Воскресенье , 15 ноября 2026

Ауыз су мәселесі: 100 пайыздық көрсеткіштің арғы жағында не тұр?

Қаза­қстан­да ауыз сумен қам­ту мәсе­лесі ұзақ жыл­дар бойы ауыл мен қала ара­сын­дағы тұр­мыс сапа­сы­ның айыр­ма­шы­лы­ғын айқын­дай­тын негіз­гі көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі болып кел­ді. Бір елді мекен­де тұрғын­дар суды үйін­де­гі кран­нан пай­да­лан­са, екін­ші ауыл­да оны құды­қтан тасуға неме­се арнайы көлік­пен жет­кізілуін күту­ге тура кел­ді. Инже­нер­лік инфрақұры­лым­ның осын­дай теңсізді­гі халы­қтың күн­делік­ті тір­шілі­гіне ғана емес, өңір­лер­дің эко­но­ми­ка­лық дамуы­на да әсер етті. Сон­ды­қтан ауыз сумен қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесін тек ком­му­нал­дық қыз­мет аясын­да қарас­ты­ру жет­кіліксіз. Бұл – халы­қтың ден­са­улы­ғы­на, ауыл­дар­дың бола­шағы­на және мем­ле­кет­тің әле­умет­тік мін­дет­те­ме­леріне тіке­лей қаты­сты мәселе.

2026 жыл­дың қаңта­рын­да Үкі­мет елде­гі бар­лық елді мекен­дер­ді ауыз сумен қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі тап­сыр­ма­ның орын­далға­нын мәлім­деді. Ресми ақпа­ратқа сәй­кес, 2025 жыл­дың қоры­тындыс­ын­да 90 қала мен 6 087 ауыл сумен жаб­ды­қтау қыз­мет­теріне толық қол жет­кіз­ген. Бұл нәти­же­ге жету үшін шама­мен 835 мил­ли­ард тең­ге бөлініп, 1 600-ден аса инфрақұры­лым­дық жоба жүзе­ге асы­ры­лған. Оның 132 мил­ли­ард тең­гесі Арна­у­лы мем­ле­кет­тік қор қара­жа­ты­нан бағытталды.

Мұн­дай көлем­де­гі қар­жы мен атқа­ры­лған жұмыс елдің ком­му­нал­дық инфрақұры­лы­мын­дағы маңы­зды өзгерісті көр­се­те­ді. Алай­да ресми есеп­те­гі толық қам­ту көр­сет­кі­ші әрбір үйге үздіксіз, бір­дей қысым­мен және бір­дей сапа­да су жет­кізіліп отыр деген­ді біл­ді­ре ме? Негіз­гі мәсе­ле осы сұрақтан басталады.

Үкі­мет жари­я­лаған деректер­ге назар аудар­сақ, ауыл­дар­ды сумен жаб­ды­қта­удың бір­не­ше тәсілі қол­да­ны­лған. Атап айтқан­да, 4 747 ауыл орта­лы­қтан­ды­ры­лған жүй­е­ге қосы­лған, 1 102 елді мекен­де суды тазар­та­тын блок-модуль­дер пай­да­ла­ны­лған. Тағы 219 шағын ауыл­да тұрғын­дар жеке ұңғы­ма­лар арқы­лы сумен қам­тыл­са, шалғай орна­ласқан 19 елді мекен­ге ауыз су тасы­мал­да­нып жеткізіледі.

Бұған дей­ін­гі ста­ти­сти­ка сумен жаб­ды­қтау сала­сын­дағы ілгеріле­удің қан­ша­лы­қты ауқым­ды болға­нын көр­се­те­ді. Су ресур­ста­ры және ирри­га­ция мини­стр­лі­гінің 2025 жылғы ақпан­да жари­я­лаған мәлі­метіне сәй­кес, 2020 жылы ел халқы­ның 93,8 пай­ы­зы сумен жаб­ды­қтау қыз­мет­тері­мен қам­ты­лған. 2023 жылы бұл көр­сет­кіш 97,8 пай­ы­зға, ал 2024 жыл­дың қоры­тындыс­ын­да 98,9 пай­ы­зға жет­кен. Сол кезең­де қала­лар­дағы қам­ту дең­гейі 99,4 пай­ы­зды, ауыл­дар­да 97,8 пай­ы­зды қамтыды.

Деген­мен ауыз су мәсе­лесінің екін­ші жағы бар. Ол – ондаған жыл бойы пай­да­ла­ны­лып келе жатқан инже­нер­лік желілер­дің тозуы. 2026 жылғы қаңтар­да жари­я­ланған Үкі­мет дере­гі бой­ын­ша, елде 9,5 мың шақы­рым­нан аса сумен жаб­ды­қтау желісі қай­та жаңар­ты­лып, кеңей­тіл­ген. Соның 1,8 мың шақы­ры­мы қала­ларға, 7,7 мың шақы­ры­мы ауыл­дық жер­лер­ге тиесілі. Нәти­же­сін­де су құбы­ры желілерінің тозу дең­гейі 38 пай­ы­зға дей­ін төмендеген.

Ауыз судың қол­жетім­ділі­гі мен сапа­сы­ның ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лы­қты тұрғын­дар­дың өтіні­ш­тері­нен де бай­қа­уға бола­ды. 2026 жылғы 13 қаңтар­дағы Үкі­мет оты­ры­сын­да мем­ле­кет­тік орган­дарға бір жыл ішін­де сумен жаб­ды­қтау мәсе­ле­лері бой­ын­ша шама­мен 70 мың өтініш түс­кені айтыл­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты әкім­дік­тер­ге аза­мат­тар­дың шағым­да­ры негізін­де тек­се­ру жүр­гізіп, қыз­метін тиісті дең­гей­де атқар­май­тын ұйым­дарға қаты­сты шара қабыл­дау тапсырылды.

Ауыз сумен қам­ту сала­сын­дағы тағы бір маңы­зды бағыт – қар­жы­лан­ды­ру­дың тиім­ділі­гі. 2026 жылға арналған жал­пы сипаттағы транс­ферт­тер шең­берін­де сумен жаб­ды­қтау және су бұру жүй­е­леріне 128 мил­ли­ард тең­ге қарас­ты­ры­лған. Оның 78 мил­ли­ард тең­гесі сумен жаб­ды­қта­уға, 50 мил­ли­ард тең­гесі су бұру жүй­е­леріне бағыт­та­луға тиіс.

Қаза­қстан­да су ресур­ста­ры­ның өңір­лер бой­ын­ша бір­кел­кі бөлін­бе­уі де бұл сала­ның күр­делілі­гін арт­ты­ра­ды. Мәсе­лен, Маңғы­стау облы­сын­да ауыз сумен қам­та­ма­сыз ету үшін теңіз суын тұщы­лан­ды­ру тех­но­ло­ги­я­ла­ры қол­да­ны­ла­ды. Үкі­мет­тің 2025 жылғы шіл­де­де­гі ақпа­ра­ты бой­ын­ша, Кас­пий су тұщы­ту зауы­ты­ның тәулік­тік қуа­ты 40 мың тек­ше метр­ге дей­ін ұлғай­ты­лған, ал Ақта­уда тәулі­гіне 12 мың тек­ше метр су өндіру­ге арналған тұщы­ту ныса­ны салынған.

Жал­пы, Қаза­қстан­ның бар­лық елді мекенін ауыз сумен қам­ту тура­лы ресми мәлім­де­ме – инфрақұры­лым­дық сая­сат­тағы маңы­зды кезең. Бірақ осы жетістік­тің шынайы баға­сы алдағы жыл­да­ры бел­гілі бола­ды. Егер жаңа жүй­е­лер тұрақты жұмыс істеп, тозған желілер уақы­тын­да ауы­сты­ры­лып, су сапа­сы ашық бақы­лан­са, жұм­салған мил­ли­ард­таған тең­генің нәти­же­сін тұрғын­дар күн­делік­ті өмірі­нен сезі­неді. Ал егер негіз­гі назар тек есеп­тік көр­сет­кі­ш­тер­ге ауда­рыл­са, сумен жаб­ды­қтау мәсе­лесі басқа сипатта қай­та көтерілуі мүмкін.

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн