Қала­лық мәс­ли­хат бекіт­кен № 351 шешім бой­ын­ша Аста­на келесі бес жыл­ды­қтағы бағы­тын нақты­лап, көп­те­ген мүм­кін­дік­тер­ге жол аша­ды. Бұл құжат­ты жай ғана стра­те­гия деп түсі­ну қате. Бұл – нақты қар­жы­лық есеп пен нақты мерзім­ге негіз­дел­ген жүйе. Бұл жос­пар­дың ең негіз­гі мақ­са­ты – сан­дық өсім мен сапа­лы даму.

Жал­пы, Аста­на қала­сы­ның бекіт­кен даму жос­па­рын үш бағыт­та қарас­ты­руға бола­ды. Олар – инфрақұры­лым­дық сер­піліс пен жай­лы орта, адам капи­та­лы және бәсе­ке­ге қабілет­ті орта.

 

1‑бағыт: Инфрақұрылымдық серпіліс пен жайлы орта

(Қала­ның «инже­нер­лік қаңқа­сын» нығайту)

 

Өткеннен сабақ: инфрақұрылымдық қарқын

Соңғы жыл­да­ры елі­міз­де тұрғын үй құры­лы­сы өте жыл­дам қарқы­н­мен жүріп, жал­пы құры­лыс ауда­ны мил­ли­он­даған шар­шы метр­ді құра­ды. Алай­да тұрғын үй құры­лы­сы­мен салы­сты­рған­да қала үшін маңы­зы кем емес су, жылу және кәріз жүй­е­лері дәл осын­дай қарқы­н­мен дамы­м­а­ды десек бола­ды. Соның нәти­же­сін­де 2023–2024 жыл­дар ара­лы­ғын­да осы жүй­е­лер­де бел­гілі бір шек­те­улер мен ресур­стық тап­шы­лы­қтар бай­қал­ды. Сол себеп­ті жаңа даму жос­па­ры ең алды­мен осы мәсе­ле­лер­ді шешу­ге бағытталған.

2027 жыл қар­жы­лан­ды­ру­дың ең жоға­ры шегі (2,1 трлн тең­ге) ретін­де бел­гі­лен­ген. Сон­ды­қтан осы уақыт­та атал­мыш сала­лар­дың маңы­зды стра­те­ги­я­лық нысан­да­ры, нақты­рақ айт­сақ, НФС‑4 су стан­ци­я­сы мен КОС‑2 кәріз-тазар­ту кешені іске қосы­луы тиіс. Бұл нысан­дар қала­мы­здың ұзақ мерзім­ді тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз етпек.

Жал­пы инфрақұры­лы­мға бөлі­нетін бес жыл­дық бюд­жет көле­мі 5,3 трлн тең­гені құрай­ды. Оған қоса 26,3 трлн тең­ге көле­мін­де жеке инве­сти­ция тар­ту көз­дел­ген. Яғни, қала­ның инфрақұры­лы­мы­на бөлін­ген осын­ша қара­жат халық өсі­мі­мен қатар дамуға мүм­кін­дік береді.

 

Су, жылу және кәріз жүйелері

НФС‑4 су стан­ци­я­сы мен КОС‑2 кәріз-тазар­ту кешен­дері ресур­стық тап­шы­лық пен жүй­елі инфрақұры­лым мәсе­ле­лерін шешеді. Одан бөлек, газ­дан­ды­ры­лған жылу энер­ге­ти­ка­сы ресур­стар­ды үнем­ді пай­да­ла­ну­ды және қол­жетім­ділік­ті қам­та­ма­сыз ете­ді. Соны­мен қатар газ­дан­ды­ры­лған жылу энер­ге­ти­ка­сы тек қуат көзін үнем­деу мен арт­ты­ру ғана емес, эко­ло­ги­я­лық аху­ал­ды жақ­сар­ту деген сөз.

 

Көлік жүйесіндегі реформа

Қала­мы­здағы көлік жүй­есіне кешен­ді өзгерістер енгізіл­мек. Басты мақ­сат – маги­страль­дар­ды кеңей­тіп, бала­ма бағыт­тар қалып­та­сты­ру. Ең алды­мен көлік сақи­на­ла­рын бірік­тіріп, аяқтау жос­пар­ланған. Нақты­рақ айтқан­да, Әл-Фара­би даңғы­лын Қабан­бай батыр даңғы­лы­на дей­ін жалғау, Ш. Айт­ма­тов көше­сін айнал­ма жол­мен қосу, Тәу­ел­сіздік даңғы­лы арқы­лы жаңа көпір салу және Есіл өзені арқы­лы қосым­ша өткел­дер салу көзделген.

LRT жоба­сын да бола­шақ көлік жүй­есінің негізі ретін­де қарас­ты­руға бола­ды. Жоба іске қосы­лған­нан кей­ін қала­ның көлік жүй­есіне түсетін ауырт­па­лық аза­яды. Бұл жоба авто­бус марш­рут­та­ры­мен бірі­гіп, әуе­жай­ды, «Нұр­лы жол» вок­за­лын және әкім­шілік орта­лы­қты байланыстырады.

 

Полицентрлік даму

Жос­пар­дың ерекше жаңа­лы­қта­ры­ның бірі – қала орта­лы­ғы мен шет аймақтар­дағы теңсіздік­тің алдын алу.

Жос­пар­дың маңы­зды жаңа­лы­ғы – қала орта­лы­ғы мен шет аймақтар ара­сын­дағы теңсіздік­ті жою. Қала­ның орта­лық аудан­да­ры­нан қалып қой­ған Сары­арқа мен Бай­қоңыр аудан­да­рын жаңғыр­туға басым­дық беріледі. Бұл ескі инфрақұры­лым­ды жаңар­ту мен реде­ве­ло­п­мент жоба­ла­рын жандандырады.

 

2‑бағыт: Адам капиталы

Даму жос­па­ры­ның басты басым­ды­ғы – адам­ның әл-ауқа­ты. Бұл шешім елді дамы­ту­дағы стра­те­ги­я­лық мән­ге ие. Себебі қала­ның дамуы тек ғима­рат­тар салу­мен ғана емес, білім­ді, дені сау әрі бел­сен­ді тұрғын­дар­ды қалып­та­сты­ру­мен өлшенеді.

 

Сапалы білім

Алдағы жыл­да­ры жаңа мек­теп­тер­дің салы­нуы тоқта­май­ды. «Жай­лы мек­теп» жоба­сы арқы­лы үш ауы­сым­ды оқу мәсе­лесі шешіліп, сапа­лы білім­ге мүм­кін­дік ашы­ла­ды. Енді елдің наза­ры мек­теп саны­на емес, білім­нің сапа­сы­на ауы­са­тын бола­ды. Білім беру сапа­сы­ның негіз­гі инди­ка­то­ры PISA көр­сет­кі­ш­тері бол­мақ. Қала орта­лы­ғын­дағы лицей­лер мен қала шетін­де­гі мек­теп­тер ара­сын­дағы алшақтық қысқар­ты­ла­ды. Қала­ның бар­лық мек­теп­теріне STEM бағыт­та­ры, робо­то­тех­ни­ка каби­нет­тері және цифр­лық әдісте­ме­лер енгізіледі.

 

Қолжетімді медицина

Жос­пар бой­ын­ша Аста­на қала­сын­да көп­бей­ін­ді бала­лар ауру­ха­на­ла­ры, пери­на­тал­дық орта­лы­қтар мен емха­на­лар салы­на­ды. Бұл жер­де «дәрі­гер көр­ші аула­да» деген қағи­да жұмыс істей­тін бола­ды. Яғни, тұрғын­дар үшін база­лық меди­ци­на­лық қыз­мет алу қол­жетім­ді болуы тиіс. Демек, тұрғын­дар меди­ци­на­лық көмек­ке жүгі­ну үшін қала­ның бір шеті­нен екін­ші шетіне бармайды.

Соны­мен қатар меди­ци­на сала­сы жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық бағыт­та дами­тын бола­ды. Бұл бағыт­та елор­да­мы­здың басым­ды­ғы жоға­ры. Мыса­лы, Қаза­қстан­дағы JCI халы­қа­ра­лық аккре­ди­та­ци­я­сы­на ие тоғыз кли­ни­ка­ның жете­уі Аста­на­да орна­ласқан. Олар­дың ішін­де Ұлт­тық ғылы­ми онко­ло­гия орта­лы­ғы онко­ло­ги­я­лық емде­удің инно­ва­ци­я­лық әдістерін енгі­зу­де жетек­ші орын­дар­дың бірін алады.

 

Әлеуметтік қолдау

Әле­умет­тік сая­сат ата­у­лы модель­ге көшеді. Қол­дау ең мұқтаж топ­тарға бағыт­та­лып, мүм­кін­ді­гі тең қоғам қалып­та­сты­ру көз­де­леді. Бұл – инклю­зив­ті қоғам құру жолын­дағы маңы­зды қадам.

 

3‑бағыт: Бәсекеге қабілетті экономика

Өнеркәсіптік аймақтар

100-ден астам өндірістік жоба № 2 Инду­стри­я­лық парк аумағын­да іске асы­ры­ла­ды. Бұл қала тұрғын­да­ры үшін жаңа жұмыс орын­да­рын ашып, өндірістік сек­тор­дың үлесін арт­ты­ра­ды. Аталған парк «Аста­на – Тех­но­по­лис» арнайы эко­но­ми­ка­лық аймағы­ның құра­мы­на кіреді. 2030 жылға қарай қала­ның жал­пы өңір­лік өні­мін­де­гі өнер­кәсіп­тің үлесі 10 %-ды құрай­тын болады.

 

Логистика

233 гек­тар аумақты құрай­тын жаңа логи­сти­ка­лық парк құры­ла­ды. Бұл елор­да­мы­здың тран­зит­тік әле­уетін нығай­тып, тау­ар айна­лы­мын тиім­ді рет­те­у­ге мүм­кін­дік береді.

 

Туризм саласы

Қала­мыз іскер­лік және меди­ци­на­лық туризм­ге ерекше көңіл бөл­мек. Алдағы бес жыл­да тури­стік ағын­ды 2,8 мил­ли­он ада­мға дей­ін арт­ты­ру жос­пар­ланған. Әуе­жай­дың жола­у­шы­лар өткі­зу мүм­кін­ді­гі 12 мил­ли­он ада­мға дей­ін ұлғай­ты­лып, елі­міздің туризм сала­сы­ның жаңа дең­гей­ге көтерілуіне зор мүм­кін­дік ашады.

 

Цифрлық экономика

Цифр­лық эко­но­ми­ка­ның негізі ретін­де Орта­лық Ази­ядағы ең ірі стар­тап­тар тех­но­пар­кі – Astana Hub қала береді. Соны­мен қатар «Аста­на» халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы да маңы­зды рөл атқа­ра­ды. Мұн­да әлем­нің 88 елі­нен шама­мен 4,6 мың ком­па­ния тіркелген.

 

Болашақтың айнасы

Жал­пы түй­ін­десек, 2030 жылға қарай Аста­на қала­сы инфрақұры­лым­дық қауіп­тен ары­лған, сапа­лы білі­мі мен қол­жетім­ді меди­ци­на­сы бар, өнер­кәсіп­тік және цифр­лық орта­лы­ққа айналған бір­тұ­тас дамы­ған мега­по­ли­стер­дің біріне айналады.

 

Алдағы үш жылдағы ауқымды өзгерістер

Алдағы үш жыл «үлкен құры­лыс» кезеңі бол­мақ. Алай­да 2028 жыл­дан кей­ін қала жаңа сапа­лық дең­гей­ге көтерілуі ықтимал.

Қоры­тын­ды­лай келе, 2026–2030 жыл­дарға арналған даму жос­па­ры – Аста­на­ның есей­генін көр­се­тетін құжат. Егер жос­пар­ланған жоба­лар уақы­ты­лы іске асса, елор­да тек аумағы бой­ын­ша ғана емес, өмір сапа­сы бой­ын­ша да өңір­де­гі ең жарқын әрі дамы­ған қала­лар­дың біріне айналады.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн