Апта аптығы

Айттым сәлем, «ҚАЛАМҚАС»…

Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы өртке оранған «Қаламқас» кенішіндегі апатқа қарсы күресті тікелей бақылауына алатыны жөнінде өзінің Тwitter-аккаунтында хабарлады. «Үкіметке «Қаламқас» кен орнындағы төтенше жағдайды жою және өртті сөндіруге барлық қажетті шараны қолға алуды тапсырдым. Бұл сұрақ менің бақылауымда», – деп президент елге сәлем жолдады. Бірақ өрттің көлемі мен …

Читать далее »

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ТАҒЫ ДА ҚАМАУ: белсендісі екі айға абақтыға жабылды

Сейсенбі, 26 наурызда Жаңаөзен қалалық тергеу соты қаладағы жұмыссыз жастардың мәселесін көтеріп жүрген белсенді Ержан Елшібаевты екі ай қамауға алу туралы шешім шығарды. Ержан Елшібаев «бұзақылық» (Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы) бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікке ілініп отыр. Оны тергеу органдары «2017 жылы қалада болған төбелес кезінде бір адамның көзін …

Читать далее »

Арзан баспананы КІМДЕР АЛАДЫ?

19 наурызда Астанадағы үкімет үйіндегі баспасөз жиынында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жеңілдікпен баспана алу шартын таныстырды. Оның сөзінше, баспананы тұрақты табысы бар көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұялар мен толық емес отбасылар ала алады. – Біздің мақсатымыз – төлеуге қаражаты жететін, яғни ай …

Читать далее »

Лукашенко Ресейдің «СЫБАҒАСЫН» БЕРДІ

«Ресей Беларусь елін Батыстың құшағына өзі тықпалап берді», – деді еуропалық ұйымдармен интеграциялық құрылымдар және ынтымақтастыққа қатысты кеңесте Белоруссия президенті Александр Лукашенко. «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Беларусь Ресей тарапынан болып жатқан шектеудің салдарынан Батыспен серіктестікті нығайтуға мәжбүр. «Батыспен серіктестіктің орнауы біздің басты серіктесіміз – Ресей Федерациясының көңіліне жақпай қалыпты. Тіпті …

Читать далее »

Мешелге МЕШІТ мәніс пе?

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы бас мешітінің іргетасын қалады. Бұл Қазақстандағы ең үлкен мешіт болмақ. Сыйымдылығы жағынан «Хазрет Сұлтан» мешітінен асып түседі деп хабарлайды Kaz.Nur.kz. Ол сол жақ жағалауда, ЭКСПО-ның бас сферасымен бір тізбекте тұрады. Болашақ ғибадатхана – «Астананың Бас мешіті» деп аталатын болады. Сыйымдылығы 30 мың адамға …

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК АНАЛАР НАРАЗЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Шымкентте 12 наурызда отыз шақты көп балалы аналар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ғимаратының алдында жиналды. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесуді талап етіп тұрған олар «Бір сағаттың ішінде әкім келмесе, Тәуке хан көшесін (Шымкенттегі орталық көшелердің бірі – Ред.) жабамыз!» – деді. Наразылар арасында баласымен келгендер де …

Читать далее »

Света Айтбаева: ДИМАШТЫ ДАТТАУ – ӨРЕСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Қанат пен Света Айтбаевтар «Қарақатпен шай» бағдарламасына келіп, ұлына теріс пікір білдірген адамдарға деген көзқарасын айтты, деп хабарлайды Nur.kz. Бағдарламаны жүргізуші Қарақат Әбілдина Димаштың ата-анасына: «Дүние жүзі мойындап жатқан Димашты кезінде өнердегі ағалары сынға алғаны бар. «Шыңғырып ән айту өнер емес» деп пікір білдірген. Сол ағалардың сөздерін сіздер қалай қабылдадыңыздар? Димаш қалай …

Читать далее »

Әкімшіліктегілерге ПАРА АЛУДЫҢ жаңа көзі ашыла ма?

Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәжілістің кеше – 13 наурызда өткен жалпы отырысынан соң журналистер сұрағына жауап беріп, атаулы әлеуметтік көмек алу заңнамасына өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq.org. Вице-министрдің сөзінше, атаулы әлеуметтік көмек алатын әрбір отбасы «бүгінге дейін үш ай сайын табысының өзгермегенін растап, …

Читать далее »

МЕРУЕРТТІ «үлкен кісі» СҮЙГЕН ЕКЕН

Жуықта Қайрат Нұртастың туған күніне қатысқан Меруерт Түсіпбаева көңілді кеште ұзақ отыра алмады: сүйген адамы оған жарты сағат қана уақыт берген екен. Жасы үлкен болғандықтан, ол кісіні күттіріп қоя алмайтынын айтыпты.  «Мені далада бір адам күтіп тұр, 30 минут қана берді. Осы уақытта мен далаға шығуым керек. Ол менен үлкен …

Читать далее »

«НАЗАРБАЕВ КЕТСІН!» – әкімдікке келген аналар осылай деді

4 наурызда Алматыдағы Наурызбай ауданы әкімдігі алдына бірі – көп балалы, бірі – жалғызбасты, кейбірі екі-үш балалы отыз шақты ана келген. Оларды әкімдік өкілдері «үкімет бағдарламаларындағы жеңілдіктерді түсіндіру үшін жиналысқа шақырған». Түстен кейін жинала бастаған аналарды полицейлер бақылап тұрды. Жиынға барған «Азаттық» тілшілерін полиция мен әкімнің орынбасары аудан әкімдігінің ғимаратында …

Читать далее »
Республиканский еженедельник онлайн