Четверг , 22 октября 2026

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ мен кәсіби жауапкершілік – ЕГІЗ ҰҒЫМ БОЛУЫ ТИІС

Осы қазан айы­ның 5‑і мен 15‑і ара­лы­ғын­да Вар­ша­ва­да (Поль­ша) өткен ОБСЕ кон­фе­рен­ци­я­сы­на қаты­сып, оған екі баян­да­ма дай­ын­даған едім. Оның бірі – Ада­ми өлшем­дер сек­ци­я­сын­да сөй­ле­ген сөзім­ді бұдан бұрын ФБ-парақ­шам­да жарияладым.

Екін­шісін оқуға уақыт регла­мен­ті тар­шы­лық етіп, кон­фе­рен­ци­я­ны ұйым­да­сты­ру­шы­лар оны ОБСЕ-нің ресми интер­нет-сай­тын­да жария етуді ұсы­нған-ды. Міне, осы баян­да­мам­ды сәл-пәл деталь­дар­мен толы­қты­рып, қазақ онлайн-ауди­то­ри­я­сы­на арнап, осын­да жари­я­лап отырмын.

Құр­мет­ті мыр­за­лар мен ханымдар!

Бедел­ді кон­фе­рен­ци­яда шағын спич жаса­удың алдын­да өзім тура­лы қысқа­ша аны­қта­ма беріп кетей­ін: мен 1998 жыл­дан бері бір­бет­кей оппо­зи­ци­яда болған, 30 жылға жуық уақыт рес­пуб­ли­ка­лық тәу­ел­сіз «ДАТ» газетін шыға­рып келе жатқан журналистпін.

Осы оппо­зи­ци­я­лық жол­да жүріп, үш рет қыл­мыстық сотқа тар­тыл­дым, 2002 жылы Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің ар-намысы­на (за пося­га­тель­ство на честь и достойн­ство) тидің деген айып­пен екі жылға сот­тал­дым. Оппо­зи­ци­я­лық қыз­метім үшін бұдан басқа екі рет қыл­мыстық іс бой­ын­ша сот­ты бол­дым, 2003–2008 жыл­да­ры 5 жылға жур­на­ли­стік қыз­мет­тен шет­тетіл­дім, 16 рет әкім­шілік сотқа, 8 рет аза­мат­тық сот ісіне тартылдым.

Сот маған және мен шыға­ра­тын газет­тер­ге жүз­де­ген мил­ли­он тең­ге айып салып, 11 газетім­ді жап­ты (DAT, СолDAT, DAT-Айна-плюс, DAT-Жұма-таймс, DAT-Апта-Неде­ля, DAT-Тасжарған, т.б). 1998–2006 жыл­да­ры «ДАТ» медиа-жоба­сын­да қыз­мет еткен үш жур­на­лист түн ішін­де бел­гісіз жағ­дай­да қаза тап­ты. Газет редак­ци­я­сы тонал­ды, бір­не­ше рет бан­дит­тік-қарақ­шы­лық шабуыл жасал­ды, жалға алы­нған офи­стер өртенді.

Қаза­қстан­ның бұры­нғы сая­си режи­мі жыл­да­рын­да «ДАТ» газеті­нен басқа басы­лым­дар да нақақ және заң­сыз қуда­ла­уды көп көр­ді: «Сво­бо­да сло­ва», «Рес­пуб­ли­ка», «Сөз», «Эпо­ха», «Адам», «Адам бол», «Три­бу­на» сияқты 50-ден астам оппо­зи­ци­я­лық газет-жур­нал­дар мен интер­нет басы­лым­дар жабыл­ды. Қуда­лау көр­ген бірқа­тар жур­на­ли­стер шетел­дер­ге кету­ге мәж­бүр болды.

Ал соңғы 2023–2026 жыл­да­ры мажо­ри­тар­лық жүй­е­мен сай­ла­нып, Қаза­қстан Пар­ла­мен­тінің депу­та­ты бол­дым. Сон­ды­қтан менің баян­да­мам­ды екі тарап­тың іші-сыр­тын көр­ген тәу­ел­сіз жур­на­лист-сая­сат­кер­дің мем­ле­кет­шіл­дік тұрғы­дағы сарап­шы­лық пікірі деп қабыл­да­уды өтінемін.

Біз­де­гі масс-меди­а­ның бүгін­гі жағ­дай­ын айтқан­да, ең алды­мен Қаза­қстан­ның ішкі қоғам­дық аху­а­лын (кли­мат), оған әсер ету тәу­е­кел­дері басым сыр­тқы гео­са­я­си қатер­лер жағ­дай­ын сөз ету­ге тура келеді. Елдің масс-медиа­сы мен бло­го­сфе­ра­сы­ның өмір сүру орта­сы мен даму жағ­дайы неме­се қалып­тасқан қоғам­дық қарым-қаты­на­стар про­бле­ма­сын осы ішкі-сыр­тқы ситу­а­ци­я­лар­дан бөліп алып қарас­ты­ру жағ­дай­ға толық баға бермейді.

Қаза­қстанға төн­ген тәу­е­кел­дер әсері осы кон­фе­рен­ци­яда оты­рған көп­шілік­ке бел­гілі бол­мауы мүм­кін. Евра­зия кон­ти­нен­тін­де­гі бүгін­гі Қаза­қстан сыр­тқы сая­си режим­дер мен гео­са­я­си тәу­е­кел­дер қор­ша­уын­да қал­ды: сол­түсті­гі мен оңтүсті­гі соғыс жағ­дай­ын­дағы елдер; шығы­сын ком­му­ни­стік Қытай қор­шаған; баты­сы Кас­пий теңізі­мен тұй­ы­қта­ла­ды. Аме­ри­ка – алыс, Евро­па­мен ара­лы­қты соғыс бөліп жатыр. Осын­дай гео­са­я­си жағ­дай­да Қаза­қстан ішкі ұлт­тық-мем­ле­кет­тік мүд­де­ге басым­дық беру­ге әлдеқай­да мұқтаж. Бүгін­гі гло­бал­дық қарым-қаты­на­стар тәр­тібі күрт өзгер­ген және әлем­дік гео­са­я­си жағ­дай­лар ушы­ққан кез­де Қаза­қстан үшін тұрақты­лық пен ел тәу­ел­сізді­гінің қауіп­сізді­гі бәрі­нен де қымбат.

Елдің жан-жақты тұрақты­лы­ғы деген­де, масс-меди­а­ның кәсі­би, сая­си және аза­мат­тық жау­ап­кер­шілі­гін бірін­ші кезек­те атау керек. Инфор­ма­ци­я­лық қауіп­тер мен гибрид­тік қатер­лер ушы­ққан әлем­нен біздің ел оқша­у­ла­нып қала алмай­ды. Қаза­қстан дамуға түбе­гей­лі бет бұрған соңғы төрт жыл­да біраз рефор­ма­лық өзгерістер жаса­лып, дамы­ған өрке­ни­ет көшіне ұмты­лып жат­са да, қоғам мен билік ара­сын­дағы қаты­на­стар мен мем­ле­кет­тік мүд­дені маза­лай­тын мәсе­ле­лер аз емес.

Ал масс-меди­а­ның ішкі қаты­на­старға кері ықпал етуі мүм­кін аспек­тілерін атаған­да, ең алды­мен қоғам­да әле­умет­тік ала­у­ы­здық туды­ра­тын, 130-дан астам ұлт пен ұлы­стар мекен­дей­тін ел ішін­де ұлта­ра­лық жан­жал мен ислам­дық діни ала­у­ы­зды­қты өршіту­ге бағыт­талған, жалған ақпа­рат тара­та­тын, сепа­рат­тық пиғыл­ды өрші­тетін кон­тент­тер елдің тұрақты­лы­ғы­на қатер төн­діретін фак­тор­лар екенін бірін­ші кезек­те атау керек.

Бұл тұрғы­да осы 2026 жыл­дың басы­нан бері 23 280 құқы­қбұ­зу­шы­лық аны­қталға­ны елде­гі біраз жағ­дай­дан хабар бер­се керек. Ислам­ның деструк­тив­ті ағым­да­ры наси­хат­тай­тын діни экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм­ге қаты­сты 6 мыңға жуық кон­тент аны­қталған. Бірақ бұл цифр­лар аталған кон­тент иелері тегі­стей құқы­қтық жау­а­пқа тар­тыл­ды деген­ді біл­дір­мей­ді. Аны­қталған осын­дай бірқа­тар кон­тент автор­ла­ры­мен тиісті уәкілет­ті мем­ле­кет­тік ішкі сая­сат орган­да­ры мәмілелі диа­лог жүр­гі­зу бары­сын­да олар қыл­мыстық неме­се басқа­дай жау­ап­кер­шілік­тен босатылды.

Сол сияқты, мем­ле­кет­ті 30 жыл бойы әле­умет­тік және діни жік­шіл­дік­ке бөл­шек­теп, аза­мат­тық ақыл-ойды тығы­ры­ққа тығып тастаған бұры­нғы режим­нен қалған реван­шизм мен Қаза­қстан­ның тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­ғы­на көза­лар­тқан сепа­рат­тық пиғыл­ды қол­да­у­шы кон­тент­тер қоғам­дық тұта­сты­ққа қыз­мет етпей­тіні бел­гілі. Елдің тұта­сты­ғы мен сая­си тұрақты­лы­ғы­на залал кел­тіретін субьек­тілер­дің сөз­сіз жау­а­пқа тар­ты­лу тала­бы Қаза­қстан­да ғана емес, көп­шілік елдер­дің прак­ти­ка­сын­да бар екені мәлім.

Қаза­қстан­ды ислам дінінің деструк­тив­ті ағым­да­ры арқы­лы бөл­шек­те­у­ге, мың жыл­дық дәстүр­лі ұлт­тық-мәде­ни мұра­ларға шабуыл жаса­уға ниет­ті сыр­тқы идео­ло­ги­яға қыз­мет ететін ішкі күш­тер мен онлайн кон­тент­тер жаңа тәу­е­кел­дер туды­ру­да. Осы рет­те әсіре­се қаза­қстан­дық масс-медиа мен бло­го­сфе­ра­да қоға­мға жаң­сақ ақпа­рат­тар тара­туға, соның әсері­нен аза­мат­тық толқу­лар туды­руға құштар әле­умет­тік топ­тар мен астыр­тын күш­тер­дің әсері айқын бай­қа­лу­да. Міне, осын­дай ішкі және сыр­тқы қатер­лер сипа­ты өріс алу мүм­кін­ді­гі пай­да болған бүгін­гі жағ­дай­да Қаза­қстан­ның масс-медиа­сы­нан қоғам­дық-әле­умет­тік тұрақты­лық тұрғы­сын­да жау­ап­кер­шілік талап етілу­де. Мүм­кін болар­лық үлкен тәу­е­кел­дер алдын­да елдік тұта­сты­қты, тәу­ел­сіздік мұра­ла­рын ақпа­рат­тық қатер­ден қорғау – біз үшін аза­мат­тық-мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғы­сын­дағы міндет!

Осы тала­пқа бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­да жүр­гізіліп жатқан «Заң және тәр­тіп» мем­ле­кет­тік идео­ло­ге­ма­сы негізін­де масс-меди­аға да заң негізін­де­гі аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік жүк­теліп оты­рға­нын ескерт­кім келеді. Иә, заң тала­бын бұзып, қоғам­дық тәр­тіп­ті ыды­ра­ту неме­се әле­умет­тік жік салу тұрғы­сын­да жалған ақпа­рат таратқан кон­тент автор­ла­ры жау­а­пқа тар­ты­лып жатқа­нын жоққа шыға­ра алмаймын.

Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі ретін­де мен салған сұра­у­ларға мем­ле­кет­тік орган­дар­дан қай­та­ры­лған жау­ап­тар бой­ын­ша, биы­лғы жыл­дың 8 айын­да масс-медиа мен теле­ком­му­ни­ка­ция және онлайн плат­фор­ма­лар жүй­есін пай­да­ла­ну арқы­лы қоға­мға жалған ақпа­рат таратқан 44 іс сотқа дей­ін­гі тір­ке­уден өткен екен. 2025 жылы дәл осын­дай 53 фак­ті аны­қтал­ды. Бірақ заң­ды бұзған кон­тент иелерінің көп­шілі­гі тарап­тар түсі­ну­шілі­гі­нен кей­ін бас бостан­ды­ғын айы­ру жаза­сы­нан боса­ты­лға­нын баса айтқым келеді.

Мен Қаза­қстан Пар­ла­мен­тін­де­гі үш жыл­дық депу­тат­тық құзіретім кезеңін­де жау­а­пқа тар­ты­лған бірқа­тар жур­на­ли­стер­ге ара­ша түсіп (Думан Мұха­мет­кәрім, Айгерім Тіле­ужа­но­ва, Бота­гөз Ома­ро­ва, Әсет Мата­ев, Амир Қасе­нов, Мир­бо­лат Бишой­ы­нов, т.б.), әртүр­лі мерзім­ге қамауда оты­рған аза­мат­тар­дың біразы­мен кез­десіп (Марат Жылан­ба­ев, Ләз­зат Жапа­ше­ва, «АЭС тұтқын­да­ры»), олар­дың жаза­сын жеңіл­де­ту ісіне ара­ла­стым. Уәкілет­ті орган­дар­мен, Бас про­ку­ра­ту­ра­мен диа­лог жүр­гізіп, бір­не­ше­уін түр­ме жаза­сы­нан құтқа­руға ықпал еткенім­ді осы кон­фе­рен­ци­яда бірін­ші рет ашық жария етіп отырмын.

Әрине, қалай болған­да да, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы адам құқы­ғы шең­берін­де сөз бостан­ды­ғын қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі өзінің халы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­лерін орын­да­уға мей­ілін­ше ынта-ықы­ла­сын салу­да. Оның үстіне Қаза­қстан БАҚ бостан­ды­ғы сала­сын­дағы негіз­гі халы­қа­ра­лық құжаттарды:

– Аза­мат­тық және сая­си құқық жөнін­де­гі Халы­қа­ра­лық пактіні;

– Жал­пы­ға ортақ адам құқы декларациясын;

– соны­мен бір­ге адам­заттық өлшем сала­сын­дағы ООН, ОБСЕ және ЮНЕСКО тара­пы­нан қабыл­данған құжат­тар­ды рати­фи­ка­ци­я­лаға­нын ескерт­кім келеді.

Бұл құжат­тар адам құқын дамы­ту жөнін­де­гі жетістік­тер мен мін­дет­те­ме­лер­ге үне­мі кешен­ді мони­то­ринг жаса­уға мүм­кін­дік береді. Бұл талап­тар Қаза­қстан үшін база­лық меже (ори­ен­тир) екені даусыз.

Бірақ әлем­дік қарым-қаты­на­стар тала­бы күн сай­ын өзгеріп, алып дер­жа­ва­лар ойы­на кел­ген­ді жасап оты­рған алмағай­ып заман­да, гео­са­я­си қатер­лер күрт ушы­ғып кет­кен кезең­де өзінің ұлт­тық мүд­де­лерін қорға­уға жан­та­ла­сып жатқан орта мем­ле­кет­тер­ді кон­вен­ци­я­лық құжат­тар­мен қылқын­ды­ру­дың шек­ті мөл­шері болу керек деп есеп­тей­мін. Мыса­лы үшін, жал­пы­ға ортақ ада­ми өлшем­дер алып АҚШ пен орта дәре­желік даму дең­гей­ін­де­гі Қаза­қстан­нан, агрес­си­я­лық Ресей мен соғыс жағ­дай­ын­да тәу­ел­сізді­гі мен мем­ле­кет­ті­гін жан­та­ла­сып қорғап жатқан Укра­и­на­дан бір­дей талап етілуі ада­ми қисы­нға сәй­кес келмейді.

Атап айтқан­да, мәсе­лен, бүкіләлем­дік демо­кра­ти­я­ның алтын қазы­ғы саналған АҚШ-та алып медиа кор­по­ра­ци­я­лар­дың жур­на­ли­стеріне Ақ үйге кіру мүм­кін­ді­гі шек­теліп жатқан кез­де; ком­му­ни­стік Қытай мен агрес­сив­тік сая­сат ұстанған Ресей өздерінің ішкі сая­са­ты үшін ұлт­тық мүд­де­леріне басым­дық беріп жатқан бүгін­гі тең­селіп тұрған әлем­де Қаза­қстан сияқты орта дер­жа­ва­лар­ды буын­ды­ру қара­пай­ым логи­ка­мен қабыспай­тын талап екенін атап өткім келеді.

Бәл­кім, ОБСЕ басқа да халы­қа­ра­лық адам құқын қорғау инсти­тут­та­ры­мен бір­лесіп, кон­вен­ци­я­лық құжат­тар талап­та­рын сақтау жөнін­де жаңа пара­метр­лер дай­ын­да­уға баста­ма­шы болуы керек шығар?! Бірақ бұл басқа күн тәр­тібінің тақы­ры­бы болған­ды­қтан, оны бұл ара­да сөз етудің реті жоқ деп ойлаймын.

Зей­ін­деріңіз үшін көп рақ­мет! Ермұрат БАПИ

Вар­ша­ва (Польша),13 қазан, 2026 жыл

Республиканский еженедельник онлайн