Воскресенье , 15 ноября 2026

Теңге — тәуелсіздігіміздің қаржылық тірегі

Жыл сай­ын 15 қара­ша­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да елі­міздің қар­жы жүй­есі үшін айры­қ­ша маңы­зды екі мере­ке — Ұлт­тық валю­та, тең­ге күні мен Қар­жы­гер­лер күні қатар ата­лып өте­ді. Осы­дан 33 жыл бұрын, 1993 жылы айна­лы­мға еңген төл тең­ге­міз елдің эко­но­ми­ка­лық еге­мен­ді­гін айқын­даған басты сим­вол­дар­дың біріне айнал­ды. Бұл мере­ке бүкіл мем­ле­кет­тің эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лы­ғы мен даму жолын­дағы маңы­зды белес пен еңбек­ті мадақтау болып саналады.

Ұлт­тық валю­та­ның айна­лы­мға шығуы

Тәу­ел­сіздік алған алға­шқы жыл­дар­дағы өтпе­лі кезең мем­ле­кет алды­на аса күр­делі мін­дет­тер­ді қой­ды. Бұры­нғы ортақ қар­жы­лық жүй­енің күй­ре­уі, шек­тен тыс инфля­ция және ақша қара­пай­ым айна­лым­ның бұзы­луы ел эко­но­ми­ка­сын тығы­ры­ққа тіре­ген еді. Дәл осын­дай алмағай­ып заман­да мем­ле­кет­тік дер­бес­тік­тің басты атри­бу­ты өз валю­та­сын құру стра­те­ги­я­лық қажет­тілік­ке айналды.

1993 жылы 12 қара­ша­да Тұңғыш Пре­зи­дент­тің «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық валю­та­сын енгі­зу тура­лы» тари­хи Жар­лы­ғы қабыл­да­нып, 15 қара­ша­да тең­ге ресми түр­де айна­лы­мға түсті. Бұл қадам елі­міз­ге өз ақша-несие сая­са­тын дер­бес жүр­гізу­ге, инфля­ци­я­лық про­це­стер­ді бақы­ла­у­ға алуға және ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның ірге­та­сын қала­у­ға жол ашты. 

Тарихи қадам: Төл теңгенің дүниеге келуі

Кеңес одағы ыды­раған­нан кей­ін пай­да болған эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс пен асқы­нған инфля­ция жағ­дай­ын­да Қаза­қстанға өз алды­на дер­бес қар­жы жүй­есін құру ауа­дай қажет бол­ды. Тари­хи өзгеріс­ке жету­де­гі алға­шқы қадам­дар­ды атап өтсек, Тұңғыш банк­нот­тар мен моне­та­лар елі­міз­ден тыс жер­де (алға­шқы банк­нот­тар Ұлы­бри­та­ни­я­ның «Хар­ри­сон және сыно­вья» фаб­ри­ка­сын­да) басы­лып шығарылды.Алғашқы купю­ра­лар­да әл-Фара­би, Сүй­ін­бай, Құр­манға­зы, Шоқан Уали­ха­нов, Абай Құнан­бай­ұ­лы сияқты ұлы баба­ла­ры­мы­здың бей­не­лері бедер­леніп, халқы­мы­здың тарихы мен руха­ни­я­тын күл­лі әлем­ге паш етті.

Төл ақша­мы­здың руха­ни және тари­хи коды және дизайн­дағы сабақтастық

Тең­генің дүни­е­ге келуі тек қана эко­но­ми­ка­лық неме­се тех­ни­ка­лық опе­ра­ция емес, ол қазақ халқы­ның ғасыр­лар бой­ғы ұлт­тық сана­сын, тари­хи жадын жаңғыр­тқан ұлы руха­ни акт бол­ды. Банк­нот­тар мен моне­та­лар­дың дизай­нын­да елі­міздің өткені мен бүгіні, Ұлы Жібек жолы­ның көріністері, ұлт­тық өрнек­тер мен сәу­лет өнер ескерт­кі­ш­тері үйлесім тапты.

Бұл көрініс отан­дық валю­та­ның жай ғана айыр­бас құра­лы емес, әрбір аза­мат­тың бой­ын­да ұлт­тық мақта­ныш сезі­мін оята­тын мәде­ни құн­ды­лық екенін айқын дәлел­дей­ді. Әрбір жаңа серия шыққан сай­ын қаза­қстан­дық банк­нот­тар әлем­дік банк­нот инду­стри­я­сын­да өздерінің көр­кем­дік шешім­дері­мен жоға­ры бағаға ие болып келеді.

Эволюция және заманауи қауіпсіздік стандарттары

Жыл­дар өте келе тең­ге де заман тала­бы­на сай өзгеріп, тех­но­ло­ги­я­лық жағы­нан кемел­дене түсті. Бүгін­де Қаза­қстан­ның ақша бел­гілері әлем­де­гі ең жоға­ры қорға­ныс дең­гейі бар валю­та­лар­дың қата­ры­на кіреді.

Валю­та­мы­здағы қорға­ныс дең­гей­інің жоға­ры болуын­да бір­не­ше себеп­тер бар. Зама­на­уи банк­нот­тар түс өзгер­тетін эле­мент­тер­мен, голо­грам­ма­лар­мен, арнайы қорға­ныс жіп­тері­мен және көру қабілеті нашар жан­дарға арналған бедер­лі бел­гілер­мен жаб­ды­қталған. Бұл қол­дан жасау әре­кет­терін түбе­гей­лі жоюға мүм­кін­дік береді.

Оған қоса валю­та­мыз цифр­лан­ды­ры­лу­да: Қар­жы нары­ғы­ның жаңа дәуіріне сай ұлт­тық валю­та­ның цифр­лық фор­ма­ты дамы­ты­лу­да. Цифр­лық тең­ге есеп айы­ры­су­ла­ры­ның ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз етіп, озық фин­тех шешім­дер­мен инте­гра­ци­я­ла­нуға жол ашады.

Қаржыгерлер күні. Тұрақтылықтың кепілі

15 қара­ша тек ақша бел­гісі мен валю­та­мы­здың орны­ққан күнін көр­се­тетін мере­ке емес, соны­мен қатар ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның жүй­есін ұстап тұрған мың­даған қар­жы­гер­лер­дің, Ұлт­тық банк қыз­мет­кер­лерінің, сарап­шы­лар мен банк сала­сы маман­да­ры­ның кәсі­би мерекесі.

Қар­жы сек­то­ры­ның сапа­лы жұмысы мен жүй­елі моне­тар­лық сая­са­ты­ның арқа­сын­да Қаза­қстан түр­лі жаһан­дық эко­но­ми­ка­лық тұрақ­сыздық пен сынақтар­дан сәт­ті өтіп келеді.Тұрақты банк жүй­есі шағын және орта биз­не­стерінің дамуы­на, инве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­қтың артуы­на және аза­мат­тар­дың әл ауқа­ты­ның жақ­са­руы­на тіке­лей ықпал етеді.

Қорытынды

Ұлт­тық валю­та­мыз эко­но­ми­ка­мыз бен тарихы­мы­здың ажы­ра­мас бір бөлі­гі әрі тәу­ел­сіздің­гі­міздің айқын көрінісі,елдің эко­но­ми­ка­лық еге­мен­ді­гі мен тұрақты­лы­ғы­ның сим­во­лы. Жәй ғана төлем құра­лы неме­се ұағаз бен цифр­дын аста­рын­да ширек ғасыр­дан астам уақыт­тан бері өз баға­сы мен мәнін сақтап, даму­дың үлкен сынағы­нан өткен төл тең­ге­міз жатыр. Ұлт­тық валю­та­мыз елі­міздің гүл­де­нуі мен әрбір қаза­қстан­ды­қтың әл-ауқа­ты­ның артуы­на сенім­ді қыз­мет ете береді.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн