Четверг , 5 ноября 2026

Өз күшімізге негізделген СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев биы­лғы Жол­да­уын қалып­тасқан дәстүр­ден дер­лік екі ай кеші­гіп жари­я­ла­ды. Сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, Жол­да­удың қазан айы­ның соңы­на қарай жари­я­ла­нуы жаңа Кон­сти­ту­ция негізін­де сай­ланған пар­ла­мент – Құры­л­тай және «Халық кеңесі» сияқты инсти­тут­тар­дың жұмысы нақты­ла­нып, жүйе қалып­тасқан­нан кей­ін жау­ап­ты тұлға­ларға тіке­лей тап­сыр­ма беру мақ­са­ты­нан туындаған.

Қалай деген­де де, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің «Жаңа тари­хи кезең­де­гі Қаза­қстан­ның өзек­ті мін­дет­тері» атты 2026 жылғы Жол­да­уы елі­міздің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық және сая­си дамуы­ның жаңа стра­те­ги­я­лық бағыт­та­рын айқын­да­ды. Құжат­та «Халы­қтық құры­лыс» бағ­дар­ла­ма­сы, кәсіп­кер­лік­ті қорғау, цифр­лық транс­фор­ма­ция және халы­қтың әл-ауқа­тын арт­ты­руға бағыт­талған ауқым­ды рефор­ма­лар мен мін­дет­тер көрініс тап­ты. Мұның бәрі отан­дық және халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар қауым­да­сты­ғы ара­сын­да үлкен қызы­ғу­шы­лық тудыр­ды. Сарап­шы­лар құжат­тың ерекшелік­тері мен әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық маңы­зы­на қаты­сты бірқа­тар мән­ді тұстар­ды атап өтті.

Олар­дың пай­ым­да­уын­ша, Жол­да­удың басты ерекшелік­терінің бірі –оның нақты­лы­ғы, жүй­елілі­гі және іс-қимы­лға бағыт­талған­ды­ғын­да. Сая­сат­та­ну­шы­лар бұл Жол­да­уды елде­гі ауқым­ды сая­си және кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар фаза­сы аяқта­лып, мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың жаңа архи­тек­ту­ра­сы құры­лған­нан кей­ін­гі алға­шқы стра­те­ги­я­лық құжат деп санай­ды. Сон­ды­қтан да ол сая­си ұран­дар­дан гөрі, нақты инфрақұры­лым­дық және әле­умет­тік нәти­же­лер­ге бағыт­та­лып отыр.

Халы­қа­ра­лық тал­да­у­шы­лар Жол­да­удың негіз­гі өзе­гі ретін­де «халық, әділ­дік және шынай­ы­лық» три­а­да­сын бөліп көр­се­те­ді. Бұл мем­ле­кет­тің қоғам сұра­ны­сы­на тіке­лей және шынайы жау­ап беру­ге көш­кенін біл­діреді. Ал құжат­тың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық маңы­зы­на келер бол­сақ, сарап­шы­лар Жол­да­удағы эко­но­ми­ка­лық баста­ма­лар елдің ұзақ мерзім­ді тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ете­ді деп есеп­тей­ді.          2027 жыл­ды «Жап­пай бүкіл­ха­лы­қтық құры­лыс жылы» деп жари­я­лау және Ұлт­тық қор­дан 6,5 трлн тең­ге бөлу – өңір­лер­де­гі тұрғын үй-ком­му­нал­дық шару­а­шы­лық (ТКШ), логи­сти­ка («Бахты–Аягөз», Арал–Каспий маги­стралі) және әле­умет­тік нысан­дар мәсе­лесін түп­кілік­ті шешу­ге мүм­кін­дік береді. Отан­дық сарап­шы­лар мұны аймақтар ара­сын­дағы алшақты­қты азай­ту­дың басты құра­лы деп санайды.Түптеп кел­ген­де, «Халы­қтық құры­лыс» бүкіл ел аумағын­да инфрақұры­лым­дық сер­піліс туды­руы тиіс.

Энер­ге­ти­ка сала­сы­ның маман­да­ры Қаза­қстан­ның 2029 жылға қарай тұрақты энер­го­про­фи­цит­ке шығу және Балқаш пен Мой­ы­нқұм­да АЭС салу жос­пар­ла­рын өте дер кезін­де қабыл­данған шешім деп баға­ла­ды. Бұл елдің өнер­кәсіп­тік әле­уетін арт­ты­рып, эко­ло­ги­я­лық мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­уға сеп­ті­гін тигізеді.Ең басты­сы – энер­ге­ти­ка­лық тәу­ел­ділік­тен құтқарады.

Эко­но­ми­стер 2027 жыл­дан бастап шағын және орта биз­не­сті (ШОБ) тек­се­ру істеріне үш жыл­дық мора­то­рий енгі­зу, эко­но­ми­ка­лық қыл­мыстар­ды декри­ми­на­ли­за­ци­я­лау және жаңа Аза­мат­тық кодекс әзір­леу баста­ма­ла­рын кәсіп­кер­лік­ке беріл­ген үлкен сер­пін деп есеп­тей­ді. Ал жаңа Салық кодексі аясын­да ауқат­ты аза­мат­тарға салы­на­тын салы­қты қай­та қарау – әле­умет­тік әділ­дік прин­ци­пін айқындайды.

2027 жыл­дан бастап ең төмен­гі жалақы мөл­шерінің 110 мың тең­ге­ге дей­ін көтерілуі халы­қтың табысын арт­ты­руға және инфля­ция сал­дар­ла­рын жұм­сар­туға бағыт­талған маңы­зды әле­умет­тік қадам ретін­де оң баға­ла­нып отыр.

Сарап­шы­лар “Digital Qazaqstan” стра­те­ги­я­сы, супер­ком­пью­тер­лер орна­ту және тал­шы­қты-опти­ка­лық маги­страль­дар тар­ту арқы­лы Қаза­қстан Еура­зи­ядағы басты цифр­лық хабқа айна­лу мүм­кін­ді­гі жоға­ры екенін айта­ды. 2027 жыл­дың 1 мау­сы­мы­на дей­ін мем­ле­кет­тік аппа­рат­ты басқа­руға AI енгі­зу – бюро­кра­ти­я­ны азай­тып, тиім­ділік­ті арт­ты­ра­тын маңы­зды қадам. Ал білім беру сала­сын­да педа­гог­тар­дың қағаз­ба­сты­лы­ғын азай­ту, олар­дың беделін қорғау және ерекше қажет­тілік­тері бар бала­ларға жағ­дай жасау баста­ма­ла­ры сапа­лы ұлт қалып­та­сты­ру­дың негізі ретін­де бағаланды.

Қоры­та айтқан­да, халы­қа­ра­лық және отан­дық сарап­шы­лар­дың ортақ бай­ла­мы бой­ын­ша, Пре­зи­дент­тің 2026 жылғы Жол­да­уы –гео­са­я­си тур­бу­лент­тілік жағ­дай­ын­да Қаза­қстан­ның өз күшіне сүй­ене оты­рып, ішкі тұрақты­лы­қты, эко­но­ми­ка­лық еге­мен­дік­ті және аза­мат­тар­дың тұр­мыс сапа­сын арт­ты­ру­ды көз­дей­тін праг­ма­ти­ка­лық әрі маңы­зды стра­те­ги­я­лық құжа­ты болып саналады.

Енді Үкі­мет пен жер­гілік­ті атқа­ру­шы билік, бүкіл қоғам бар­лық күшін құжат­та жүк­тел­ген мін­дет­тер­дің өз мерзі­мін­де және сапа­лы түр­де орын­да­луы­на бағыт­та­уы тиіс. Сон­да ғана нақты нәти­же­ге қол жетіп, халы­қтың күн­делік­ті өмірін­де өзгеріс басталады.

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн