Четверг , 3 сентября 2026

Көшпенділер – Қырғызстанда

Қырғыз бауыр­лар ұйым­да­сты­рған Дүни­е­жүзілік көшпен­ділер ойын­да­ры – төрт­күл дүниені там­сан­ды­рған нағыз мәде­ни бренд­ке айна­лып жатыр.

Ал дәл осы дода­ны біздің елде ұйым­да­сты­ру бары­сын­да заңбұ­зу­шы­лы­қтар, ірі көлем­де­гі пара алу және бюд­жет қара­жа­тын жымқы­ру фак­тілері қоғам­да үлкен резо­нанс тудырды.

Көшпен­ділер ойы­ны­на мем­ле­кеті­міз мил­ли­ард­тар­ды бөл­ді, бірақ оның қомақты бөлі­гі атқа мін­ген батыр­лар­дың емес, таса­да оты­рған шене­унік­тер мен олар­дың «коше­лек­терінің» қал­та­сын­да кетті.

Тер­геу болжа­мы бой­ын­ша, Наиль Нуров Көшпен­ділер ойын­да­ры­на дай­ын­дық бары­сын­да құны 500 мил­ли­он тең­ге­ден аса­тын этно­ауыл құры­лы­сын мақұл­дап, ол үшін мер­ді­гер­ден жоба құны­ның 10 пай­ы­зын талап еткен

Ел ішін­де «кім­нің коше­ле­гі» ұсталға­нын, бұл жіп­тің ұшы қай жоға­ры лау­а­зым­ды крес­лоға тіре­летінін бәрі біледі. Бірақ жүй­е­де­гі «назар­ба­ев­шыл­дар» кас­та­сы әлі де мызғы­май тұр. Орын­да­у­шы­лар ғана құр­бан­ды­ққа шалы­нып, нағыз қожай­ын­дар жаңа “биік­тер­ді” бағын­ды­рып жатыр.

Қоғам­ды қажы­тқан басты әділет­сіздік — қыл­мыстың ашы­лға­нын­да емес, шын кінәлілер­дің жау­ап­тан жал­та­рып шыға келетінінде.

Бұл дерт­ті тек қағаз­дағы рефор­ма­лар­мен неме­се кезек­те­гі «тер­геу амал­да­ры­мен» жеңу мүм­кін емес.

Жемқор­лы­қты түп­кілік­ті ауы­здақтау үшін  заң алдын­дағы теңдік ең жоғарғы эли­таға қол­да­ны­лып,  мем­ле­кет­тік сатып алу­лар мен іс-шара­ларға бөлін­ген әрбір тең­генің қозға­лы­сы халы­ққа онлайн режим­де көрініп тұрса,

сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет атқа­ру­шы билік­ке емес, тәу­ел­сіз пар­ла­мент пен сотқа бағын­са ғана, қыл­мыстық істер­ге тоқтам болар еді…

Көлең­ке­де­гі «коше­лек­тер» халық соты­нан қоры­ққан күні ғана мем­ле­кет қазы­на­сы­на қол сұғу тоқтайды…

Дина ЕЛГЕЗЕК

Республиканский еженедельник онлайн