Апта аптығы

«ХАЛЫҚ БИЛІГІ» сайлауды кейінге шегеруді ТАЛАП ЕТТІ

Осы жылғы күзде құрылған «Халық билігі» қозғалысының (бастапқы атауы «Ел бірлігі») өкілдері билікке үндеу жолдап, 10 қаңтарға белгіленген мәжіліс және мәслихат сайлауын кейінге шегеруді талап етті. Сейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз жиыны кезінде қозғалыс мүшелері «тек билікті сақтап қалудың амалымен қабылданған сайлау мен саяси партиялар туралы заңнама халықтың қоғамдық мүддесіне қайшы …

Читать далее »

Қандастар КВОТАСЫ аз емес пе?

Қазақстанда қандастар мен қоныс аударушылар үшін 2021 жылға жоспарланған өңірлік квота белгіленді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі. «Белгіленсін: 1) 2021 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – 1 426 адам; 2) 2021 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – 6039 адам», – делінген Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің …

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН ТАҒЫ 1,6 млрд еуро ҚАРЫЗҒА БАТАДЫ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1,6 миллиард еуро қарыз алу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Қарыз коронавируспен күрес және ел экономикасын қалпына келтіру шараларына алынып отыр. Қараша айының соңында Қазақстан парламенті мәжілісі Азия даму банкі мен …

Читать далее »

НАҒЫЗ МАЙОР «Шал, кет!» деген талабынан ТАЙСАЛМАДЫ

8 қазанда Талдықорғанның қылмыстық істер жөніндегі сотында 68 жастағы оставкадағы ІІМ майоры Болатхан Жүнісовтің соты одан ары жалғасты. Полицияның зейнеткер офицері биыл екінші рет істі болып жатыр. Оған Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылып, сот шешімімен қызметіне тыйым салынған ҚДТ (ДВК) қозғалысының жұмысына араласты деген айып тағылған. Айыпталушы Жүнісов сотта адвокаты …

Читать далее »

КӨП БАЛАЛЫЛАРҒА берілетін жәрдемақы төлеу ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ МЕ?

Қазақстан үкіметі 2020 жылдан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақыны көбейтіп, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібін өзгертуді ұсынды, деп хабардайды «Азаттық». Бұл туралы 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Министрдің айтуына қарағанда, ұсыныс заң жобасы түрінде әзірленген. …

Читать далее »

ЖАҒДАЙ теңсіздіктен ТУҒАН

Теңіздегі проблема еңбек жағдайының әртүрлілігінен туындап отыр, деп мәлімдеді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.  «Бұл мәселе еңбек жағдайының әртүрлілігінен туындап отыр, бұл жүйелі мәселе, оны ТШО басшылығына да («Теңізшевройл» ЖШС), барлық мердігерлерге де шешу керек. Біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторлар біздің елдің аумағында жұмыс жасай отырып, заңнаманы, …

Читать далее »

«АБУ ДАБИ ПЛАЗА» тағы да ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ

Астанадағы «Абу Даби Плаза» нысанының жұмысшылары тағы да ереуілге шығып, еңбек жағдайлары мен жалақыны арттыру талабын қойды. Бірақ қала әкімдігі бұл шараны «митингі емес» деп, мәз болып отыр. Кеше «Абу Даби Плаза» кешенінің жұмысшылары құрылыс аумағының маңына жиналып, өздерінің еңбек жағдайларын жақсартуды талап етіп, бір сағаттық ереуілге шықты, деп редакцияға …

Читать далее »

АҚЫШЕВҚА қылмыстық іс ҚОЗҒАЛДЫ?

Тelegram желісіндегі @kazebitda арнасында Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды деп жазады Kaz.nur.kz. Әлеуметтік желінің мәліметінше, іске қатысты тергеу жұмыстарының аяқталуына аз қалды. Telegram-арнада жазылғандай, қылмыстық істің қозғалуына «Қазатомпром» акцияларына қатысты іс-әрекеттер себеп болған. Аталмыш акцияларды БЖЗҚ Лондон биржасында сатып алып, оларды KASE арқылы саудалай бастаған. Дереккөздің мәлімдеуінше, қылмыстық тергеудің тағы …

Читать далее »

ТЕҢІЗДЕГІ ТӨҢКЕРІС: себеп пен салдар

Атыраудағы Теңіз кенішінде бірнеше мың адамның қатысуымен орын алған оқиғаның мән-жайы бүгінде жалпақ елге мәлім болса керек. Ол оқиғаның егжей-тегжейін қысқаша ғана баяндау қажет болғанда, WhatSаpp желісі арқылы тараған мынау жазбаға жүгінуге болады: «Жалпы рацияның антеннасын сорып тұрған қыз – ол жәй ғана сылтау. Жалпы айтуға оңай. Бірақ бұны сол Теңіздің ішінде жүрген …

Читать далее »

Серікжанның жоқтығы ЖАНЫМЫЗҒА БАТТЫ

Астана қалалық мамандандырылған тергеу соты «Атажұрт еріктілері» ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің үйқамақ мерзімін 10 шілдеге дейін, яғни тағы бір айға созу туралы шешім шығарды. Еске сала кетейік, 2019 жылы 10 наурызда, түн ішінде «КНБ»-ның арнайы жасағы Серікжан Біләшті Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде жатқан жерінен ұстап, Нұр-Сұлтанға алып кеткен еді. Дәл …

Читать далее »
Республиканский еженедельник онлайн